400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ.6 сынып. Жеті ата.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеті ата туралы сабақ өту. жасөспірімдерге ата-бабасының кім екенін, қайдан тарағанын ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жеті ата шежіресі Күні: 10.02.2020 ж. сынып: 6

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Бүгінгі жас ұрпаққа өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін біліп, құрметтеп, ұлттық құндылықтардан ғибрат алуға шақыру.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: жеті атасын айтып береді

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып бойынша өзара емін-еркін тілдесе алады.

Кейбір оқушылар: жеті атаның туған күндерімен қоса отбасылық мерекелер жайлы айтып бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы 2-5мин

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.


Сабақтың ортасы

(6-35 минут)

« Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.
Менің жетінші атам – Бейсен. Ол кім? Ол- шешен. Мен оны қайдан білдім? Ораза кзінде үйге қарт кісілерді қонаққа шақырдық. Анама дастарқан жайысып жүріп, ол кісілердің мына бала сол атаң туралы біле ме? деген сұрағына елең ете қалдым. Кейін қонақтар тарағаннан кейін әкемнен сол атам туралы сұрай бастадым. Әкем жеті ата туралы шежірені көрсетіп, әңгімелеп берді. Мен сыныпқа барып сыныптастарымнан сұрап едім, олар да аталары туралы біле қоймады. «Жеті атамды зерттеуімді, осы арнада жұмыс жүргізуіме түрткі болып ғылыми жобамның тақырыбын «Жеті ата-жеті ұрпақ» деп алдым.
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен. Ол дала тұрғындарының паспорты деп айтсақ қателеспейміз.
«Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады.
Яғни: 1. Өзің. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6.Түп ата. 7. Тек ата (2-кесте). Бұл атаулар кей жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін. Бірақ, қалай дегенмен де, жеті ата жолы осылайша таратылатын бұрынғы би, шешендер айтып кеткені – ақиқат шындық. Бұған қазіргі жөн, шежіре білетін қариялар да дәл жауап бере алады

Оқулық


Сергіту сәті

Оқушылар «мен қазақпын» өлеңіне билейді


Өзіндік жұмыс

Бұрынғылар жөн сұрасқанда «Ата-тегің кім?» – деп сұрайтыны, міне, осыдан шыққан.
Шежірем Саңмұрыннан туған жаудан беті қайтпаған, екі сөйлеуді білмеген, сайдың тасындай бес жігіт: Итбол, Байбол, Төле, Тоқсан және Наурыз «Бесқара» атанған Бәйгелді ұрпақтарынан боламын.Руым: арғын, қырықмылтық.
Жеті атам: Қарағұл, Әбілхасым, Қожахмет, Жүніс, Жандос, Бейсен .

Дәптермен жұмыс

Сабақ соңы 36-40 мин

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Бағалау

Оқушылар смайликтер арқылы бағаланды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
1104
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі