Материалдар / Ашық сабақ,1 сынып "Мен және менің мектебім",Дүниетану.

Ашық сабақ,1 сынып "Мен және менің мектебім",Дүниетану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 1 сынып мұғалімдеріне өте пайдалы.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Пәні:Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Өзім туралы

Тақырыбы: Мен және менің мектебім

Күні: 01.06.2018ж.

Педагогтің аты-жөні: Оразова С.Ж.

сынып: 1

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

1.1.2.1.Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;


Сабақтың мақсаты:

Барлық тəрбиеленушілер:

Өз мектебі туралы айта алады. Мектептің маңызды екенін айта алады. Өзінің мектеп оқушысы ретінде сипаттай алады.

Көптеген тəрбиеленушілер:

Мектептің адам өміріне деген маңыздылығын айта алады. Мектепте кімдер жұмыс істейтінін және олардың қызметі туралы айта алады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Мектептің адам өміріне деген маңыздылығын мысал келтіре отырып сипаттай алады. Өзін мектеп оқушысы ретінде сипаттай алады. Кітапханана қызметін пайдалануды сипаттай алады.

Бағалау критерийлері:


Өз мектебі туралы біледі.Мектепте кімдер жұмыс істейтіні және олардың қызметі туралы біледі.Оқушыға тән ерекшеліктерді атайды.Қітапхана қызметін пайдалануды үйренеді.Мектептің адам өміріндегі маңыздылығы туралы қорытынды жасайды.Мектептің адам өміріндегі рөлін сипаттайды.


Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

-Кітапханашы, аспаз, мұғалім, дәрігер.

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Кітапханаға барып бақылау жасап көрдіңбе?

Кітапханашы не істейді?

Кітапханаға келушілер не істейді?

Өзіңе ұнайтын кітапты ал.

Кітапханада уақытыңды қалай өткіздің? Әңгімелеп бер.

Сен білесің бе?

Суретте кімдер бейнеленген?

Сен мектепке барып оқушы болдың. Өміріңде не өзгерді?

Құндылықтарды дарыту

Айналасындағы достарына және ұжымдастарына құрметпен қарау;

Жауапкершілікті сезінетін, өмір бойы оқуға дайын болатын жеке тұлға тәрбиелеу;

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.Кітапханаға зерттеу жүргізуге берілген тапсырманы орындаған кезде оқушыларға мынадай сұрақтар қоюына болады: «Неліктен кітапханада барлығы сыбырлап сөйлеседі?», «Қатты дауыстап сөйлеу кітапханада отырған оқырманға қалай әсер етуі мүмкін?» «Сен білесің бе?» айдары  

Алдыңғы білім

Оқушылар сурет бойынша әңгіме айта алады. Мектеп туралы айта алады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басы

5мин



3 мин









1мин













1мин


МК.Ұйымдастыру кезеңі

Ширату

«Орныңды тап» әдісі.

«Мұғалім» «Дәрігер» «Кітапханашы» «Аспазшы»

Оқушылар орындыққа шеңбер болып отырады.Мұғалім оқушыларды отырған ретімен мамандар атауымен санап шығады. «Мұғалім» «Дәрігер» «Кітапханашы» «Аспазшы» деп. Осыдан кейін мұғалім бір немесе бірнеше маманның атын атайды. Сол кезде маман иесі аталған оқушылар орнын ауыстырады.Ал мұғалім бос орынға отырып алады, Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып ойынды жалғастырады.

Топқа бөлу: «Сиқырлы суреттер» әдісі.

Сурет таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.

1-топ «МҰҒАЛІМ» тобы

2-топ «ДӘРІГЕР» тобы

3-топ «КІТАПХАНАШЫ» тобы

4-топ «АСПАЗШЫ» тобы

«Ғажайып видио»

Видиороликтен мектеп, мектептегі мамандық иелері туралы суреттер көреді.

Кері байланыс: «Сұрақ-жауап» әдісі

1.Аспазшы деген кім?

2.Осы мамандар ішінен саған қай мамандық ұнайды?

3.Дәрігердің қызметі не?

Тілдік құзыреттілік қалыптастыру: Мұғалім,дәрігер,кітапханашы,аспаз.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Өз мектебің туралы білетін боласың;

Кітапханадан кітап алып оқуды үйренесің;



Мектепте жұмыс жасайтын маман иелерінің суреттері,орындық








Қиылған маман иелерінің суреттері




Ортасы

25 мин

6 мин



1 мин

МК.Ұжымдық жұмыс: «Суреттер сөйлейді» әдісі.

Суретке қара және әңгіме құра.

Суретке қарап әңгіме құрайды.

Кері байланыс: «Сұрақтар жаңбыры»әдісі.

-Суретте кімдер бейнеленген?

-Олар қайда келе жатыр?

-Келесі суретте не көріп отырсыңдар?

-Сынып бөлмесінде кімдер бар?

-Мұғалім қандай қызмет атқарады?

Тілдік құзыреттілік қалыптастыру: Мұғалім.


Бағалау: ЖАРАЙСЫҢДАР!





5мин















1мин











4 мин





1мин





3мин



1мин










2мин




1мин



























5мин

Топтық жұмыс: «Ойлан тап» әдісі

Топтың мүшелерін тағайындап алу.

Капитан-топтағы іс-әрекетті қадағалап отырады.

Хатшы- берілген тапсырманы баяндайды.

Уақыт сақшысы- топтағы уақытты қадағалап тұрады.

Бақылаушы- іс-әрекетті нақтылап тұрады.

Топтық жұмысқа дайындалған бірдей суреттерді қара және берілген тапсырманы орында.

1-топ: Суреттегі мамандықтардың аттарын атайды.

2-топ: Мектеп қызметкерлерін қоршайды.

3-топ: Мұғаліммен оқушының суретін белгілейді.

4-топ: Кітапханашының суретін табады.

Тілдік құзыреттілік қалыптастыру: Мұғалім,кітапханашы.


Кері байланыс: «Аквариум» әдісі

Аквариумдағы балықтарды қармақпен іліп алып балықтағы сұрақтарға жауап бер.

1.Қандай мамандық иелерін білдің?

2.Кітапханашының қызметі қандай?

3.Осы маман иелері кімдер үшін жұмыс жасайды?


Бағалау: «Бас бармақ» тәсілі бойынша топ бір-бірін бармақпен бағалайды.



Ұжымдық жұмыс: «Сен білесің бе?» әдісі

Сен білесің бе? Қазақстанда алғашқы мектепті кім ашқаны туралы.

Оқушылар бұрын Ыбырай Алтынсарин туралы естіген болуы мүмкін. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі оқып беріледі.

Кері байланыс. «Сұрақтар жаңбыры»әдісі.

  1. Ыбырай Алтынсарин деген кім?

  2. Қазіргі мектеп пен бұрынғы мектепті қалай байланыстырасың?

Бағалау: Жарайсыңдар!!!

Жұптық жұмыс : «Кім болам?»

Берілген суреттегі мамандықтарға мұқият қара және жұбыңмен

талқыла.Ұсынылған мамандық бойынша жұбыңмен диалог жаса.

Жұпта мамандық бойынша әңгімелеседі.

Кері байланыс: «Ыстық микрафон» әдісі

Ыстық микрафон қолдарына тиген бойдан сұраққа тез жауап береді.

1.Болашақ кім болғың келеді?

2.Ол мамандық не үшін ұнайды?

3.Осы мамандық илері сенің отбасыңда бар ма?

Бағалау: «Бас бармақ» тәсілі

жұптар бір-бірін бармақпен бағалайды.


Жеке жұмыс: «Орындап көр!» әдісі

Сурет пен сөзді сәйкестендір.

Оқушылар кім қайда жұмыс істейтінін табады.


Кері байланыс: «Қарлы кесек» әдісі.

  • Қандай мамандық иелерін білесің?

  • Қандай мамандық иесі болғың келеді?

Тілдік құзыреттілік қалыптастыру: Мұғалім,дәрігер,кітапханашы,аспаз.

Бағалау: Әр оқушы өзін бағалайды.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.

Суреттерге мұқият қара. Олардың бір-бірімен қандай байланысы бар?

Жұпта талқылаңыз:  Оқушылар мектепке не үшін барады?  Өлең жолдарын тыңдап, ойыңызбен бөлісіңіз.

Мектебің мынау класың, Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың!

(М.Мақатаев)

Оқушы суреттердің байланысын анықтайды.Мектептің рөлі туралы ойын айтады. Өлең жолдарына сүйеніп, ой бөліседі.


Сараланған тапсырмалар: Топтағы және жұптағы оқушыларға сараланған тапсырмалар беріледі.

  1. Тапсырма: Суретке қарап сәйкестендір.

Мектепке бару үшін қандай заттарды салу керек?

  1. Тапсырма: Суреттерге мұқият қара. Олардың бір-бірімен қандай байланысы бар екенін тап.


Рефлексия: Мектеп,мұғалім,кітаптың суреті ілінеді.

Мектептегі өздеріне ұнаған мамандық иелерін суреттерге әкеліп жапсырады.

Мектеп- жақсы түсіндім.

Мұғалім- түсінбеген тұстарым бар.

Кітап- түсінбедім


Оқушылар:

-Мектепте мұғалімнен басқа кітапханашының, дәрігердің, аспаздың қызмет атқаратынын;

-Әр қызметкер белгілі қызмет атқаратынын және тиісті бөлмеде жұмыс істейтінін;

-Өз бетінше бақылау жүргізі арқылы кітапхана қызметін қалай пайдаланатынын біледі.



Аквариум,қармақ,балықтар.



Ыбырай Алтынсаринның портреті


Микрафон







Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың ойлау қабілеттеріне және қабылдау қабілеттеріне байланысты топтық және жұптық жұмыста саралау тапсырмаларын қолдандым.











Оқушыларды бағалауда әр кезеңде әр түрлі әдістер қолдандым.

Ұжымдық жұмыста «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс арқылы ішкі уәждерін шығарып, бас бармақ әдісі арқылы бағаладым. Оқушылар өз мектебі туралы біледі және мектептегі түрлі мамандықтарды сипаттай алады.

Кітапханадан кітап алып оқуды үйренеді.. Топтық жұмыста «Сұрақтар жаңбыры»әдісі қолдана отырып оқушылардың байқағыштық қабілеттерін аша білдім. Оқушылардың берген жауаптарын толықтыру үшін түрлі сұрақтар қойып,бас бармақ әдісі арқылы бағаладым. Жұптық жұмыста «Ыстық микрафон» әдісі арқылы әр оқушылардың диалогке түсе білу дағдысын қалыптастырдым.

Бұл үшін оқушылар кім қайда жұмыс істейтінін таба білді. Бұл тапсырманы оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендерін байқауға қолдандым.


Әрбір белсенді тапсырмалардың алдында оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырып отырдым.

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

- Оқу мақсаты SMART мақсатқа негізделген.

-Мектепте мұғалімнен басқа кітапханашының, дәрігердің, аспаздың қызмет атқаратынын,әр қызметкер белгілі қызмет атқаратынын және тиісті бөлмеде жұмыс істейтінін,өз бетінше бақылау жүргізу арқылы кітапхана қызметін қалай пайдаланатынын біледі.

- Сыныпта белсенді тапсырмалар арқылы белсенді орта қалыптастыра білдім.

- Жоспарланған саралау тапсырмалары өте тиімді болды. Өйткені сараланған тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін аша білдім.

- Берілген уақыт ішінде түрлі жұмыстар орындалып,уақыт тиімді пайдаландым.

-Тиімді әдістерді таңдай отырып жоспарыма өзгеріс енгізіп отырдым. Себебі тиімді әдістер бүгінгі оқу мақсатыма жетудің бірден-бір жолы.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1. «Суреттер сөйлейді» әдісім тиімді болды.Өйткені осы әдіс арқылы бүгінгі оқу мақсаты ашыла түсті.

2.«Кім болам» әдісім тиімді болды. Өйткені осы әдіс арқылы оқушылар мамандықтар жайлы көп ақпарат ала отырып,өзі келешекте кім болатыны жайында айта білді.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1. Ұйымдастыру кезеңінде көрсетілген мамандықтар туралы видеоролик сабақты жақсарта алды.

2. Сабақта ұйымдастырылған топтық және «Сен білесің бе?» айдары сабақты жақсарта түсті.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Осы сабақ барысында түрлі әдістерді пайдалану арқылы өз табысқа жете алдым. Әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың қабілеттерін аша білдім және ол менің сабағымның тиімді өткізуіне жол ашты.







04 Қараша 2018
1798
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі