«Бекітемін»
Бастауыш сынып орынбасары:
Р.Қ.Тұрманова
Күні: 10.12.2020ж.
Пәні: Сауат ашу
негіздері
Тақырыбы: Ғ ғ дыбысы мен
әрпі
Мақсаты: Ғ ғ дыбысы және оның әріп
таңбасымен таныстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.
Балалардың ғ дыбысы бар сөз ойлап табуына назар аудару. Жазуға
қолдарын жаттықтыру.
Көрнекі
құралдар: суреттер, кеспе әріптер,
дидактикалық материалдар.
- Балалар, қане, бәріміз
Жермен, Күнмен, достарымызбен
амандасайықшы.
Амансың ба, Алтын
Күн!
Амансың ба, Жер
Ана!
Амансың ба,
достарым,
Сендерді көрсем
қуанам!
Әңгімелесу.
-Аспанда нелер болады,
балалар?
-Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран
бізге не үшін қажет?
-Зымыранмен кімдер
ұшады?
Ең алғаш ғарышқа ұшқан
ғарышкер – Юрий Гагарин. Қазақстаннан ұшқан ғарышкерлер – Тоқтар
Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Олар ғарышқа ұшып,
зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің
мақтаныштарымыз. Олар – ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы
кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен
азамат болуымыз керек.
-Сендерде ғарышқа ұшқыларың
келе ме?
-Олай болса, біздер бүгінгі
сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа шығып, қызықты тапсырмалар
орындаймыз, яғни ғарышкерлер боламыз. Ғарышқа бару үшін, «Жұлдызды
қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге мынадай тапсырма
даярлаған екен.
Тапсырма
аты: «Жұмбақты
шеш».
Көп әріп
ішінде,
Шалғы
пішінде.
Тап,мұны түсін де.(Ғ
әріпі)
Ғ дыбысын айтқызу (әріп
таңбасымен таныстыру).
-Ғ дыбысы қандай
дыбыс?
-неліктен
дауыссыз?
-қандай текшемен
белгілейміз?
Әліппе-дәптердегі Ғ әріпінің
баспа түрін жазу.
- Өте жақсы, балалар. Сендер
берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді дайындалыңдар, ғарыш
әлеміне ұшуға рұқсат берілді.
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.Кеттік!
-Ғарыщқа да келдік. Біздің
алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге
дайындаған құпия тапсырамлары бар.
Топқа бөліну. Балалар жұлдыз
және айдың суретін таңдап алып топқа
бөлінеді.
1.Тапсырма.Суретпен
жұмыс.
Ғ дыбысынан басталатын сөздер
мен сөздің ортасында кездесетін суреттерді
ажырату.
2.тапсырма.
Кеспе әріптермен
жұмыс.
Әріптерді дауысты және
дауыссыз үйшіктерге орнату.
Сергіту
сәті.
Аспан,аспан,
арайлым,
Саған жиі
қараймын,
Сені көзбен
шоламын,
Мен ғарышкер
боламын.
3-
Тапсырма. Дидактикалық ойын:
«Естелік»
-Балалар, аспандағы жұлдыздар
қандай тамаша! Жарқырап тұр.Сендерге ұнай
ма?
-Олай болса, өзімізге естелік
ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік, достарымызға
көрсетеміз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап
береміз:
-Дыбыстар нешеге
бөлінеді?
-Дауысты дыбысты қандай
текшемен белгілейміз?
-Дауыссыз дыбысты
ше?
-А дыбысы қандай
дыбыс?
- Н дыбысына сөз
құрастырамыз.
-Өте жақсы, балалар.
Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.жұлдыздарымызды
алайық.
4 –
Тапсырма. Тіл ұстарту
жаттығуы.
Ға-ға-ға
Атқа тақты
таға.
5 –
тапсырма.Ғ әріпін дәптерге
жазу.
-Ғ әріпін ауада барлығымыз
жазамыз. Дәл ауада жазғандай дәптерімізге
жазайық.
-Барлық тапсырманы жақсы
орындадық, енді мектебімізге қайтайық. Қане бәріміз бірге санайық:
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.Кеттік!
-Балалар, сендердің
білімдеріңнің арқасында ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сендерге
көп-көп рақмет!
Қорытынды:
-
Балалар, бүгін біз қайда
саяхатқа шықтық?
-
Қандай дыбыспен
таныстық?
-
Ғ дыбысы қандай дыбыс
екен?
-
Ғ дыбысына сөз
ойлаңдар.
№108 орта
мектеп

Тақырыбы: «Ғ ғ дыбысы
мен әрпі»
Сыныбы: мектепалды
даярлық тобы
Мұғалім: Нұрасыл
Рану
Оқу жылы
2020-2021жж.