400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.6-сынып.Сумен байланысты аңыз-әңгімелер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандар үшін, қмж жасауда кездесетін қиындықтар бойынша ұстаздарға тәжірибе алмасу үшін жазылды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

№4 мектеп-лицей

Сынып:

6

Мұғалім

Ж.Р.Косакбаева

Күні: 28.01.20


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

3-бөлім:



Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Cабақтың тақырыбы:

Сумен байланысты аңыз-әңгімелер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есім орнына қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсінеді, есімдікті зат есім, сын есім орнына қолданады.

Көпшілік оқушылар: Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады, мысал келтіреді. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсінеді, есімдікті зат есім, сын есім орнына қолдануда ұшқырлық танытады.

Кейбір оқушылар: Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсінеді, есімдікті зат есім, сын есім орнына қолдануда лексика- семантикалық жағына мән береді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар: Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып, ойды жалғастырып айтады, тілдік бірліктерді нормаға сай жазады.

Бағалау критерийлері


1. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.

2. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсінеді, есімдікті зат есім, сын есім орнына қолданады

Ойлау дағдысы

Талдау, синтез, бағалау

Құндылықтарға баулу

Ұлттық өнерімізге деген құрмет қалыптасады, өз ойын ашық жеткізу дағдысы артады

АҚТ қолдану дағдылары

QR-KOD

Пәнаралық байланыс

Әдебиет пәні

Осыған дейін меңгерілген білім

Есімдіктердің түрленуін талдады.

Cабақ барысы:

Сабақтың кезеңдері

Cабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Cабақтың басы





Ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен сәлемдесу;

  2. Қатысымдарын тексеру.

Назарын шоғырландыру

Үй тапсырмасына бағыттау мақсатында кесте таратамын. Балалар білетін, дайын сұрақтардың тұсына нөмірлерін қояды.

Үй тапсырмасы

Сұрақтар:

  1. А.Байтұрсынов өз еңбегінде есімдікті неше топқа бөледі? Қай есімдік екі рет қайталанады?

  2. Есімдіктер қалай түрленеді?

3.Осынау, сонау, қайсы есімдіктері қалай жасалған?

4.Лексикалық тәсіл арқылы пайда болатын есімдіктер қалай жасалады?

Кесте бойына сұрақтарға жауап алынады?

Мұғалім тарапынан сұрақ:

- Осы сұрақтарға жауап беру барысында ешқандай қиындық болмады ма?









Қалыптастырушы бағалау

«От шашу»

Cабақтың ортасы

4 мин.

Ел арасында ауыздан-ауызға тарап, белгілі бір адамдар жайлы , жер атаулары жайлы айтылған прозалық шығарманың түрі қалай аталады?


Мұғалім: Әрбір әрекет мақсатқа негізделгенде ғана нәтиже болады. Демек, бүгінгі мақсатымыз не болмақ?

(оқушылардың жауаптары тыңдалып, сабақ тақырыбы, мақсаты, критерийлері хабарланады)

Тыңдалым\айтылым

Топтық жұмыс.

Аудио мәтінді тыңдайды.

Құдық суы ертегісі

Ертеде құралай көзді кішкене ғана қыз бала болыпты. Ол тамылжыта ән салғанда, сандуғаштың сайрағаны да түкке тұрғысыз болып қалады екен. Оның сырлы даусына қанық ел-жұрт, үйлеріне арнайы шақырып, ән салдырып қоятынды да шығарды. бір күні шөлдеп келе жатып ауыл ішінде елеусіз тұрған ескі құдықты көзі шалды.Құдықтың ескі екеніне қарамастан, құдықтың тереңіне шелекті «күмп» еткізіп тастап жібереді.

«Ескі құдықтан осыншалықты мөп-мөлдір су шығады екен-ау,- деп таң қалды.

Сол күндерде көрші уйде өзі қатарлас тағы бір қыз болды.ОЛ іштарлық жасап: «Өнеріңді жоғары бағала. Сен бергенін ұстап жүре бересің. Лайықты сыйлық бермесе, әр үйге барма»,-дейді. Көрші қыздың өтірік жаны ашығансып айтқан ақылын ақ жүрек, көкірегіне қондырып алды.

Содан әр күн сайын әр үйге шақыру алып, үніне сүйсіндіріп қайту алғашында қызық көрінгенімен, енді мұны мезі қылайын деді. «Құтты қонағымыз бол»,- деп шақырған қоңсыларына лайықты сыйлық ұсынбаса бармайтын сыңайын танытты. Бірде бара алмайтын сылтау ойлап тауып, өтірік айтты.

Мұны естіген ауылдасы: – Мүйіз сұраймын деп, сақалыңнан айырылмай тұрғанда желкеңнің шұңқырын көрсет, кет,- деп қуып шықты.

Қатты көңілі түсіп, тұнжырап келіп, бұрынғы киелі құдығына жетті. Әдеттегідей, шелекпен су тартып еді, қоңырқай, былғанған суды көрді. Қанша ойласа да шеше алмады. Бір кезде «Сенің көкірегің қарайып барады. Әлдекімдердің азғыруына ерме, сөздеріне сенбе. Құдық суының түсі сенің көңіліңнің, ішкі ойыңның айнасы еді. Есіңді жи... есіңді жи... жи... жи... жи...»,- деген дауыстан шошып оянды. Жасаған қателігіне өкініп, өзіне енді жақсы қыз боламын деп уәде етті. Түсінен шошынған жүрегінің дүрсілін тағы да сол құдықтың суы басты. Ағарып, мөлдіреп келеді екен...

1-топ. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша нақты сұрақтарға жауап береді.

2-топ.

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы сұрақтарға жауап береді.

3-топ.

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.


Дескриптор

  1. Нақты сұрақтарға жауап береді

  2. Жалпы сұраққа жауап береді

  3. Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмір мен байланыстырады.

Топаралық бағалау

Мұғалім сөзі:

«Мен» есімдігінің құпиясы

(оқу мақсатын еске түсіру)

























«Әткеншек» әдісі арқылы топаралық бағалау


4 мин.














3мин.


4мин




5мин









2 мин.







12 мин.



2мин.


1 мин.

Жұптық жұмыс.

Экранға мәтін шығарылады.

... Бала шәкіртті (Бұны)алып қайтуға Байтас пен Жұмабай келген. Байтас пен Жұмабай(олар) оқ бойы алда жүріп отырды.

Жұмабай:

-Бала шәкірттің (мынаның) асығуын-ай. Бала шәкірт (өзі) қыстай іш құста болыпты-ау,-деді.

Байтас пен Жұмабайдан (олардан) алыстаған бала шәкірт екі-үш (бірнеше)рет желдіртіп алды.

Зат есім, сын есім, сан есімдерді есімдікпен алмастырып, мәтінді қайта жазады. Оқиды.

1. Қай мәтін тартымды, жағымды естіледі?

2.Екі мәтіннің айырмашылығы неде?

3. Есімдіктердің лексика-семантикалық өзгешеліктері неде?



Жұптық жұмыс.

Есімдіктердің сөйлемдегі қызметін анықтап, зат, сын, сан есімдер орнына қолдануын түсіндіреді.( Сөйлемдерді кезектесіп алу)

Тақтаға дұрыс вариант шығарылады. Отырғандар өз жұмыстарын тақтамен салыстырып тексереді.

Дескриптор

  1. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсінеді.

  2. Есімдікті зат есім, сын есім орнына қолданады.

Қалыптастырушы бағалау.

1+, 1-

Топтық жұмыс.

Есімдікті Абай өлеңдерінен эстафета

Есімдіктері бар Абай өлеңдері таратылып беріледі. Көп нүктенің орнына зат есім мен сын есімнің орнына қолданылатын керекті есімдікті қойып айтады. Кір жайғышқа әкеп іледі.

Байлар жүр жиған малын қорғалатып,
Өз жүзін, онын беріп, алар сатып,
Онын алып, тоқсаннан дәме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?


Күшік асырап, ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты.

Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы – ол.
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?

Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.

Қалыптастырушы бағалау. Қол шапалақтау

«пликерс» бағдарламасы qr-KOD бойынша тест тапсырады.

Экраннан бүгінгі сабақ бойынша балалардың жаңа білім бойынша қаншалықты меңгергені көрініп тұрады

1- Слайд





























Жұпаралық бағалау





Конверт таратылады. Ішінде Абай өлеңдері жасырылған


2мин.

Кері байланыс

«Зерде» әдісі

Оқу мақсатына қайта оралу. Оқу барысында алған ақпараттарымызды тұжырымдап, өз жетістігімізге баға берейік.


Cабақтың аяғы




Үйге тапсырма

Рефлексия

Picture 6 Оқушылар қолдарындағы стикерлерін бүгінгі сабақ қай қыры басым болғанын айтып, тақтаға іледі.





101-бет. 9-жаттығу. Ережелерді қайталау.


Дифференциация

Cіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеру арқылы жүзеге асырамын. Қызығушылықты ояту сатысында қабілеті жоғары оқушылар қарапайым күйде көрініс тапқан сұрақтарды айтуы мүмкін. Немесе сыни пікір айтуы да ғажап емес. Сондықтан сабақ басында күйді тыңдатамын. Бұл – тапсырма бойынша саралау.

Жұптық жұмыста жұмыс істеу барысында қабілеті жоғары оқушылар сыни ойлау тапсырмаларын орындай отырып, қолдауды қажет ететін оқушыларға мәселенің нақты көрінісін анықтап беруде көмек береді.


Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейін тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша дескриптормен, «Топтық бағалау» әдісі арқылы өзара бағалаумен, Қалыптастырушы бағалау арқылы, кері байланыспен

жүзеге асырамын.

Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылар бір-біріне бөгет жасамайтындай ыңғайланып қойылады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
3649
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі