400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.2 сынып.Көркем еңбек. Салт -дәстүрді зерделеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы ұсынып отырған қысқа мерзімді жоспарым көркем еңбек пәні мұғалімдеріне көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 С - Бөлім: Салт-дәстүрлер және фольклор

Мектеп: №4

Күні: 12.02 , 13.02

Сынып: 2 «А», «Ә,Б»

Мұғалімнің аты-жөні: Қасымова.Ә.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Салт дәстүрді зерделеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.2

Қазақстан халықтарының қолданбалы өнерінің негізгі элементтерін (ою-өрнектер,түстер,материалдар)анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

  • Қолөнер, өнер туындыларын зерделеу;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Өз идеялар мен ойларын шығармашыл түрде ұсыну;

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

  • Көркем композиция жасау.

Бағалау критерийлері

  • Қолөнер, өнер туындыларын зерделейді;

  • Өз идеялар мен ойларын шығармашыл түрде ұсынады;

Көркем композиция жасайды.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

кілемдер, сөмкелер, қалпақтар, киіздер, тоқыма

визуальды мотивтер, өрнектер, түстер, белгілер;

ою-өрнектер: қошқар мүйіз, су, береке, сынық мүйіз, гүлдер, молшылық, өрмекші, жын, тұмар, шаңырақ, қабырға, қорғаныш

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Материал қалай деп аталады?

Ол қалай жасалған?

Ол нені білдіреді?

Құндылықтарды

дарыту

Топтарда бір-бірімен қарым-қатынас және ортақ шешім таба білу, қабілетін жұмыс істеуге дағдыларын дамыту. Сөз сөйлеу қабілетін дамытады. Эстетикалық және көркемдік талғамын, шығармашылық белсенділігін дамыту. Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет.

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихы пәні мен байланысты - біздің ата-бабаларымыз мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер.

Бастапқы білім

Оқушылар үйренгендерін, шығармашылық жұмыста қолданылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы





  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.

  2. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

  3. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсаттары мен таныстыру:

  • Қолөнер, өнер туындыларын зерделеу;

  • Өз идеялар мен ойларын шығармашыл түрде ұсыну.

  • Көркем композиция жасау.


АКТ- презентация


Сабақтың ортасы





























































  1. Жаңа сабақты түсіндіру.


Халықтық сәндік-қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды.

Қазақ қол өнерінің насихаттаушылар негізінен 4 топқа бөлінеді.

Ұсталар-

Зергерлер-

ағаш шеберлері-

ісмерлер-

Ою - өрнектердің орналасуының зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппенен кезектесіп отырмаса, өрнек әлсіз нашар болып отырады. Бояу мен түсті таңдап пайдалануда қазақ халқының этнографиялық тарихымен логикалық ұғымы өте терең.
Көк түс - аспанның символы
Қызыл түс - оттың, күн көзінің символы
Сары түс - ақыл парасаттың символы
Қара түс - жердің символы
Жасыл түс - жастықтың символы

Бұйымды оюмен әшекейлеу барысында төмендегі ережелерді сақтау керек.
1 - Салынатын өрнек әрқашан бұйымның көлемімен оның пішініне сәйкес келуі тиіс.
2 - Өрнекті композиция негізге бұйымның түстік фонының өрнектеріне сәйкес келуі, яғни бір - бірімен жарасымды болу керек.
3 - Өрнектер бір - бірімен тепе - теңдікте болуы шарт.
4 - Түрлі түстер арқылы өрнекті композицияның ортасы, шеті, фоны анықталады.

«1. Өсімдік типтес ою-өрнек («жапырақ», «үш жапырақ», «шиыршық», «ағаш»);

2.Зооморфтық ою-өрнек (жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері) «арқар», «қошқармүйіз», «қосмүйіз», «сынық мүйіз», «қырықмүйіз», «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты», «құсмұрын», «итқұйрық», «құс қанат».

3. Түрлі фигураларға ұқсас («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз») т.б


1-тапсырма . Топпен жұмыс. Зерттеу.


/Әр топқа қолөнер бұйымдары бейнеленген карточкаларды бөліп беремін/


Қазақстанның бірқатар дәстүрлі бұйымдарын талқылауды сұраймын:


Көрсетілген заттар қалай аталады?

Оларды тұрмыста не үшін қолданады?

Олар қалай безендірілген?

Олар қандай материалдардан жасалған?


Бағалау: Топтар бірін –бірі бағалайды. «Қошеметтеу»

Дескрипторлар:

  • Заттардың түрлерін,олардың не үшін жасалғанын айтады;

  • түстерді, өрнектер мен текстураны сипаттайды;

  • қазіргі кезде бұл затты пайдалынады ма, пайдаланылса қандай мақсатта екендігін айта алады.


2-тапсырма: .Жұптық жұмыс. «Адасқан сурет» әдісі.

Суреттерді сол бұйымдарды жасаған өнер адамдарымен сәйкестендір


Шебер

Ісмер

Зергер

Ұста

Бағалау: Бағдаршам әдісі

Дескрипторлар:

* Қолөнер бұйымдарын ажыратады;

* Қолөнер, туындыларын зерделейді;

* Бұйымдарды сәйкестендіреді


3-тапсырма: Шығармашылық жұмыс.Нысаны – жеке.

Қазақтың таңба- үлгілерін пайдалана отырып, өз үлгіңізді жасаңыз.

Оқушылардан белгілер, түстер туралы білімдерін пайдалана отырып, Қазақстан мәдениеті негізінде көркем композиция жасауды сұрау.

Жұмысты аяқтаған соң, оқушылар жұмысын таныстырады және талқылайды. Өз эмоцияларымен және сезімдерімен бөлісіп, осы өрнек түрін қай жерде (тұрмыстық заттар, киімдер және т.б.) қолдануға болатынын талқылайды.

Бағалау: Смайликтер арқылы.

Дескрипторлар:

  • түстер, үлгілерін және құрылымын сипаттады;

  • қағаздан ою ояды;

  • белгілер, түстер туралы білімдерін пайдалана отырып, көркем композиция жасайды.

Материалдық мұра бұйымдары және таңдалған тоқыма бұйымдарының бейнеленуі





Сурет салуға арналған құралдар мен материалдар, альбомдар

Тоқыма кілем суреттері:


Кілем және тоқыма



АКТ- презентация





























Тарату материалдары








Сабақтың соңы



Рефлексия: «Жеміс ағашы»

Қызыл алма – Сабақ өте үнады.

Сары алма – маған сабақ ұнады, бірәқ мен бәрін үлгерген жоқпын.

Жасыл алма – менің ішім пысты және жұмысты орындаған жоқпын.





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау: Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.
Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау жасайды.



Сұрақ жауап, өзін-өзі талдау. Бір-бірін бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі