400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:3D панора және виртуалды тур

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме) 11.2.4.3 - бірінші тұлға көрінісі бар 3D панорама жасау (виртуалды тур)
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. 3D модельдеу

Мектеп:Темірбек Қожакеев атындағы№ 39 ЖОББМГ


Күні: 22.11.2021жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Умирзакова Дина Турганбаевна

Тел: 87029162141

Эл.почта: dina_bauka1986@mail.ru

Сынып: 11

Қатысқандар: 8

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

3D панорама және виртуалды тур

Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)

11.2.4.3 - бірінші тұлға көрінісі бар 3D панорама жасау (виртуалды тур)

Сабақтың мақсаты

Бірінші тұлға көрінісі бар 3D панорама жасау (виртуалды тур)

Бағалау критерийлері

Виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін біледі;

Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімді таңдай алады;

Виртуалды тур және 3D панораманы жасай алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: 3D панораманың ерекшеліктері туралы айтып бере алады.

Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: панорамалық фотосурет, сфералық панорама, 3D панорама, виртуалды тур.

Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:

  • Виртуалды тур дегеніміз – …

  • Сфералық 3D панораманың артықшылықтары … • ... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.

Құндылықтарға баулу


  1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

  2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

  3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.

  4. Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі


Алдыңғы білім

Виртуалды және кеңейтілген шынайылық

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 7 мин.


Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Қызығушылықты ояту: «Шашу» әдісі (оқушыларға ақылды,әдемі сөздермен тәтті таратылады) арқылы оқушылардың көңіл күйлерін көтеру, сабаққа қызығушылығын ояту.Яғни, сабақтың ашылуына оқушылардың зейінін арттыру.

Білімді тиянақтау: «Талдау» әдісі Алдыңғы сабақта сынып «Виртуалды шындық» және «Кеңейтілген шындық» болып 2 топқа бөлінген. Екі топ уйге берілген тапсырманы ғылыми жұмыстарын ортаға шығып талдайды.

Дескриптор

1.Виртуалды және кеңейтілген шындық мазмұнын саралай алады

2.Қолданыстағы түрлерін біледі

3.Виртуалды шындықтың пайдасы мен зиянын салыстыра алады.


Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім «Quizlet» программасы арқылы тапсырма береді. Оқушылар үялы телефондарына алдын ала «Quizlet» бағдарламасын жүктеп алады,ұсынған QR код арқылы тапсырмалар тақтасына кіріп сұрақтарға жауап береді. Орындаған оқушыға бұл программа баллдық жүйесі арқылы бағалайды.

Дескриптор

1.Жасанды интелект түрлерін біледі.

2.Нейрондық желілердің түрлерінің жіктелуін біледі.


Онлайн ресурс

http:foto360.kz/vtour/ astana/

«Quizlet» программасы

Kahoot программасы

Сабақта қолдану құрылғылар: Интер белсенді тақта, ноутбук,ұялы телефондар



– Бүгінгі сабақтың тақырыбы не? - Панорама 360 деген не?


Сабақтың ортасы 26 мин.


Мұғалім бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады: виртуалды тур;

  • 3D панорама дегенді;

  • виртуалды тур және 3D панорама жасау үшін қандай программа таңдауды;

  • виртуалды тур және 3D панораманы қалай жасау керек екенін білетін боласыңдар.

Мұғалім өз сөзімен түсіндіреді және бейнеролик арқылы толығырақ мәлімет береді.

  • 3D панорама дегеніміз не, олардың түрлері, қандай салаларда кеңінен пайдаланылады 3D панорама жасаудың қанша кезеңге бөлінетіні туралы түсіндіріп кетеді

  • Виртуалды тур және 3D панорама жасау үшін қандай программа таңдау,

виртуалды тур және 3D панораманы қалай жасау керек екенін бейне ролик арқылы көрсетеді

3D-панорама – компьютер мониторында көрсетуге бейімделген қоршаған ортаның 360 градустық бейнесі.

3D-панорама – бұл сфераға немесе текшеге проекцияланған панорамалы фотосурет, оны шолу нүктесін қозғалту арқылы қарауға болады.

3D-панораманың түрлері

Жазық панорама- бірнеше кадрдан құралған қарапайым кеңформатты фотосурет 

Сферафлық панорама – Көлденеңінен 360 градус және 180-градусты қамтиды.

Цилиндрлік панорама – Панорама айналадағы барлық көрінетін кеңістікті көрсетеді

Көлденеңінен 360 градус және 180—нен төмен градусты ғана қамти алады.Мұндай панорама біріңғай цилиндрді қалыптастырады, сақина тәріздес желімдейді.

Текшелі панорама – Панорама текшенің ішкі жағына проекцияланады.

Виртуалды тур (3D-тур) - 3D панорамадан басқа панорамаға өтуге мүмкіндік беретін «белсенді аймпқтар» кешеніне біріктірілген , әртүрлі 3 D панорамалар жиынтығы


3D-панораманы жасау кезеңдері


1. 3D-панорамаға фототүсірілім жасау. Бір виртуалды панорама жасау үшін камераның әртүрлі көлбеу бұрышында түсірілім серия­сын жасайды. Түсіру арнайы панорамалы бастиекпен жүргізіледі, ол фотоаппаратты тармақ (нодальді) нүктесінің айналасына айналдырады. Бұл 3D-панораманы біріктіру үшін жасалады.
​
2. 3D-панораманы біріктіру. Біріктіру арнайы бағдарламалық қамтамасыз етілімде жүргізіледі. Мұндай біріктіргіш бағдарламалар бүгінде өте көп, әрбір бағдарламада бейнелерді біріктірудің ерекше технологиясы және жасалатын бағдарламалардың өзіндік форматы пайдаланылады, ал біріктіру автоматты түрде, қолмен немесе аралас режимде жүргізілуі мүмкін. 
Барлық фотосуреттерді біріктіргеннен кейін,​ бағдарлама эквидистанттық проекцияда бір графикалық файлды жасайды. Оны JPG, PNG, TIFF, BMP, т.б. пішімінде сақтауға болады.
​
3. Фотосуреттерді өңдеу. Сапалы түсірілген және біріктірілген 3D-панорама қосымша өңдеуді қажет етпейді. Ал қажет болған жағдайда оны кез келген графикалық редактормен жасауға болады.
​
4. Графикалық файлды 3D-панорамаға түрлендіру. Бұл мақсатта әртүрлі бағдарламалар пайдаланылады.

б) 1. 3D-панорама мен виртуалды турды іс жүзінде қолданылуы (бейне ролик көрсетемін)

Жаңа білімді пысықтау

Топтық жұмыс

Ақпаратты Әр топ мүшелері «Quizlet» программасында берілген тапсырмаларды интер белсенді тақта көмегімен орындайды.


Дескриптор

  • 3D панорама не екенін біледі

  • 3D панорама кезеңдерін, түрлерін, қандай салада болатынын біледі



Ноутбукпен практикалық жұмыс. Жеке жұмыс Практикалық тапсырма:

Ноутбукте орындалатын тапсырма FreeDEXpano программасын қолдана отырып, оқу кабинетінің панорамасын жасайды:

1-ҚАДАМ. Кез келген өздеріңе ыңғайлы жерден (программаның жүк- телген нұсқасы бар бумадан) жаңа бума аш. Кабинеттің сол, оң, алдыңғы және артқы жақтарын, төбесі мен еденін фотоға (2-сурет) түсіру қажет. Ол бумаға freedexpano.swf бумасына *.jpg форматын- дағы панорама суретін көшір.




2-ҚАДАМ. klass.swf файлын іске қос, өзің жасаған панорама көрініп тұратын Adobe Flash Player терезесі ашылады. Дайын панорама- ны мұғалімге және сыныптастарыңа көрсет (егер қателесіп, файл- дарды қате атасаң, freeDEXpano-ны іске қосқан кезде «Images loading error» деген хабарламаны көресің. Файлдардың атауын тағы тексер).

  1. ұялы телефон арқылы Р360 программасы арқылы панорамалық сурет түсіріп көрсетемін.

  2. Оқушылар телефонмен жұмыс жасайды, компьютерден виртуалды турларды көреді.

Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату

Тапсырмалар ретімен орындатылады. Тапсырмалар мен сұрақтар оқулықта берілген.

Дескриптор

  • виртуалды тур және 3D панорама жасау үшін қандай программа таңдай алады

  • виртуалды тур және 3D панораманы қалай жасай алады.

Қорытындылау: Kahoot программасы арқылы оқушылар тест тапсырмаларын орындайды (Бұл программаны оқушылар алдын ала ұялы телефондарына жүктеп алады, программаға кіріп сайтта берілген кодты теріп, өз есімін жазады, Kahoot сайтында аты шығыды, барлық оқушылар сайтқа кірген соң тест ойыны басталады)

Дескриптор

1.Оқушылар белсенділігін көрсетеді

2. 3D панорама туралы біледі.


Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия. «Бір минуттық эссе» әдісі

Тақырыптың маңызды сәттерін, түсініксіз сәттерін жаз.

Үй тапсырмасы (таңдауына қарай)

  1. Виртуалды турлар жасауға арналған программалық қосымшалар жарнамасының буклетін жаса.

  2. Өз мектебіңнің панорамасын жаса.

  3. "3D панорама және виртуалды турлар» тақырыбы бойынша терминдер мен анықтамалардың сәйкестігі бойынша тапсырма әзірле.

Бағалау критерийлері ар0ылы о0ушыларды бағалаймын

Виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін біледі;

Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімді таңдай алады;

Виртуалды тур және 3D панораманы жасай алады.

Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдарымен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін. Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары. Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі