400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ашық сабақ "1,2,3 сандарын пысықтау,өткенді қайталау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным. Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: ҚМТҚ, Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: 1,2,3 сандарын пысықтау, өткенді қайталау.

Мақсаты: Танымдық білімдерін бекіте отырып, зеректікке, шапшаңдыққа,

тез ойлануға дағдыландыру. Ролдерді дұрыс бейнелеп жеткізе білуді үйрету.

Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: 1-3 сандар.

Аю мен түлкінің қуыршақ бейнелері, суреттер, қажетті атрибуттар.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: Слайд.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды,

Амандасу үлкенге ,

Тәрбиенің басы ғой,

Ал, кәнекей, бәріміз ,

Сәлем дейік үлкенге.

(Балалар қосыла айтып, қимылмен көрсетеді.)

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табуға тырысыңдар.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

-Қар.

-Қазір далада қар бар ма?

-Бар.

-Ендеше қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс.

-Қыс мезгілі туралы не білесіңдер?

( Қыс туралы айтады)

-Ал, бір жылда неше мезгіл бар?

-Төрт мезгіл

-Қане, атап айтайықшы.

(Балалардың жауабы.)

-Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?

-1санын

Осы бір саны туралы небілеміз.

Жіңішке жалғыз таяқша,

Бір саны ол айрықша.

-Ал, мынау қандай сан?

Екі саны туралы небілеміз.

-2 саны.

Міне, екі саны тұр.

Қараңдаршы неткен түр

Мойнын алға иеді,

Құйрығы еріп жүреді.

-Ал, мынау қандай сан?

Үш саны туралы не айтасыңдар

-3 саны

Екіден кейін қараңдар,

Үш саны шықты жарандар.

Үшінші орын тұрағы,

Үш ілмекті қосып тұрады.

-Рахмет, балалар

Осы кезде теледидардан әже көрінеді.

Әже:

-Мен балаларға арнап бауырсақ пісіріп, терезенің алдына суытып қойып едім,енді қарасам орнында жоқ. Маған бауырсақты табуға көмектесесіңдерме?

-Балалар, әжеге көмектесеміз бе?

-Қайдан іздесек екен ?

Осы кезде ағаштың арасынан секіріп қоян шығады.

-Бауырсақтың қайда екенін мен білемін.

-Айта ғой қоян, мен саған көп сәбіз беремін.

Қоян:

-Бірақ, балалар менің тапсырмамды орындаса ғана айтамын.

-Балалар, қоянның тапсырмасын орындаймыз ба? -Иә, орындаймыз.

Балалардың жауабы.

«Кім қайда тұрады?»

Ит , аю, құстың суреті бейнеленген. Біз олардың үйлерін табамыз.

Қане, кім тақтаға шығады?

-Ал, қоян , балалар тапсырмаңды орындады, енді бауырсақтың қайда екенін айта ғой.

Қоян.

-Рахмет, балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар. Ал, бауырсақты қасқыр алып кетті.

(Қоянға сәбіз беріп, шығарып салу)

Осы кезде арсалаңдап қасқыр келеді.

Қасқыр:

-Бауырсақты кім алғанын мен білемін.

-Өтірік айтпа, қасқыр , осы жаңа ғана қоян, сенің алғаныңды айтты ғой. Қасқыр:

-Егер бауырсақ керек болса , балалар менің тапсырмамды орындасын.

-Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба, балалар?

«Кім немен коректенеді?»

Тақтадағы сурет бойынша жануарлардың немен коректенетінін табу.

-Ал, кәне, кім табады?Кірпі,қоян, тиін, тышқан не жейді? (Кірпі саңырауқұлақ, қоян сәбіз, тиін жаңғақ, тышқан ірімшік жейді)

-Өте жақсы балалар, ал, Қасеке балалар тапсырманы орындады. Енді бауырсақты кім алғанын айтасыз ба? Қасқыр:

-Әженің бауырсағын аю алып кетті.

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың ,

Құлпынайы көп екен,

Теріп- теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

-Қап, аю ендігі, бауырсақты балмен қосып жеп қойған шығар.

Осы кезде қорбаңдап аю келеді.

Аю:

-Бауырсақты кім алғанын мен білемін.

-Айта ғой аю, егер шыныңды айтсаң , мен саған көп бал беремін . Аю:

-Бірақ, мен балалар тапсырмамды орындаса ғана айтамын.

-Кім санамақ біледі?

1-дегенім - бесік,

Шықтым содан өсіп.

2-дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.

3-дегенім-үміт,

Аю:

-Рахмет, балалар, өздерің шеттеріңнен ақылды екенсіңдер.

Әженің бауырсағын түлкі алып кетті. (Аюға бал беріп, шығарып салу)

-Қап, сені ме,түлкі? Енді оны қайдан тапсақ екен?

Осы кезде қутыңдап қу түлкі келеді.

-Қане, қу түлкі, әженің бауырсағы қайда , тауып бер.

Түлкі:

-Әженің бауырсағы менде, бірақ бермеймін, балалар менің тапсырмамды орындаса ғана беремін.

-Балалар, түлкінің тапсырмасын орындаймыз ба?

«Жақсы мен жаман.»

-Досыңа көмектескен жақсы ма, жаман ба?

-Өтірік айтқан жақсы ма, жаман ба?

-Біреудің затын рұқсатсыз алған?

-Гүлге су құйған?

-Ағашты сындырған?

Түлкі бауырсақты беріп, кешірім сұрайды.

Осы кезде теледидардан әже көрінеді.

-Балалар, бүгін сендер үлкен іс тындырдыңдар. Маған бауырсақты табуға көмектестіңдер.Осы бауырсақты сендерге арнап пісірген едім, өздерің жей қойыңдар.

Ал, сау болыңдар, рахмет сендерге.

-Балалар, әже бізден не үшін көмек сұрады?

-Бауырсақты табуға бізге нелер көмектесті?

-Бұл кейіпкерлер бізге қандай ертегіні еске түсіреді?

-Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Балалардың жауабы.

Рефлекстік түзету

Балалар өз ойларын айтады.

-Иә, маған да ұнады, себебі сендер бүгін үлкен қайырымды іс жасадыңдар, әжеге көмектестіңдер, тапсырмаларды орындап , білімдеріңді шыңдадыңдар. Балаларды мақтау.

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек: 1-3 сандарын танып ажырата білу.

Нені игереді : Ертегі кейіпкерлері екендігін атап тапсырманы орындауды игерді.

Нені біледі: сануды, санамақтарды біледі.

Тәрбиеші: Қалипанова Б. Т.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
866
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі