жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "10 саны"
Алматы облысы Қаскелең қаласы «Алтын ауыл» ықшам ауданындағы «Жанерке» балабақшасы»
Қарасай ауданының Қаскелең қаласы
әкімінің аппаратына қарасты
коммуникалыдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Тақырыбы: 10 саны
(Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі)
Ересектер «Шұғыла» тобы
Орындаған: М.Т.Жанабаева
Қаскелең қаласы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 10 санының пайда болуы.
Мақсаты: 10 санымен таныстыру. 10 санын заттардың санымен сәйкестендіре білу; тура және кері санау дағдыларын жетілдіру, зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:
Демонстрациялық материалдар: Қояндар мен сәбіздер сандары 10.шаршылар мен дөңгелектер сандары 10. Үстел үтінде әртүрлі заттар ( кубиктер, аңдар бейнеленген ойыншықтар т.б)
Үлестірмелі материалдар: Жолақша( ортасы қарындашпен сызылып екіге бөлінген) 9 санының цифрлық белгісі.
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші: Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сендерді жылулық шеңберіне шақырамын. Бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы жылы лебімізді білдірейік.
Дөңгелене тұрайық,
Достық үйін құрайық.
Математикамен дос болып,
Біз көңілді болайық.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ал енді жыл мезгіліне тоқталайық.
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде, неше ай бар?
Қазір қыс мезгілінің қай айы. (Ақпан айы)
1 аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның қай күні?
Тәрбиеші: Балалар, біз өткен жолы 9-ға дейін санап үйрендік. Қанекей кім санап береді? (балаларды 9 –ға дейін тура және кері санауға жаттықтыру. Ол үшін көлемі түрі түсі әртүрлі заттарды пайдалану)
Тәрбиеші : Балалар біз бүгін 10-ға дейін санап үйренеміз. 10 саны қалай пайда болғанына назар аударыңдар. Тақтадағы жинақ полотносының жоғарғы және төменгі қалташаларына тоғыз –тоғыздан қояндар мен сәбіздердің силуэттерін салып балаларға санату. Қанша, неше деген сұрақтар қою арқылы бірнеше жауап алу.( тең, қанша болса сонша, бірдей, тоғыз –тоғыздан, тоғыз қоян, тоғыз сәбіз, барлығы тоғыз қоян,барлығы тоғыз сәбіз)
Тәрбиеші :Енді балалар қояндардың қасына тағы бір қоян қоямыз да санаймыз.
Қояндарды айналдырып барлығы 10 қоян.
Қоян қанша?,
Сәбіз қанша?
Қайсысы көп? Қайсысы аз?
Қаншаға көп?
Қаншаға аз?
Қайдан білдіңдер?
Бір қоянға бір сәбіз жетіспейді
Ол үшін не істейміз?
Қоянның тұсына бір сәбіз қоямыз
Дұрыс
Сәбізді кім санап береді
Томирис санайды
Сәбізді қоршап айналдырып барлығы он сәбіз деп жауап беруін талап етеді.
Кері санауға үйрету.
Ал, енді балалар сәбізден 1-уін алып тастаймын, неше сәбіз қалды- 9, қоян нешеу- 10, қайсы көп, қайсысы аз?
қояннан 1 қоянды алып тастады, неше қалды?
Сәбіз-9, қоян-9 екеуі тең ба?
Мына сандардың көршісін тап « 1,... 3,..., 5,..., 7, ...,9...»
Себетте 7 алма болды, оған 3 алма қостым. Барлығы неше алма? -10
Бұтақта 10 торғай отырды, 2 торғай ұшып кетті. Барлығы неше? -8
Ағаштың бір бұтағында 5 шие, ал екіншісінде 5 шие болды. Барлығы неше шие? 10.
«Тиісті санды тап» ойыны. Шарты: суреттегі заттардың санына қарай тиісті санды табу керек.
- Балалар шаршап қалған шығарсыңдар сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Сергіту сәті: Ойын өлең «Санамақ»
Бір, екі, үш,
Ал, кәнекей ұш.
Төрт, бес, алты, жеті,
Мынау – ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он,
Ал, кәнеки қон.
2-бөлім. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тапсырма
Балалар, 10 саны болуы үшін, үстіңгі жолақшаға 10 шаршыны, төменгі жағына қызыл үшбұрышты қою керек. Барлығын тура, кері санаймыз.
Тапсырма
Балалар санамақтың ішінен 10 таяқша алып, 10 дейін тура, кері санайды.
«Тез ойла» ойыны. Логикалық есеп.
Аспанда неше ай бар? -1
Адамда неше көз бар? - 2
Бағдаршамда неше көз бар? -3
Бір жылда неше мезгіл бар? -4
Бір қолда неше саусақ бар? – 5
Үш қоянда неше құлақ бар?-6
Бір аптада неше күн бар? -7
Сегізден кейін қандай сан? -9
Оң қолыңда неше саусақ бар, сол қолыңда ше?
Сонда
екі қолыңда неше саусақ болады? «10»
Балалар, 1-ден 10 дейінгі сандарға санамақ айтамыз.
1
саны - Ердаулет
Мені
білгің келсе,
Мен
таяқша бірмін.
Барлық
санға жол бастап
Ең
басында тұрамын.
2
саны-
Муса
Бірден
кейін тұрамын
Сандар
іші тұрағым
Бірге
– бірді қосқанда
Мен
шығамын шырағым.
3
саны К. Дамир
Үш
дегенім үйім,
Үйде жақсы күйім.
Үш дегенім үміт,
Үміт ақтар жігіт.
4
саны - Алдияр
Төрт-дегенім
түлік,
Жүргін оны біліп.
Жылқы сиыр, түйе, қой,
Төрт
түлігің біліп қой.
5
саны
-
Темиржан
Бес-дегенім
бесік,
Келеді сәби өсіп.
Бабамыздан қалған,
Бақыт және нәсіп.
6
саны
-
Бекарыс
Алты
дегенім астық,
Қылмас досқа қастық,
Алты деген ақыл,
Тыңдағаның
мақұл.
7
саны
– Мирас
Жеті
дегенміз- жеңіс,
Жемісіңді жегіз.
Спорт пенен жеңіс,
Әрқашанда
егіз.
8
саны - Алихан
Жетіден
соң әрқашан
Сегіз
саны шығамын
Орныма
барамын
Қос
дөңгелек саламын.
9
саны
-
Сабит
Тоғыз
дегенім –таңдау,
Ата жолын таңдау.
Ақылды болып өсіп,
Биіктерге самғау.
10 саны - Арсен
Он дегенім –Отан,
Үздік оқы ботам.
Есейгенде ертең,
Сыйлап жүрер ортаң.
Санау әні теледидардан корсету.
Қорытынды:
Балалар бүгін біз қаншаға дейін санап
үйрендік? Енді кім маған 10 дейін тура
санап береді, ал кім санап береді.
Жарайсыңдар,
Бәрің де жақсы, үлгілі, білімді екенсіңдер.
Олай болса қонақтармен қоштасайық.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 10 санын заттардың санымен сәйкестендіре білу;
Игереді: зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Меңгереді: 10 көлеміндегі тура және кері санай алуды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген