жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ.4- сынып. «Жақсы» деген – немене? «Жаман» деген – немене?
№20 сабақ
Пән: Әдебиеттік оқу |
Мектеп: Тоқжігітов |
|||
Күні: 17.10.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: А.Баякеева |
|||
Сынып: 4-сынып |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақ тақырыбы |
«Жақсы» деген – немене? «Жаман» деген – немене? |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру 4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Сюжеттің дамуын болжап, себебін түсіндіре алады. Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай алады. Көптеген оқушылар: Кейіпкерлердің іс-әрекетінің дұрыс бұрыстығын ажырата алады. Кейбір оқушылар: Өз бойындағы жақсы және жағымсыз қылықтарды атай алады. |
|||
Жетістік критерийлері |
|
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады. |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану; Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу; |
|||
Бастапқы білім |
Жалпы құндылық туралы ұғымдары қалыптасқан, оларды ажырата алады. |
|||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы |
Ұранды айту: Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге! Абай Құнанбаев Үй тапсырмасы. Саң Жиенің әріп жасауы. Жоспар құру Өткенді еске түсіру. «Сұрақтар тізбегі». Оқушыларды бірі сұрақ қояды, келесі оқушы жауап береді. Тізбек осылай жалғаса береді. Жаңа топ құру. І – топ. Бейімбет ІІ – топ. Сәкен ІІІ – Ілияс. Қазақтың алып үш бәйтерегі. Бейімбет, Сәкен, Ілиястың туғандарына 2020 жылы 125 жыл толады. Байқауға жаттаған өлеңдерінен үзінді оқып өту. Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір жылда туыпты. Үшеуі де бір жаздың майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты. Үш бәйтерек.... Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат – парқын, арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл. Жұмыс ережесін келісу
Сендер де осы Үш бәйтерек тәрізді болуларың үшін «Бәйтерекпен» бағалап отырамын. «Ой қозғау» «Менің атым Қожа» киносынан үзінді көрсету. Қожаның жасаған қылықтары жақсы ма, әлде жаман ба? Сабақтың тақырыбы: «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене? Оқу мақсатын таныстыру. Сюжеттің дамуын болжап, себебін түсіндіреміз, кейіпкерлердің іс – әрекетін бағалаймыз. Автор туралы мәлімет. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы кім? Бердібек Соқпақбаев. |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала ры |
||
Сабақтың ортасы |
Сөздік жұмысы Көргенділік – тәрбиелілік Қорыну – жасқану Бейтаныс – таныс емес, бөтен «Не білгім келеді?» сұрақтар қою. Тыңдалым. «Шал мен бала» Болжау әдісі бойынша оқушылар мәтіннің бір бөлігін тыңдайды. «Болжа» айдары Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген, өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын дәлелдеп айтады. «Түсіндір» айдары І – топ. Бейімбет 1. Мәулен қарияға неліктен көмектескендігі туралы өз ойларын айту. а) Мәулен өз кінәсін мойындағандықтан көмектесті. ә) Сашаның атасы болғандықтан көмектесті. б) Мәулен кімге де болса көмектесер еді. ІІ – топ. Сәкен 2. Қарияның Мәуленді «көргендінің аты көргенді-ау» дегенін қалай түсінесіңдер? ІІІ – Ілияс. 3. «Көргендінің аты көргенді-ау!» Мәулен осы сөзге лайықты деп ойлайсыңдар ба? Не себепті. Сергіту сәті. «Мен қазақпын» «Дауыстап талдау» әдісі І – топ. Бейімбет Суреттің арасынан жақсы іс – әрекетті таңдап, себебін түсіндіру ІІ – топ. Сәкен Қандай іс – әрекет жаман деп ойлайсың? Жақсы бала деген атқа лайық болу үшін не істеу керек? Заттар беру. Соларды сөйлету. Достарына ақыл –кеңес беру. ІІІ – Ілияс. Жақсы әдеттерді жаман әдеттерден ажырата алу. Орнына орналастыру.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмала ры.
|
||
Сабақтың соңы |
«Блум түймедағы» әдісі бойынша сабақты қорытындылау. Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі. 1. Қарапайым сұрақтар. Әңгіме несімен ұнады? 2. Анықтаушы сұрақ. Әңгімеде жағымсыз кейіпкер бар ма? 3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. Неліктен Мәулен атаны үйіне дейін шығарып салды? 4. Шығармашылық сұрақтар. Мен Мәулен болсам, жауабым былай болар еді... 5. Бағалау сұрақтары. Мәуленнің жасаған қылығы несімен ерекшеленеді? 6. Тәжірибелік сұрақтар. Әңгімеге басқаша қандай тақырып қоюға болады? Қорытынды. Қайда болсақ та, қандай болсақ та үнемі жақсы іс жасауға талпынып жүрейік. 3 «Бәйтерек» жинаған оқушылар «Керемет», қалған оқушылар «Жақсы» деген қолпаштауға ие болады. Үйге тапсырма: Мәтіндегі мақал –мәтелді көшіріп жазу, «Үлкенге құрмет» тақырыбында эссе жазу. Кері байланыс парағы. «Блоб сыныбы»әдісі бойынша.
|
Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмала ры арқылы білдіре алады.
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. |
|||
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау парақтары |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|||
Қорытынды бағалау |
||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
||||
І – топ. Бейімбет
1. Мәулен қарияға неліктен көмектескендігі туралы
өз ойларын айту.
а) Мәулен өз кінәсін мойындағандықтан көмектесті.
ә) Сашаның атасы болғандықтан көмектесті.
б) Мәулен кімге де болса көмектесер еді.
ІІ – топ. Сәкен
2. Қарияның Мәуленді «көргендінің аты көргенді-ау» дегенін
қалай түсінесіңдер?
ІІІ – Ілияс.
3. «Көргендінің аты көргенді-ау!» Мәулен осы сөзге лайықты деп ойлайсыңдар ба? Не себепті.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген