Тақырыбы:
«7саны және
цифры»
Өткізетін тәрбиеші: Ахметова
Маржан
Айнабұлақ
бекеті
Білім беру
саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Қарапайым
математика
Сабақтың
тақырыбы: 7саны және
цифры
Сабақтың
мақсаты:
а)7саны және цифрымен таныстыру. 7 санының шығу
тарихын ұғыну. Киелі сан екенін меңгерту,саналы түсіну машығын жетілдіру
ә)
Алған білімдерін саралау. Санды санға
қосуға,саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз
санды табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау
қабілеттерін ауызша есептеуге,
дағдыларын ойын арқылы танымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін
дамыту.
б) Еңбекқорлыққа, достыққа,
мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: парақшалар, суреттер т.
б
Сабақтың
әдісі: ойын, түсіндіру, сұрақ -
жауап, ертегі желісімен
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Жылулық
шеңбері:
Балалар, барлығымыз жылулық
шеңбер бойына тұрып қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем делік үлкенге!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
(Балалар қонақтармен амандасады).
«Үлкенге де
сіз,
Кішіге де
сіз,
Баршаңызға
құрметпен
Бас иеміз
біз»
- Қане барлығымыз орнымызға
отырайық. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.
- Күз мезгілінде неше ай бар?
Үш ай бар: Қыркүйек, қазан, қараша
- Бір аптада неше күн бар?
Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,
жұма, сенбі, жексенбі.
1. Сабаққа назарын
аудару.
Балалар, мен бүгінгі сабаққа
сендерге қоржын алып келдім. Мына қоржынның ішінде не бар екенін
көргіліерің келе ме?
(Балалар, «ия» деп жауап
береді)
Ендеше мен қоржынды ашайын.
Балалар, қараңдаршы мұнда не бар екен?
(сандар)
Сендер бұл сандарды білесіңдер
ме? Қане, бәріміз санайықшы?
(Балалар
санайды)
Балалар, енді сендерге
тапсырма!Сендер мына сандарды ретімен орналастырып
беріңдерші?
(Бір бала шығып ретімен
орналастырып,санап шығады)
Балалар санамақ туралы кім
тақпақ біледі?
(Бір бала шығып санамақ
айтады)
II. Жаңа
сабақ
Балалар, біздің бүгінгі біздің
өтетін тақырыбымыз 7 саны мен
цифры.
7 саны қазақта киелі сан болып
есептеледі. Сендер қандай ұғымдарды
білесіңдер? Қазақ халқында 7ата, 7
қазына, 7 күн, 7 күлше, 7 дәм – «Наурыз көже»,7 қарақшы ұғымдары
бар.
7
ғалам
Оңтүстік, солтүстік, батыс,
шығыс, жер, аспан, жер асты
7 күн
Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы
күн, ауыр күн, соңғы күн, азына
7
ата
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек
ата
7
қазына
Ертоқым
, диірмен,
қыран бүркіт, берен мылтық, ақыл - білім, жүйрік ат,
құмай
тазы
Балалардан
сұрау:
7
атасын
7 күнді
айтқызу
7
қазынаны
7
қарақшы
1 аптадағы 7 күн туралы өлең
айту
Қане,балалар біз 7 санын
білетін болсақ ,дәптерімізге осы санды
түсірейік.
Бірінші ауаға жазып
үйренейік,тақтаға бір баланы шығарып
жаздыру
Дәптерге
жазғызу.
Сергіту
сәті:
1,2, 3, 4
деп
Орнымыздан
тұрайық,
Алақанды
соғайық,
5,6,7
деп,
Бір отырып,1
тұрып
Аяқты жазып
алайық
Психологиялық
тренинг
Балалар көздерінді жұмындар!
Далада күн күркіреп жауын жауғалы тұр. Ақырын ғана әуен
ойналады.Бір мезетте жауын қатты жауып, үстіміздің бәрі малмандай
су болды. Жауын одан да бетер құйып жауды. Сәлден кейін күннің көзі
ашылып, жылы сәулесін төге түсті,құстар да сайрап, ән сала бастады.
Аспанга қарасақ, үлкен болып кемпірқосақ шыға келді. Қане ,
балалар, көзімізді жәймендеп ашайықшы, біздің елелстеткен
кемпірқосағымыз мына тұрған кемпірқосаққа ұқсай ма
екен?
(Балалар, «ия»
дейді)
Қане, біз білеміз бе,осы
кемпірқосақта қанша түс бар екен?
(Балалар 7 деп жауап
берді)
Ендеше бәріміз
санайық!Кемпірқосақ түстерін санату.
Балалар, біз енді «Жеті
лақ»ертегісіне саяхат жасаймыз. Ертегі тыңдауға дайынбыз
ба? Ертегіні
сахналау
Балалардан осы ертегіден не
түсінгенін сұрау. Ертегіні талқылау
Ойын:
1.Ағаштағы тапсырманы
орындау
2.Киіз үйдің ішіндегі отбасы
мүшесін санау
ІV.
Қорытынды
7 санына байланысты мақал –
мәтелдер айтып беру.
1. Жеті атасын білген ер, жеті
жұрттың қамын жер.
2. Бала жетіге келгенше,
жерден таяқ жейді.
3.
Жеті атасын білмеген жетесіз.