400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын ұстану туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп; «Достық» жалпы орта мектебі

Тақырып: Салауатты өмір салты

Құндылық : дұрыс әрекет

Қасиеттер: тазалық, ұқыптылық, жауапкершілік

Мұғалiм: Бейбітхан Д.М Сынып: 10

Сабақтың мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін аша отырып, дұрыс әрекет құндылығының өмірдегі маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

  • Салауатты өмір салтын ұстану дұрыс әрекет екендігін түсіндіру;

  • Оқушылардың бойында сүйіспеншілік, тазалық, ұқыптылық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

  • Құмарлықты тыя білуге, қоғамға риясыз қызмет етуге, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  • 5 «Т» ережесі

  1. Тыныштық сәті

БАҚЫТ АРАЛЫНА ОЙША СЕРУЕН.

Баяу музыка қойылады. Ал, енді балалар көзімізді жұмамыз.Бойымызды еркін ұстаймыз. Баяу музыка ырғағымен бақыт аралына сапар шегеміз . Біз бақытқа апарар жолмен аяңдап келеміз. Қасымызда өзіміз жақсы көретін сыныптастарымыз бен аңгіме дүкенін құрып, мәз -майрам болып, келе жатырмыз . Айналамыз жап -жасыл қыр гүлдері жайнап тұр . Гүлдің иісі мұрныңды жарады. Сен тіпті, өз еліңде емес, бір ғажайып жерде жүріп бара жатқандайсың . Келе жатырмыз,көк -жасыл майсаны басып келеміз ,бір -бірімізге "майсаны баспа "-деп ақыл да айтып койямыз. Сөйтіп жүріп , көздеген жерімізге жетіп те калдық.Алдымыздан үлкен тамаша гүлге оранған қақпа көрінді .Кенет,"келіңдер ,балаларым, біз сендерді күтіп отырмыз дегенде әлгі қақпа айқара ашыла кетті .Біз жаймен ішке кіріп келеміз .Бақ іші толған жан - жануар ,адамдар. Олар бір –біріне мейрімді, қамқор. Көкте алуан түрлі құстар тамылжыта ән салуда. Құстардың дауыстарың тамашасын- ай! Бұрын соңды бұндай тамаша дауыс естіп көрмегендеймін .Сәл ары жүрсек , бақыт бұлағында тап –таза, мөлдір су сылдырлап ағып жатыр . Бақтың ішін аралап жүріп ең биік жерінде , өзге ғаламшарда жоқ қош иісті, әдемі, сиқырлы гүл өсіп тұр. Кім сол гүлге тілегін айтып алса сол адам бақытты болатын көрінеді. Біз сол гүлді алып, бір -бірімізге бақыт тілеп бақыт гүлін ұсынып, өзімізге таныс жолмен қайтамыз. Енді сол бақытты жүзімізбен сыныпқа кірдік. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


Ресурстар: оқулық, үн таспа,

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

12 сабақ. 45-52 бет Ұ.Есдәулетовтың «Қара пима» атты өлең жолдарын оқып келу.


  • Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңыздар?


Сабақ барысын талқылау:

  1. Жағымды ой-пікір


Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде! Мақал


Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.



  1. Оқиға айту.



Бейнебаян тамашалау.

  • Бейнебаяннан қандай ой түйдіңіз?

  • Адамдар неліктен ішімдікке, шылымға неге құмар деп ойлайсыз?

  • Салауатты өмір салтын ұстанудың жолдарын атап беріңіз.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында акция өткізіңіздер. Акция бойынша қабылданған ашық хатты мектепішілік талқылауға ұсынып, өзгелердің де ұсыныс, талаптарын білдірулерін қамтамасыз етіңіздер. Ортақ қорытынды жасаңыздар.

Дәптермен жұмыс.


  1. Топпен ән айту.


Құс жолы

Әні: Т.Мұхамеджановтікі

Сөзі: Ұ.Есдәулетовтікі


Аспан, аспан шайдай ашық,

Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.

Құс жолы ғарыш көкке туған жерден,

Қараймын жандай ғашық.

Қолға келіп қонса жұлдыз,

Жанға серік болса жұлдыз.

Ғарышқа қанат қақты самғап,

Туған жерден қаншама ұл-қыз.


Қайырмасы


Құс жолы шақырады арманға ұқсап,

Жұлдыздар жайып арман құшақ.

Жаса мәңгі, жырға толы өлкем,

Жаса мәңгі, жырға толы көркем өлкем.

Сен Отан, достық әннен қуат алған,

Бақыт құсы бүгін ұя салған.


Келді жайнап бала көктем,

Күткен еді дала көптен.

Шалғынды тербей есті ерке самал,

Жібектей жаңа леппен.

Ауыл, саған талмай ұштық,

Бұлақ суын қанбай іштік.

Қарлығаш ұя салған туған үйлер,

Бізге қандай ыстық.


Қайырмасы


  1. Үй тапсырмасы.

13 сабақ. 56-57 бет С.Ақатайдың әңгімесін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті


Балалар салауатты өмір салтын ұстанып, бүгінгі үйренген тазалық, ұқыптылық, жауапкершілік жақсы қасиеттерімізді бойымызға сіңіріп, дұрыс әрекет құндылығын жүрегімізде сақтайық!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі