400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ "10 саны. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алматы қаласы, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін - өзі тану» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жетписбаева Ләззат Жұмашқызының 1 «А» сыныбында өткізген математика мен өзін - өзі тануды ықпалдастыру сабағы балабақша ға әдістемелік көмек ретінде өткізілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы,

«Бөбек» ҰҒПББСО

«Өзін - өзі тану» гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Жетписбаева Ләззат Жұмашқызының

1 «А» сыныбында өткізген

математика мен өзін - өзі тануды ықпалдастыру сабағы

Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы Мерзiмі:4.12.15ж

Тақырып:10 саны. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:сүйіспеншілік,достық, татулық

Мұғалiм:Жетписбаева Ләззат ЖұмашқызыСынып:1«А»Оқушылар саны:16


Сабақтың мақсаты: оқушыларға 10 саны туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:


1.Білімділік: 10 санының  құрылуымен таныстыру  және «бір таңбалы ,екі таңбалы сандар»  ұғымын қалыптастыру

2.Дамытушылық:  Оқушының  зейінін , зерде  үрдістерін, пәнге қызығушылығын  , жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, сүйіспеншілік,достық, татулық қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:   Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста  қолдана  білуге  тәрбиелеу.


Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Күнделік,дәптер,

пенал,

бейджик,қалам

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылар орындарынан тұрып , қонақтармен сәлемдеседі.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге

Басымызды иіп бәріміз

Оқушылардың құрал -жабдықтарын түгендеу

5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

    1. Тәртіп

    2. Талап

    3. Тыныштық

    4. Тазалық

    5. Татулық

- Кездейсоқ бөлу арқылы міне біз 4Т-дан тұратын 4 топқа бөліндік.Әр топта 1 топбасшы болады.1-топ басшысы ---

1-топ - «Тәртіптілер».

2-топ - «Талаптылар».

3-топ - «Тапқырлар».

4-топ - «Таланттылар».

- Енді білімдерімізді ортаға салып көрсетейік. 4топқа жауаптары үшін смайликтер беріледі.Ең көп жинаған топ жеңіске жетеді.

Алдымен ойымызды жинақтау үшін,тыныштық сәтіне кезек берейік.



Тыныштық сәтi:

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз...Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!


Ескертулер:

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

-Өтілген тақырыптарды есімізге түсіру үшін тапсырмалар орындайық. Әр топқа 1минут уақыт беріледі.

1-топ - «Тәртіптілер»тобына тапсырма:

  • Өмірде бәрі өлшеніп, таразыланады.Мысалға жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс, ақ пен қара сол сияқты математикада да салыстыру бар. Ендеше өрнектерді салыстырамыз.

Салыстыр. (<, >, =)

3Shape1 +0 8-7

5Shape2 +2 9-0

4Shape3 -0 5-1

8+1 Shape4 7+2


2-топ - «Талаптылар»тобына тапсырма:

  • 9 санының көршісі 8 санына арналған үйді толтыр, үй терезелеріне керекті сандарды қой.

  • Өмірде де көршіге көмектесу, қол ұшын созу.

3-топ - «Тапқырлар» тобына тапсырма:

  • Баспалдақтардан көтеріл.

  • Өмірде тек қана еңбек ету арқылы биіктерден көрінуге болады.

4-топ - «Таланттылар»тобына тапсырма:

  • 9 санының құрамын анықта.

  • Көршіңмен тату тұр, үй тұрғызуға көмектес.

Тапсырма жауабын тақтаға іледі.

-Жарайсыңдар ,балалар.тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.

Қорыту: Иә, балалар, өмірде де өз қадамын дұрыс аттап,әр ісін таразыға салып, салмақтап, баспалдақтардан биікке еңбектену арқылы көтеріліп, бір-біріне қамқор болып, үй салысып, көмектесіп, тату-тәтті сүйіспеншілікпен өмір сүру керек екен

Смайлик тарату



  1. Әңгiмелеу.


0 –дің пайда болу тарихы


Бір күні 6 саны гүл суарып жүр еді. Ол осы ісіне беріліп кеткендігі сондай , «Айтып жіберіңізші, сандар қайда тұрады?» деген бейтаныстың айтқан сөздеріне селт ете түсті.

6 саны жалт қараса, дөңгеленген және өте әдеміше келген бір нәрсе тұрады.

  • Мені Математика патшайымы жіберді. Оған көмек қолын созуды өтініп хат жіберген сіздер ғой?

  • Иә, біз үлкен сандарды санауды үйретуінін сұрағанбыз.Мысалға, былтыр менде көп қызғалдақтар гүлдеді, мен оларды санай алмадым. Санай алмаған кезде, барлығымыздың көңіл күйіміз түсіп кетеді,-деп түсіндірді

6 саны.

  • Уайымдамаңыз, мен сіздерге көмектесем!-деп дөңгеленген нәрсе нықтап айтты.

  • Тез мында жиналыңдар. Бізге әлемдегі үлкен сан келді!-деді 6 саны қобалжып.

Барлығы қонақтың айналасына тез жинала кетті.

-Менің атым-нөл,- деп сыпайы түрде өзін сандарға таныстырып өтті.

-Ой қандай дөңгелек!- деді Үштік таңданып.

- Ал қандай сандарды санай аласың? – деп бәрінен де бұрын осы сұрақ толғандырған Тоғыздық сұрады.

-Мен ешнәрсе санай алмаймын,- деп күрсіне жауап берді қонақ.

- Тіпті бір ағашты да санай алмайсың ба?–деп Бір саны абыржып кетті.

-Ештеңке істей алмаймын,- деді Нөл.

Сандар не істерлерін білмеді.Сонда ақылды , дана Тоғыздық былай деп шешті:

-Мұнда бір құпия жасырынып тұр.Математика патшайымы бізге Нөлді жайдан-жай жібермейді ғой.Бәріміз оған біздің қалашықтан үй тұрғызып берейік, ал қазірше, әрқайсысымыздың үйінде кезекпен тұра тұрғызайық.Ал қане, Бір саны сенен бастаймыз. Қонақ жолдан шаршап келді ғой.Қонақты өз үйіңе апар, демалсын.

- Ой, торғайлар ұшып келеді.Оларды тез арада санауымыз керек,- деп Бестік айғай салды.

-Бүгін олардың саны тура Он,- деп бірге кетіп бара жатқан Бір саны мен Нөл бірдей жауап берді.

- Сендер құстарды қалай тез санап қойдыңдар ,- деп Бестік қатты таң қалды.

-Бұл қалай болғанын өзіміз де білмей қалдық ,- деп екеуі тағы да бірдей жауап қатты.

-Екеуіміз қатар тұрған сәттен бірге Ондыққа айналдық.

Бұндай жаңалықты естіген Сандар түгелдей таңғалысып қалды.

- Өте таңғажайып екен, - деді Тоғыздық.,-егер Нөлдік санның жанына тұрса, Он есе көбейеді екен.Бұны тексеру керек екен.

Осы кезде Бестік Бір санының құлағына бір нәрсе айтады, Бестік Нөл санын жанынан жібереді.Бестік Нөлдің қасына тұрып,

қуанышты үнмен:

  • Міне мен тексердім!Мен қалай үлкейіп, көбейіп кеттім:жай ғана Бес емеспін, Бес ондықпын, тұп-тұра Елумін.Міне, керемет!!!

Барлық сандар қобалжып, әрқайсысы Нөлмен бірге бірге тұрып, өз мүмкіндіктерін сынағысы келді.Екілік Нөлді аспанға көтеріп, 20 санына айналды.Үштік тәтті тоқашты Нөлге беріп, 30 санына айналып кетті.Төрттік Нөлге қандай

үй салу керектігі жайында ақылдасты.Әрине, 4 саны да 40 санына айналды. Осы кезде Нөлдің қатты шаршап тұрғанын байқап тұрған Тоғыздық қатал дауыспен :

  • Бірлік, қонақты үйіңе алып кет, ол қатты шаршады.

Бір саны қонақтың қолынан жетектеп, ерекше қуанышпен үйіне кетті. Бақытты Бір санына аздаған қызғанышпен қараған басқа сандар да үйлеріне қайтып жатты.

Талқылау сұрақтары:

  • Ал әңгімеде нелер туралы айтылып тұр екен?

  • Сандар Нөлді қалай қарсы алды?

  • Басқа сандардан Нөлдің айырмашылығы неде екен?

  • Басқа сандармен ондық құрағанда Нөл қалай өзгереді екен?

  • Қалай ойлайсыңдар, басқа сандар Нөлге қандай үй тұрғызып береді екен?

  • Ол үйде сандар қалай тұрады екен?Тату -тәтті

  • Сендер Нөлге қалай көмектесер едіңдер?

Қорытынды: 0саны жеке тұрғанда ешбір мәнге ие бола алмайды.Сондықтан да сандар оған сүйіспеншілік танытып,өз қатарларына алып,үй тұрғызып берді.Адамдарда күнделікті өмірде солай бір-біріне сүйіспеншілік білдіріп, қамқорлық танытып, дос,тату болып өмір сүру керек екен.


Сергіту сәті

Оң қолымды 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ

Бәрін-бәрін қосқанда

Тең болады он саусақ

Жаңа сабақ

-Иә, балалар, ендеше бүгін біз "10 саны. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар"деген тақырыппен танысамыз.

Эл. Оқулықпен жұмыс

Кел,балалар, санайық,

9+1-ді қосайық.

Жаңа шыққан санды біз,

10 деп енді атайық.

Міне 10 саны осылай пайда болған екен.

Дидактикалық материалмен жұмыс

Күн суықта қолға ап,

Киіп алдым қолғап.

Жаурамайды енді,

«10»саусағым тоңғақ. (қолғап)

Слайдпен жұмыс сан кесіндісі

10 дегеніміз қандай цифрлардан тұрады екен? (1 және 0)

10- ең кіші екі таңбалы сан.


0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10-сандар қатары.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9- бір таңбалы сандар.

10-ең кіші екі таңбалы сан.

-Сандар қалашығындағы 1 "Бірліктер "үйінде 1-9 дейінгі сандар, яғни 1 таңбалы сандар тұрып жатқан .0 санына бір үй салып,оны

2 үй "Ондықтар"үйі деп атады.Онда 2 таңбалы сандар тұратын болады. Және оның ең бірінші тұрғыны 10 саны.Ол тұрғындар тату-тәтті,ұйымшыл, достар екен.


Санамақ санау арқылы 11санды 2 үйге орналастыру(Алдын ала 11 оқушыға тарату) Бір таңбалы сандар: Екі таңбалы сандар

 Бір дегенім — білеу,


Екі дегенім — егеу.


Үш дегенім — үскі,


Төрт дегенім — төсек.


Бес дегенім — бесік,


Алты дегенім — асық.


Жеті дегенім — желке,


Сегіз дегенім — серке.


Тоғыз дегенім — торқа,


Он дегенім — оймақ,


Он бір — қара жұмбақ.


Хормен айтқызу

Бір дегенім – бірлік

Онсыз болмас – тірлік

Екі дегенім – еңбек

Еңбек бәрін – жеңбек

Үш дегенім – үлес

Үлес үшін – күрес.

Төрт дегенім – терме

Тұрған жақсы – ерте.

Бес дегенім – белең

Сан үйреніп – келем.

Смайлик тарату



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.(4 ағаш беру)

  • Енді осы екі үйдің айналасына ағаш отырғызып, көрік берейік.(ағаш артында жазылған тапсырмаларды орындап ,тақтаға ілу)

1-тапсырма:

Дәптердегі 21-бет №1 10-ға дейін толықтырып, теңдіктер жазу

,яғни бір-біріне көмек беру, жетіспей жатқан жерінде толықтыру.

1-топ - «Тәртіптілер».1-баған

2-топ - «Талаптылар». 2-баған

3-топ - «Тапқырлар». 3-баған

4-топ - «Таланттылар». 4-баған

Ағашты тақтаға ілу


Дәптермен жұмыс (21-бет 10 санын жазу)

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз.

Көлбеу қойып дәптерді,

Көркем етіп жазамыз.

Смайлик тарату

2-тапсырма:

5-ағаш тапсырмасы: (Ағашты тақтаға ілу,сандарды

4-топқа тарату)

Ойын "Нөлмен кім кездеседі"

Ойын шарты: Әр топтан 3 баладан қатыстырылады. Бір бала-Нөл. Басқалары 1-9-ға дейінгі сандар.

Нөл айтады: Нөлмен кім кездессе сол ондыққа айналады.

Зарема мен Саида келіңдер.Атын атаған екі оқушы карточкаларын көтеріп,басқалар жаңа санды атайды.Нөл 2 таңбалы сандарды тез атайды.Сол сан нөлдің жанына тұрады.

Смайлик тарату

3-тапсырма:

6-ағашта :

- 10 санына сендерде лего, мозайкамен үй құрастырып көмектесесіңдер ме?

-Ендеше әр топ алдарындағы құрастырғыштармен 10санына үй тұрғызып , әңгімелеп берейік.

(Үй құрап 1-2 сөйлем айтады.) Смайлик тарату

-Сендерге риза болып, күн өзінің риясыз сүйіспеншілігін сыйлап тұр.

(Күнді тақтаға ілу)

  1. Дәйексөз. (Ағашты тақтаға ілу)

7-ағашта:мақалды бір бала оқиды.


«Бір тал кессең, он тал ек...».

Мақал

-Иә ,балалар , 10санына үй тұрғыздық айналасына ағаш отырғыздық . Яғни бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі

«Бір тал кессең, он тал ек...».


1.Дәйексөзді мұғалімнің дауыстап оқуы.

2. Дәйексөзді оқушылар дауыстап айтады.

3. Дәйексөзді ұлдар дауыстап айтады

4. Дәйексөзді қыздар дауыстап айтады

5.Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

6.Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды.



Қорытынды: Иә, әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, осының өзі үлкен сауапты іс. Ағаштарды кеспей,жұлмай ,табиғатқа қиянат жасамау керек.






  1. Топпен ән айту. (Орындық қою)

-Бүгінгі өткен 10 саны 10 саусақпен байланысты. Себебі,осы он саусақпен жақсы іс жасаймыз. Елге көмек береміз. Ендеше балалардың орындауындағы "Он саусақ"әнін

қабыл алыңыздар!

Он саусақ

Сөзі: М.Әлімбаев

Әні: Б.Қабланов

1.Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

2.Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

3.Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

4.Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ , жол салсақ





  1. Үй тапсырмасы.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Кері байланыс

- Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық... Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.


Смайлик санату

- Бүгінгі сабақта барлық топ жақсы қатысты .

Рахмет!Сау болыңыздар!






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі