400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. 16-Желтоқсан Тәуелсіздік күні.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға еліміздің Президентін ,рәміздерімізді таныстыру. Отан туралы түсініктерін кеңейту,сөздік қорын ,тіл байлығын дамыта отырып тақпақты мәнерлеп айта білуге үйрету.Еліміздің рәміздерін қастерлеп,отанын сүюге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Ел басы –елдің тірегі

Мақсаты:Балаларға еліміздің Президентін ,рәміздерімізді таныстыру. Отан туралы түсініктерін кеңейту,сөздік қорын ,тіл байлығын дамыта отырып тақпақты мәнерлеп айта білуге үйрету.Еліміздің рәміздерін қастерлеп,отанын сүюге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері және слайд көрсету.

Ұйымдастыру кезеңі:Шаттық шеңбері

Тәрбиеші: Отаным менің кең байтақ,

Жайнаған сансыз қаласы

Ел отан біздің кең байтақ,

Отанның біздер баласы

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Дұрыс айтасыңдар ,осынау қыс мезгілінің ең алғашқы күні біздің елімізде ерекше бір мереке болады.Ол мереке біздің Ел басымыздың құрметіне арналған. Бұл күнді Президент күні деп атайды.


Дидактикалық ойын: «Ән ұранды тап»

Гимнді орындау


Слайд 1: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлын көрсету.

-Елбасымыз кім?

-Елбасымыз қай қалада тұрады?

-Қайда жұмыс жасайды?

Ендеше Елбасымызға арнап тақпақтар айтып берейік.


Елбасымыз Нұраға,

Салғызып Алтынорда

Кқгертіп елін қазақтың,

Көрсетпей өмір азабын


Қазақ елі –Қазақстан

Болашаққа үн қосқан.

Жақсы күнге жетелеген

Елбасым менің-Нұрсұлтан


Елімінң елбасшысы

Нұрсұлтан атамыз аман болсын!

Жасай бер ,Қазағым!

Жасай бер, Елбасым!


Тәрбиеші:

  • Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

  • Біздің отанымыз қалай аталады?

Ендеше отанымыз Қазақстанға арнап тақпақтар айтып берейік.


Отан туған гүліміз,

Отан туған-жеріміз.

Тек ғана осы отанға

Арналады әніміз


Отан –деген атамекен,

Отан-деген туған жер

Отан ана ,Отан пана

Қазақстан туған ел


Тәрбиеші:

  • Біздің туымыздың түсі қандай?

Көк түс- адалдықпен тазалықтың белгісі .Тудың ортасындағы күн мен қалықтаған қыран құсты бейнелегені еліміз жарқын болсын , дала қыранындай қырағы дархан болсын дегені. Оюдың бейнеленгені –қазақ екенімізді білдіреді. Түстердің сары болуы –молшылықтың белгісі.


Ендеше көк байрағымызға тақпақтар арнайық.

Айнымайды аспанан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халыққашанда.

Биікке іліп қояды.


Туымызға жас туған,

Біз қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз көктейміз.


Дидактикалық ойын: «Өз туыңды тап»

Дидактикалық ойын: «Не жетіспейді»


Балалардың назарын Елтаңбаға аудару.

Бұл біздің елдің елтаңбасы.Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақ еліміздің бір тұтастығын білдіреді.Шаңырақтан күн тәріздес уықтар таралған.Шаңырақпен уық отбасы негізі. Екі жақтаңы тұлпар мәңгіліктің белгісі.Шекесіндегі бес жұлдыз елдің жарқын болашағы. «Қазақстан» -деген жазу біздің қазақ елі екенімізді білдіреді.


Хор: «Күн шуақ мекені Қазақстан»

Елтаңбасы елімінің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспап әлемі.


Би: «Қара жорға»


Қорытынды: Елбасымыз кім?

Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Туымыздың түсі қандай?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
11644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі