400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.1 сынып. Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар. "Біз қалай тамақтанамыз?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ қысқа мерзімді жоспар бастауыш сыныптың 1 сынып дүниетану пәнінің "Біз қалай тамақтанамыз?" тақырыбына жазылған.Барлық оқушылар орындай алады: Ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тағам және сусын түрлерін ажыратып айтады. Кейбір оқушылар орындай алады: Бұрынғы мен қазіргі кезеңдегі адамдардың тамақтану айырмашылығын анықтайды, салыстырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: Дүниетану

Мектеп: №33 орта мектеп

Ортақ тақырып: Тағам және сусын


Күні:

Мұғалімнің аты: Жакипбаева Ж.Т.

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Біз қалай тамақтанамыз?


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.

1.1.4.2. Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тағам және сусын түрлерін ажыратып айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Бұрынғы мен қазіргі кезеңдегі адамдардың тамақтану айырмашылығын анықтайды, салыстырады.

Бағалау критерийлері

1. Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелейді.

2. Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар бір-бірімен сұхбаттасу, әңгімелесу,талқылау,пікіралмасу барысында тірек сөздерді қолдану дағдыларын дамытады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Тағам - еда –food; сусын – напиток - drink

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Шөл даланың наны деп нені атайды?

2.Қымыз туралы не білесің?

3. «Қазақстанда жасалған» деген жазуды қайдан көрдің?

4.Ежелгі адам деп кімдерді айтамыз?

5.Қымыздың адам денсаулығына шипасы бар ма?

6.Дәруменге бай қандай тағамдарды білесіңдер?


Құндылықтарды дарыту

Татулыққа, достыққа, ұқыптылыққа, дұрыс тамақтануға, денсаулықты күтуге, бір –бірінің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

«Кезбе тілші» әдісі

(Тамақ, азық – түлік, дүкен) тірек сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

ресурстар


Басы




«Психологиялық ахуал

Топқа бөлу, алма, сүт, нан суреттері бойынша карточкалар арқылы топқа бөлемін.

«Миға шабуыл». Әр топ өз топтарының атауына байланысты қысқа мәлімет беріп өтеді.

І топ: ІІ топ: ІІІ топ:

Карточкалар


Суреттер

Ортасы





Жаңа сабақ:

Жұмбақ жасыру.

1.Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас.

(Таба нан)

2. Әрі сусын, әрі дәрі,

Емге ішеді жас пен кәрі.

Малдың сүті , елдің құты,

Деп бағалар жұрттың бәрі.

(Қымыз)

«Ойлан-жұптас -бөліс» Суретке қарап ежелгі және қазіргі адамдардың тіршілігін салыстыр.

Дескриптор:

1.Сурет бойынша зерделеп, алғашқы адамдардың тіршілігі туралы әңгімелейді.

2. Ежелгі және қазіргі адамдардың тіршілігіндегі айырмашылы-

ғын салыстырады, ажыратады.

Кері байланыс: «Бас бармақ »

ҚБ. «Жұлдызшалар»

«Өкіл» әдісі.

Оқулықтағы 71- беттегі мәтінді бір оқушыға оқытамын. Мәтінді топтасып талқылайды. Әр топтан бір оқушы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы басқа топтың ойын, бір шешімге келгенін білу үшін барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді.

Дескриптор:
1.Мәтінді мазмұндайды, талқылап әңгімелейді.
2.Ет өнімдерінің пайдасын анықтап айтады
.

Кері байланыс: «Басбармақ »

ҚБ. «Жұлдызшалар»

Сергіту сәті:

Сергіту сәті «Ой сергек!»

Видеодағы әуен ырғағымен қимылдар жасап билеу.

«Жұптық жұмыс»

Суреттегі тағам мен сусынның айырмашылығын анықта.

Дескриптор:

  1. Тағам мен сусынның айырмашылығын анықтап табады, сипаттайды.

  2. Таңертеңгі ас мәзірі туралы әңгімелеп айтады.

  3. Тамақтану режимін сақтау керектігін әңгімелейді, түсінеді.

Кері байланыс: «Бас бармақ »

ҚБ. «Жұлдызшалар»

Қосымша деректер: Сен білесің бе?

Қымыз емдік сусын, оны бие сүтінен жасайды. Қымыздың шипалық және емдік қасиеттері ерте заманнан белгілі. Қымыз ел арасында ғажайып қасиеттерімен кеңінен тараған сусын. Қымызды қолдану арқылы асқазан, өкпе, бауыр, т.б. ауруларды емдеуге болады. Сонымен қатар қымызда дәрумендер өте көп, және керемет салқындататын дәмі бар. Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларына және де ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр.

Модельдеу.Ж.

Бұл тапсырманы рөлдік ойынға бөлу арқылы өткіземін. Балалар ермексаздан әртүрлі жемістер, тағамдар жасайды, сахналап көрсетеді.

Түскі ас мәзірін қалай дайындасақ болады?

  1. Достарыңды қонаққа шақырасыңдар ма?

  2. Қонақ келгенде қандай сөздер айту керек?

Дескриптор:

1. Түскі ас мәзірін құрастырады, тірек сөздерді қолданып, сахналайды.

2.Достары туралы әңгімелейді.

3.Қонаққа сыпайы сөздер айту туралы біледі,айтады.

Кері байланыс: «Бас бармақ»

ҚБ. «Жұлдызшалар»

Дәптермен жұмыс:

Picture 2 Picture 1

Дескриптор:

1. Таңғы асқа ішетін тағам мен сусынның суретін салады.

2. Отбасына арнап бір күндік ас мәзірінің суретін салады, әңгімелейді.

Кері байланыс: «Бас бармақ»

ҚБ. «Жұлдызшалар»



Флипчарт

Бейнетаспа

(www.izden.kz)

Оқулық


Суреттер






















































Үлестірмелі қима қағаздар





Қымыз жасалу жолы бейнеленген суреттер

Ермексаз










Жұмыс дәптерлері

Соңы



Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Модельдеу

Барлық оқушы орындай алады:

Түрлі жемістерді атайды, модельдейді

Көпшілігі орындай алады:

Түскі ас мәзірін құрастырады, тірек сөздерді қолданады

Кейбір оқушы орындай алады:

Түрлі этикет сөздерді қолданады, сахналайды


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау парағы,

«Жұлдызшалар»

Пәнаралық байланыс –денсаулық және қауіпсіздік, көркем еңбек, жаратылыстану,

АКТмен байланыс, проектр, бейнетаспа.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Ауызбіршілікке, достыққа, ұқыптылыққа, дұрыс тамақтануға, денсаулықты күтуге,бір-бірінің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
981
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі