15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сабақ "10 саны" 1 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні:16.06.2017ж Сынып: 1 |
Мектеп: №7 ЖББОМ Мұғалімнің аты-жөні:Токтибаева Айжан Салкеновна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
10 саны
|
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.1Санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау. |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Санау барысында натурал сандардың реттік номерін анықтайды.
Көптеген оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, бір таңбалы, екі таңбалы сандарды ажыратады
Кейбір оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды азайтып, қоса алады, салыстырады |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
1.10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды. 2.Бір таңбалы сандарды ажырата алады. 3.10 көлеміндегі сандарды салыстырады, қосып, азайтады 4. Суреттегі заттарды 10-ға дейін толықтырып, суретін салады, 10 цифрын сандық сәулеге жазады.
|
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Сандарды оқу, жазу барысында «сан», «цифр амалдардың аталымын, «үлкен», «кіші», «тең» белгілерін қарапайым математикалық өрнектерде қолдана алу. |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жұпта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді. |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану,көркемеңбек. |
|||||
|
Бастапқы білім |
10 көлеміндегі натурал сандар қатарындағы орнын анықтай біледі. |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы
2 мин
3 мин
2 мин
Сабақтың ортасы
6 мин
6 мин
6 мин |
1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Психологиялық ахуал туғызу: Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! 3.Геометрия фигуралар арқылы 4 топқа бөлемін.
4
-Кім бірден онға дейін санап береді? - Кім бірден онға дейін тура кері санай алады? -0 ден 9-ға дейінгі сандар қандай сандар? -0 ден 9-ға дейінгі сандарды жазуда қанша цифр пайдаланамыз? 1-ден 9-ға дейінгі сандар қандай сандар?Бұдан қандай қортынды шығаруға болады?
(топ бір-бірін от шашумен бағалайды)
5. «Кім тез табады?» жұмбақ шешу арқылы сабақ тақырыбын,мақсатын шығарып аламын.
Алшаға кеп күнара Қонушы еді бір ара Бүгін тоғыз туысын Ертіп келді бұл ара Сонда бүгін алшаға Келіп қонды қанша ара (10 ара)
Оны білесің басы ашық, Тоғыздан соң келеді. Саусақтарды санап шық, Есебін сол береді. Қандай сан? (10 саны)
М. Ашық сұрақтар қоямын. 10 саны қанша цифрмен жазылады екен? -Адамның денесінде 10 санына тең қандай мүшесі бар? (10 саусақ, 10 башпай) -Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? ( 10 екітаңбалы сан) ( смайлк арқылы бағалаймын)
Белсенді оқу әдісі арқылы жүзеге асады (Хетти)
1.Сандарды ретімен орналастыр. 2.Сандарды тура және кері сана.
1о 9 1 4 2 7 6 8 5 3 33
Бағалау критерийлері: 1.Сандардың реттімен орналастыра біледі. 2.Сандарды тура және кері санай алады. Дескриптор :
(бағдаршаммен бағалайды)
2 – тапсырма Ж.Ж «Кім тез табады» ойыны.
Жемістердің артында қандай белгілер жасырынғанын тауып көр.
Дескриптор: 1. Жемістердің артында қандай белгілер жасырынғанын табады ( оқушылар жұппен бірін-бірі бағалайды)
Сергіту сәті: Санамақ санау Оң қолымда 5 саусақ Сол қолымда 5 саусақ 5+5 қосқанда Болып шықты 10 саусақ. Он аяқта 5 бармақ Сол аяқта 5 бармақ 5+5 қосқанда Болып шықты 10 бармақ
3 – тапсырма « Мен не үйрендім» ( жеке ,дәптермен жұмыс )
1.Төмендегі суреттен әр қапта 10 көгөніс болатындай етіп суретті толықтыр.
2.Сандарды сандық сәулеге жаз. 10 санын қоршап сыз. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Бағалау кетерийлері:
Дескриптор 1.Әр қапта 10 көкөніс болатындай етіп суретті толықтырады 2.Сандарды сандық сәулеге жазады
( Оқушылар жұппен бір-бірін тексеріп бағалайды) |
|
||||
|
Сабақтың соңы
5 мин |
Оқушылар интербелсенді тақтада орындайды.
1. Сандарды салыстыр >, = , <
10 * 9 2 * 10 10 * 5 10 *10 4 * 10
0 * 10 10 * 6 7 * 10 10 * 8 3* 10
2. Амал құра.
3.« Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақтар қойылады. - Қандай санмен таныстық? - 10 саны бір таңбалы сан ба,әлде екі таңбалы сан ба? - 10 санының алдында қандай сан бар? Бір таңбалы сандарды ата. - 10 санын қалай алуға болады?
|
АКТ-ны пай далану. |
||||
|
5 мин |
Кері байланыс:
Саралау бойынша берілетін тапсырма
|
|
||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Отшашу,смайлк,бағдаршам, топпен, жұппен бір-бірін бағалау, өз-өзін бағалау |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
||||
|
|
|
Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. |
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
|||||
|
|
||||||
. «Кубизм»
стратегиясы бойынша әр топқа сұрақтар қоямын.








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген