400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ №10 ортаңгы топ «Бояулар әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ортаңғы №«10» тобы

Білім беру саласы: шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «сурет салу»

Тақырыбы: «бояулар әлемі»

Мақсаты: Негізгі түстерден араластырып жаңа түстерді шығаруды үйрету. Бастыру әдісін жалғастыру. шығармашылық қиялды, бастаманы дамыту. Қоршаған табиғаттың сұлулығын байқап, оған сүйсіне білуге тәрбиелеу. 

Көрнекі құралдар: гүлдердің суреттері, бояулар туралы ертегі слайд, кемпірқосақ киімі.

Керекті құралдар: шанышқылар, ақ қағаз, бояулар, палитра,

Қос тілдік компоненті: бақ – бақ – одуванчик, сары – желтый, синий – көк, қызыл – красный


Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық.



Тосын сый:

Негізгі түстерден араластырып жаңа түстерді шығару.

«бояулар туралы ертегі» оқу


Қонаққа кемпірқосақ келеді.

тапсырмаларды орындау



амандасу, қуану




Ұйымдастырушылық - ізденушілік












Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.

«Достық» жаттығуы. Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос. Біз әрқашан доспыз. Балалар көршілерімен, бір – бірімен құшақтасады.

- Негізгі бояулар қандай?

Ендеше мен сендерге бір ертегі айтып берейін.

1 – слайд:

Ерте,ерте ертеде ешкі жүні бөртеде ҚЫЗЫЛ,САРЫ,КӨК бояулар өмір сүріпті. Олар өте тату-тәтті болыпты. Бір күндері олар қызықты оқиларға тап болады.

2 слайд: Әр түс бізге нені еске түсіреді?

3 слайд:

Бір күні қызыл сары бояуға қонаққа келеді.Бір мезетте үй ішіндегі шам сөніп қалады. Бояулар бір-бірімен соқтығысып жүрген кезде тағы бір түсті бояу пайда болады. Шам жанған кезде, қандай түс пайда болған екен?

4 слайд:

Жаңбыр жауған кезде болған оқиға
Көк бояу мен кіші қарындасы Сары бояу жаңбырдан қорқып, емен ағашының астына тығылады. Жаңбыр қатты жауғаннан бояулары езіле бастайды, олардың бояулары араласқан кезде Жасыл бояу пайда болады.

5 слайд:

Ары қарай мынандай жағдай болды
Көк бояу өзінің жаңа досына қуанады, осы қуанышымен Қызыл бояумен бөліспек болып, Қызыл бояуды қушақтап алғанда Күлгін түс пайда болады.

(балалар үшке бөлініп, бояуды араластырады)

Қызыл + сары - қызғылт сары.
Сары + көк – жасыл
Көк + қызыл – күлгін
Ақ + көк – көгілдір
6 слайд:

Солай осы өмірге жаңадан Қызғылтсары, Жасыл,Күлгін түстер пайда болған екен. Барлық бояулар қол ұстасып, үлкен шеңбер жасайды.Осыдан

Кемпірқосақ-Радуга пайда болады.

Осы шеңберде әр түстің өз орны болады. Түстер тату-тәтті өмір сүруде. Бояулар патшалығы өте үлкен. Оның тұрғындары бояулармен сурет салады, мүсін жасайды, қағазбен жұмыс істейді. Сендерде осындай жұмысты ұнатасыңдар ма?

Осымен ертегіміз аяқталды.


7 слайд: Қызыл
Қызылсары
Сары
Жасыл
Көкшіл
Көк
Күлгін

Балалар түстер туралы тақпақтар біледі.

Сезім, нұрым, ақниет, аяжан.


Кемпірқосақты білесіңдерме?

- Ол қандай болады?
- Кемпірқосақта қанша бояу түрі бар? - Қандай?
- Кемпірқосақта жеті бояу түрі бар. (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін)
Әсем әуенмен кемпірқосақ кіреді.

Балалар, бұл кім?

кемпірқосақ: сәлеметсіздер ме, балалар! Дұрыс айтасыңдар,мен кемпірқосақпын.

Ал енді балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде неше ай бар? Атап беріңдерші...

Далада қандай өзгерістер бар?

Алғашқы гүлдер өседі. Олар қандай гүлдер? Менің қолымда қандай гүлді көріп тұрсыңдар?

осы гүлдермен мен доспын. Сендер гүлдің суретін сала аласыңдарма? Мен гүлдерді жақсы көріп, дос болсамда суреттін сала алмаймын.

Ал ендеше алғашқы гүлдердің суретін салып көрсетейік.

Сурет салу әдісін көрсету.

ең алдымен шанышқыны алып, сары бояуға батырып оны ақ қағазға бастыру тәсілімен салайық. Кейін сабағы мен жапырағын салуды көрсету.

саусақ жаттығуы:

саусақтар шынжыр болады,

үзілмейді тартсаңда.

ал піл келіп шынжырды,

үзіп кетті басқанда.

тұмсығымен доп іздеп,

ойнағысы келіп тұр.

достық үшін пілге мен

гүл сыйлағым келіп тұр.

Балалар бақ – бақ гүлдерді шанышқымен бастыру тәсілімен салады.


балалар бір – бірімен құшақтасады.



көк,қызыл,сары



ертегіні мұқият тыңдау.





күн, аспан, жүрек.




қызғылтсары түс







жасыл-зеленый





күлгін – феолетовый



бояуды араластыру.









ертегіні зейін қоя тыңдау.










түстерді атайды.









- Иә, ұнатамыз!


Қызыл, сары, көк.







амандасу, қуану




кемпірқосақ



сұрақтарға жауап береді.



алғашқы гүлдерді атау


Мамыргүл, бақ – бақ, қызғалдақ, бәйшешек.




әдісті мұқият қарау








саусақ жаттығуын жасау








сурет салуға кіріседі


рефлексиялық - түзетушілік





кемпірқосақ: балаларды мадақтап, бақ-бақ гүлі алқаларын балаларға сыйға тартады.


алғысын айтып қоштасып кетеді.

сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

қуану.



қоштасу, сұрақтарға толық, анық жауап беру.


Күтілетін нәтиже:


Қабылдайды: Негізгі түстерден араластырып жаңа түстерді шығаруды

Түсінеді: Қоршаған табиғаттың сұлулығын байқап, оған сүйсіне білуді.

Қолдана алады: бояуды дұрыс қолдана отырып, бастыру әдісін




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
1284
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі