Материалдар / ашық сабақ "10 санын қалай алуға болады?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ "10 санын қалай алуға болады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
525
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі.:Сандар мен цифрлар

Сабақтың тақырыбы: 10 санын қалай алуға болады?

Мектеп: ЖББОМ

Күні: 23.06.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенбаева Н.С.

СЫНЫП: 1 сынып

Қатысушылар саны: 34

Қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаты

1.1.1.1.натурал сандардың және нол санының құрылуын түсіндіру

1.1.1.2. бір таңбалы сандарды оқу ,жазу және салыстыру

1.1.1.3 бір таңбалы сандардың құрамын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

10-ға дейінгі сандарды оқу, жаза біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:

санды өрнектердің мәнін есептеуді жазуда «+», «–», «=» таңбаларын қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

10 санының құрылу жолы мен құрамын біледі.

Бағалау критерийлері

10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіреді.

10 көлемінде тура және кері санайды.

Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды

Бір таңбалы сандарды таниды және анықтайды.

10 көлеміндегі сандарды жазады және салыстырады.

10 көлеміндегі бір таңбалы сандардың құрылымын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Бір таңбалы сандар жұбы арқылы 10 санын қалай алуды үйренеді?

/айтылым/

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қосу, қосылғыштар, қосындының мәні

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Математикалық амалдарды атаңдар.

Қосу амалының компоненттерін атаңдар.

Өрнектерді қосынды түрінде жаз.

Қосудың қандай ережесімен таныстық?

Құндылықтарды дарыту

Бірлесіп әрекет жасайды.

Бір таңбалы сандар жұбы арқылы 10 санын қалай алуды үйренеді.

Қосу амалын орындау дағдысы дамиды.

Пәпаралық байланыс

Көркем еңбек.Жұмыс парағындағы доптың суретін салады

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

10 санының құрамымен танысты


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

1-2 минут







3-5 минут




























Ширату жаттығулары:

«1-ге арттыру және кеміту» ойынын ойнату арқылы 10 көлеміндегі сандарды 1-ге қосу және азайту туралы алған білімдері еске түсіріледі.

-Берілген таңбалар қандай математикалық амалдарды білдіреді?

-Бүгінгі сабақта қосу амалына берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасаймыз.

Кіріспе тапсырма

Оқушыларға ойыншықтардың екі тобы көрсетіледі.

Әр топтағы ойыншықтарды санап шығу ұсынылады. Мысалы: 4 және 6.

Екі топта неше ойыншық бар екенін қалай білеміз? /ойыншықтар санын қосу арқылы/

Берілген сандармен қандай мысал құрастыруға болады? /6+4/

6 мен 4-ті қоссақ қандай нәтиже аламыз? /10/

Сан түзуінің көмегімен тексеріп көрейік.

-10 санын қосу амалын қолданып, тағы қандай

тәсілдермен алуға болады?

Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа 0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған кеспеқағаздар жиынтығын, әрқайсысында 10 данадан 2 түсті санау таяқшаларының жиынтығын, сан түзуінің кескіні таратылып беріледі.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Сандар жазылған кеспеқағаздар ішінен кез келген екі санды алу;

2. Санау таяқшаларының көмегімен осы сандардың қосындысын табу;

3. Мысалды жазу.

Эксперимент нәтижесін топтарда зерттеуді ұйымдастыру: Қандай сандар жұптасқанда 10 шығады?

Әр топқа өздері жазған мысалдарын ламинатталған қағаздарға жазып көрсетулері ұсынылады.

(ҚБ) оқушы сандарды таниды және атайды

Мадақтау: ым-ишара






«+» және «–»

таңбалары жазылған




ойыншықтар








Сан түзуінің кескіні







кеспеқағаздар


Санау таяқшалары



Ламинатталған қағаздар


Сабақтың ортасы

6-10 минут


Оқулықпен жұмыс: «Дастарқан»

Оқулықтағы мерекелік дастарқан суретін қарап шығу ұсынылады;

Суретте қандай ұлттық тағам түрлері бары сұралады.

Жұппен жұмыс: Дастарқан неше қонаққа арналып жайылғаны сұралады.


Жауабы: Қонақ саны – 10, себебі қонаққа арналған ыдыс саны да – 10.

Бауырсақ: 9+1=10

Алма: 5+5=10

Шелпек: 7+3=10

Оқулық






11-12 минут



13-17 минут

















18-22 минут

Тәтті тоқаш: 8+2=10

Шай мен шырын: 6+4=10к

(ҚБ) Оқушы ойын қағазға жазып,көрсетіп,дәлелдейді.

Сергіту сәті.

Екі қолды қосқанда құшақ емес пе?

Екі қанат аспандап ұшады емес пе?

Тіркелсе екі дөңгелек,

Өзің тебетін велосипедің емес пе?

Тапсырма


  1. А) қосудың нәтижесін табу;

  2. Ә) 10-ға дейін толық.тыр:1,...,3,4...6,...8,...,10

  3. Б) 0 санымен қосу жағдайларына мысалдарды жаз

1+0=1

0+3=3 т.с.с.

(ҚБ) Қосудың нәтижесін табады және қажетті бөлігін анықтайды

2. Топпен жұмыс: Берілген кесте бойынша 10 саны шығу үшін барлық бір таңбалы сандардың қосындысын қарастырады.

Жауаптары:

1+9=10

2+8=10

3+7=10

4+6=10

5+5=10

6+4=10

7+3=10

8+2=10

9+1=10

10+0=10

Таратылған жеке бетке барлық нұсқаны жазып болған соң «Кір жаю» тәсілімен өз жұмыстарын көрсетіп, талқылау жұмысы жүргізіледі.

Оқушылар қолдарындарындағы стикерлерге жұмыстарға қатысты пікірлері мен ұсыныстарын жазып, тақтаға сол жұмыстын тұсына жапсырады.



Кеспеқағаздар жиынты







Слайд









































Кір жаятын жіп






23-28 минут























29-33 минут

(ҚБ) Бір таңбалы сандардың қосындысын жазады ,өз жұмыстарын сыныпқа көрсетеді.

Қосымша тапсырмалар


Жауаптарын суреттің астыны мысал ретінде жазып көрсет:

Жауабы: 3+7= 10 10+0= 10

9+1= 10 5+5= 10

6+4= 10 5 +5= 10

(ҚБ) «+»,белгілерінің көмегі арқылы сызықтармен қосады

Мысал құрастыру


(ҚБ) Қатардағы заттардың санын теңестіреді




























доптың суреті

Сабақтың соңы

34-35 минут

«Жетістік баспалдағымен» өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін.




Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспар-лайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Аз қолдауды қажет ететін оқушылар

Жазу парағындағы алынған мысалдарды азайту амалымен тексереді

Барынша қолдау қажет ететін оқу-шылар

Сандарды аяқтап жазады.

Оқушылар берілген теңдік пен теңсіздік-ке байланысты сандарды жазады.

Оқушылар сабақтың соңында жұптар құрастыру арқылы

10 санын алуды меңгереді.

Меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қою арқылы тексеремін

Сыныптасындағы және сендегі қаламдар санын салыстыр?

Екі түрлі заттар тобын біріктіру қандай амалды орындау деген сөз? т.с.с.

10 санын алу үшін қандай сандарды қосу керек?

10 санын алу үшін 8 бен 2-ні қосса қанша болады?

10 шығу үшін 6-ға нешені қосамыз?

Айшаның 7 түрлі түсті қарындашы бар,ал Мәдинаның 3 түрлі түсті қарындашы бар.Қыздарда түрлі түсті қанша қарындаш бар?

Азамат 10 мәшине жинау керек.Оның 5 мәшинесі бар.Оның

мәшинесінің саны 10-ға жету үшін әлі неше мәшине жинау керек.



ширату


Сергіту сәті








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!