Материалдар / Ашық сабақ 16-желтоқсан тәуелсіздік күні
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ 16-желтоқсан тәуелсіздік күні

Материал туралы қысқаша түсінік
16-желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған сценарий.Балаларға тәуелсіздікті алу жолындағы батырларымыздың ерең еңбегін,қиыншылықпен,қантөгіспен келгендігін түсіндіру.Балаларды отансүйгіштікке,патриотизмге,аманатқа қиянат жасамауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2023
171
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН» ЕРТЕҢГІЛІГІ



Мақсаты :

1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.



2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.



Тәрбиеші сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың »Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!

Мектепалды даярлық тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалар ән ырғағымен залға кіреді.

Сәлемдесу рәсімі

Армыcың, алтын күн,

Армыcың, Жер Ана,

Армысың, көк аспан,

Aрмысың қонақтар,

Армысың, достарым!

Әнұран айтылады.

Тәрбиеші сөзі:

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.

Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

Би: Атамекен

-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлеңдерін айтып берсін.

Ахмет:

Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.

Ерке:

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел — Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.



Аяулым:

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен- байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тура бер

Қазақстаным менің!

Жоха:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Алия:

Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні — бұл,

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні — бұл

Зейнеп:

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Тәрбиеші сөзі:Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұқанова, Ләззат Асанова сынды апа – ағаларымыз ерлік көрсетті.. Оларға үлкен айып тағылды.

Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің жандардың көрінісінен үзінді тамашалаңыздар.

КӨРІНІС

Сот залы.

Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.

Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң ға бардың ба?

Қайрат Рысқұлбеков - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.

Прокурор: - Не мақсатпен ?

Қайрат Рысқұлбеков Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.

Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?

Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.

Хатшы Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!

Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды. Қайрат Рысқұлбеков Жоқ, бұл әділдік емес

Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.

Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?

Қайрат; Бар.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқамдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін

Хош аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

«Қара бауыр қасқалдақ» әні орындалады.

Тәрбиеші сөзі:

Осыдан 37 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Бас алаңда ел жосқан,

Жастар қаны жуған түн.

16 желтоқсан-

Тәуелсіздік туған күн!



-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.



-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына арнаған билерін қарсы алыңыздар:

Би:Алға Қазақстан

Тәрбиеші:

Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру

«Болса екен қазақ баласы»

Ертеңі өсіп елімнің

Сабырлысы болса екен

Ар-ұятты айбатты

Азулысы болса екен

Батыл, берік орнықты

Байсалдысы болса екен

Алғыр, зерек, мейрімді

Ақылдысы болса екен

Тапқыр, шешен талапты

Өнерлісі болса екен

Ойшыл, өткір, дарынды

Білімдісі болса екен

Сергек, іскер, сезімтал

Саналысы болса екен

Парасатты намысты

Отаншылы болса екен

Болса екен қазақ баласы

Ел ішінде өсетін

«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін

Ізгіліккке леп едім

Жақсылыққа сеп едім

Тәуелсіз елдің ертеңін

Осылай көрсем деп едім — деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін.

Олай болса қыздарымыздың орындауында «Шаңырақ» биін бірге тамашалайық

Тәрбиеші: Ал, құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!