жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі 8 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес |
Мектеп: «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» КММ-сі |
||||||
|
Күні: 13.12.2018ж. |
Мұғалім: Толегенова Б.Б. |
||||||
|
Сынып: 8 «А» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі |
||||||
|
Зерттеу сұрағы |
|
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізі-летін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
1836-38жж Бөкей Ордасындағы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болған себептерді анықтау. |
||||||
|
Бағалау критерийлері |
Қолдану- тарихи оқиға орнын картаға түсіреді; Сыни ойлау мен талдау- көтерілістің басталуын, барысын, нәтижесін, тарихи мағызын талдайды; Бағалау- көтеріліс басшыларын бағалайды |
||||||
|
Тілдік мақсаттары Терминдер: Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер |
Пәндік лексика мен терминология: Шағым-петиция, жазалаушы отряд, рапорт, буферлік аймақ Оқушылар Бөкей Ордасындағы көтерілістің басталуы, жүру барысы мен нәтижесі туралы зерттеу жұмыстары жүргізіледі. «Исатай мен Махамбеттің ортақ идеясы қандай болды?» тақырыбына ой-түйін жасайды. (оқылым,айтылым, тыңдалым, жазылым дағдысы) Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басты себебі... Исатай мен Махамбеттің ортақ идеясы... Исатай мен Махамбетті ..... біріктірді Бұл оқиға/тұлға маңызды болды, өйткені... Бұл оқиғаның салдары... |
||||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын, көтерілістің себептерін, салдарын, маңызын талдау барысында жүзеге асады. Құндылықтарынан «Функционалды сауаттылық», «Құрмет пен ашықтық» сабақ бойы іске асады. Жаһандық азамат ретінде - Ресей империясының отарлау саясатының нәтижесіндегі болашақ өзгеріске дайын болу қажеттігін түсінеді |
||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
География, дүние жүзі тарихы пәндерінен алған білімдерін картамен жұмыс жасау барысында пайдаланады. Әдебиет пәнінен алған білімін Махамбеттің ақындық өнерін бағалағанда қолданады. |
||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі. Қауіпсіздік ережелерін сақтау үнемі бақыланады. |
||||||
|
Бастапқы білім |
ХVІІІ ғасырда басталған Ресей империясының отарлау саясатының мақсаттары мен алғашқы әрекеттерін біледі |
||||||
|
|
|||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
|
Қызығушы-лықты ояту |
(Т) Ұйымдастыру сәті. Сыныпты топқа бөлу. Көтеріліске қатысты топтардың (жазалаушылар, сұлтандар, шаруалар, старшындар) атаулары жазылған карточкалар бөлме қабырғасының әр жеріне ілінеді. Оқушылар қалаулары бойынша (топтар тапсырмалары қарапайымнан күрделілігіге орай, көтеріліске қарсы топтардан көтерілістің негізгі ұйымдастырушы топтары ара салмағына қарай берілген) өз деңгейлеріне сәйкес таңдаған карточка тұсына жиналып, топтасады.
жазалаушылар сұлтандар шаруалар старшындар (Б) Ой шақыру. Тақырыпқа шығу. (М) «Сол жердемін деп елестетіңіз» тапсырмасы бойынша суретпен жұмыс жүргізіліп, оқушыларға төмендегі сұрақ қойылады:
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады. «Махамбет Өтемісұлы» бейнематериалынан үзінді көрсетіледі (7:37 -12:04 аралығы) Бейнематериалмен тыңдата отырып, келесі тапсырмаларды орындатыңыз. Оқушыларға кемінде маңызды деген 6 немесе 4 мағлұматты дәптерге жаздыртып, сол мәліметтер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтатуға әрекет жасаңыз. Бір- екі оқушының жазған маңызды ақпаратымен тақырыпты анықтатыңыз. М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына «Исатай мен Махамбетті қандай ортақ идея біріктірді?» назар аударылады. |
Презентация Топтар атауы жазылған карточка https://www.youtube.com/watch?v=01zPtwV_-kI М.Өтемісұлы «Мен, мен едім» термесі |
|||||
|
|
(Б) 1-тапсырма. Жаңа ұғымдармен жұмыс «Ұғымдардың мағынасын табайық» Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Алдымен тақтаға жаңа ұғымдар мен сөз тіркестері «шағым-петиция», «жазалаушы отряд», «рапорт») жазылған карточкалар ілініп, оларды белгілі бір тарихи оқиғамен сабақтастырып, берілген сөздердің мағынасын ашу сұралады. Сонан соң оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылап, оларды тақтадағы жаңа ұғымдардың атауларымен сәйкестендіру тапсырылады. Мұғалім тапсырманың дұрыс/бұрыс орындалуын тексеру қажет. Уақыт тығыз болған жағдайда жаңа ұғымдарды мұғалімнің өзі түсіндіріп кетуге мүмкіндігі бар.
Шағым-петиция- Билік орындарына, өкілдеріне арналған ұжымдық өтініш; Жазалаушы отряд - Қарсылық көрсетушілерді жазалайтын патша өкіметінің әскері; Рапорт- Есеп Буферлік аймақ- екі мемлекет шекарасының ортасындағы нейтралды аймақ Зерттеу мен талдау (Т) 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс «Ақпаратты талдайық» Топтар мәтінде берілген ақпаратты Бөкей Ордасындағы әлеуметтік топтардың өкілі ретінде талдайды. Әр топ өз тақырыптарына қатысты мәтін мазмұнын оқып, мәселені талдап, зерттейді. Төрт топтың жұмысы бағаланады, олардың жасаған тұжырымдарына комментарий беріледі/ (Мәтінді оқу үшін әр топқа 8 минут, игерген ақпараттарын жариялау үшін 5 минут беріледі) I-топ. «Шаруалар» Көтеріліс себептері 1. Көтерілістің кезеңдерін және оның хронологиялық шеңберін анықтаңыз; 2. Көтеріліс болған аумақты картадан көрсетіңіз; 3.Көтерілістің себептерін атаңыз; 4. Қандай әлеуметтік топтың мүддесінің тапталғаны көз жеткізіңіз. II- топ. «Старшындар» Көтерілістің басталуы, алғашқы кезеңі 1. Көтерілістің басталуына түрткі болған оқиғаны атап, сипаттаңыз; 2.Көтерілістің сипаты мен мақсатын анықтаңыз; 3. Тарихи оқиға тұсындағы тұлғаларды атаңыз, осы оқиғада ол тұлға қаншалықты маңызды екенін түсіндіріңіз; 4. Көтерілістің барысындағы басты оқиғаларды талдаңыз. III- топ. «Сұлтандар» Көтерілістің шешуші кезеңі 1.Көтерілістің үдеуі қандай өзгерістерге әкелгенін анықтаңыз; 2.Көтерілісті басуға жіберілген жазалау отрядтарының басшыларын анықтаңыз; 3.Көтерілістің негізгі ошақтарын, шайқас болған жерлерді картадан көрсетіңіз; 4.Көтерілісшілер мен хан жасақтары, жазалаушылар арасындағы болған шайқасты әңгімелеңіз IV- топ. «Жазалаушылар» Көтеріліс нәтижесі 1.Көтерілістің нәтижелерін анықтаңыз; 2.Көтерілістің жеңілу себептерін атаңыз; 3.Көтерілісшілердің түпкі мақсаты неге орындалмағанын түсіндіріңіз; 4.Көтеріліс барысындағы басты тұлғалардың тағдыры туралы әңгімелеңіз; 5.Көтерілістің тарихи маңызын бағалаңыз.
Бағалау критерийі: Сыни ойлау мен талдау –1836-38жж Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебін, мақсатын, барысын, нәтижесі мен тарихи маңызын талдайды. Дескрипторы: 1-топ.Көтерілістің кезеңдерін мен хронологиялық шеңберін дұрыс анықтайды. Көтеріліс болған аумақты картадан дұрыс көрсетеді. Көтерілістің кемінде 2-себебін анықтайды. Халықтың мүддесінің тапталғаның кемінде 2-мысал келтіру арқылы дәлелдейді; 2-топ. Көтерілістің басталуына түрткі болған 1оқиғаны атап, сипаттайды.Көтерілістің мақсатын анықтайды. Тарихи оқиға тұсындағы кемінде 2 тұлғаны атайды, 1 тұлғаның оқиғада қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді. Көтерілістің барысындағы кемінде 1 басты оқиғаларды талдаңыз; 3-топ. Көтерілістің үдеуінің 1 өзгеріске әкелгенін анықтайды. Көтерілісті басуға жіберілген жазалау отрядтарының кемінде 1 басшысын атайды. Көтерілістің негізгі ошақтарын, шайқас болған жерлерді картадан көрсетеді. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасындағы болған1 шайқасты әңгімелейді; 4-топ. Көтерілістің кемінде 1 нәтижелерін анықтайды. Көтерілістің кемінде 1 жеңілу себептері атайды. Көтерілісшілердің түпкі мақсатының орындалмауының кемінде 1 себебін түсіндіреді. Көтеріліс барысындағы кемінде 1 басты тұлғаның тағдыры туралы әңгімелейді. Көтерілістің кемінде 1 тарихи маңызын бағалайды. Кері байланыс. Топтардың бір-бірін бағалауы.. «Смайлик сыйлау» Интерпретация. Мұғалім оқушылардың жаңа білімді қаншалықты игергенін және күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін анықтау үшін «Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?» деген проблемалық сұрақ қойғаны жөн. Оқушылардан толық жауап алу үшін төмендегідей тапсырма беріледі.
(Т) 2-тапсырма. Әр топқа Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?» тақырыбында рольдік ойын ұйымдастырылады. Әрбір топтан бір оқушы мәселен, «Мен Исатайды қолдап, қолыма қару алуымның себебі......» деген тірек сөйлемдер негізінде Махамбет ақын-батырдың кейпіне еніп, өз тобының ойын жеткізеді. Тапсырма орындалып болғаннан кейін, тұлға роліне енген оқушыларға кері байланыс беріледі. Дескрипторы: -Қос батырды біріктірген ортақ мақсаттың кемінде 1-іне мысал беру; -Қос батыр туралы өзіндік 1 пікір ұсыну.
Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы. «Смайлик сыйлау» |
Жаңа ұғымдар жазылған карточкалар 8 сынып. Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Атамұра, 2012. Карта Таратпа- мәтіндер Көмекші сөз жазылған парақша немесе слаидқа жазып қою |
|||||
|
|
|
|
|||||
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Сары түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. |
Стикерлер |
|||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
|
Оқушыларды топтарға бөлгенде әр топта қабілеті жоғары оқушылар болғанын қадағалаймын. Рольдік ойында қабілетті оқушылар ерекшеленеді. |
Оқушылар өзара критерийлер арқылы бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы. |
Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолданылады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау үнемі бақыланады. |
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген