400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі . 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәңгілік ел» идеясы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған ұлттың азаттығы үшін болған көтерілістер тарихын талдау барысында жүзеге асады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

Мектеп: № ЖОББМ КММ


Сағат саны: 2 сағат

Күні: 05.12.2019ж


Мұғалімнің аты-жөні: Айтбаева.Н.А.


Сынып: 7 А


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

Алғашқы сабақ (1-сабақ)

Зерттеу сұрағы

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты


  • 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

  • 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру


Тарихи концепт (фокус)

  • Себеп және салдар

Сабақтың мақсаты


Барлығы: Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің себеп-салдарын анықтайды,

Көпшілігі: Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі маңызын талдайды.

Кейбір оқушы: Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді

Бағалау

критерийлері





Сыни ойлау мен талдау –1836-38жж Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебін, сипатын, мақсатын, барысын, нәтижесі мен тарихи маңызын талдайды;


Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар

Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған 1836-1838жж Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс туралы зерттеулерді талдайды (оқылым, айтылым, жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Шағым-петиция, жазалаушы отряд, рапорт, буферлік аймақ

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебі...

Көтерілістің мақсаты...

Көтеріліс барысындағы басты оқиға...

Көтерілістің нәтижесі...

Көтерілістің жеңілу себебі.....

Исатай мен Махамбет көтерілісінің ерекшелігі...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған ұлттың азаттығы үшін болған көтерілістер тарихын талдау барысында жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

География, дүние жүзі тарихы пәндерінен алған білімдерін картамен жұмыс жасау барысында пайдаланады.

Әдебиет пәнінен алған білімін Махамбеттің ақындық өнерін бағалағанда қолданады.



АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

ХVІІІ ғасырдың басындағы Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршыл саясаты туралы біледі



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

1-сабақ


Қызығушылықты ояту

1-мин












5-минут






2-минут














1-минут

Ұйымдастыру сәті.

Адал ұлмын халқыма

Адал болам антыма

Кім болсам да елімнің

Дақ салмаймын даңқына!


Сыныпты топқа бөлу.

«Социометрия» әдісімен 4 топқа бөлу.

Көтеріліске қатысты топтардың (жазалаушылар, сұлтандар, шаруалар, старшындар) атаулары жазылған карточкаларды оқушылар қалаулары бойынша алады. Сәйкес таңдаған карточка тұсына жиналып, топтасады.


Прямоугольник 5

Старшындар


Прямоугольник 6

Шаруалар


Прямоугольник 7

Сұлтандар


Прямоугольник 8

Жазалаушылар





«Стоп кадр» әдісі арқылы бейнебаян көрсету Бейнематериалмен тыңдата отырып, келесі тапсырмаларды орындатыңыз.



1-тапсырма «Борт»журналының

Оқушылар алдын ала дайындалған парақтардағы «Борт»журналының бірінші бөлігін толтыру, мақсаты: оқушылардың болжам жауаптары арқылы 4 мағлұматты жаздыртып, тақырыпты қаншалықты білетіндерін анықтау. Ж Әр топтан бір оқушы жазғанын оқып беру.

Берілген тақырып бойынша маған _____________белгілі

Мен не біле алдым.

Қандай жаңалықпен таныс болдым.



. Қалыптастырушы бағалау: «Фишка» әдісі.(мұғалім бағалайды.)

(Б) Жаңа ұғымдармен жұмыс

«Ұғымдардың мағынасын табайық»

Шағым-петиция- Билік орындарына, өкілдеріне арналғанұжымдық өтініш;

Жазалаушы отряд - Қарсылық көрсетушілерді жазалайтын патша өкіметінің әскері;

Рапорт- Есеп

Буферлік аймақ- екі мемлекет шекарасының ортасындағы нейтралды аймақ

(Т) 2-тапсырма. Академиялық дау-дамай

Топтар мәтінде берілген ақпаратты Бөкей Ордасындағы әлеуметтік топтардың өкілі ретінде талдайды. Әр топ өз тақырыптарына қатысты мәтін мазмұнын оқып, мәселені талдап, зерттейді. Төрт топтың жұмысы бағаланады, олардың жасаған тұжырымдарына комментарий беріледі

Презентация


1-Слайд








Топтар атауы жазылған карточка





https://www.youtube.com/watch?v=p9CexAqM80o


М.Өтемісұлы










2-слайд









3-слайд


Таратпа- мәтіндер

Карта

карточкалар


Мағынаны тану






15-мин











































12-мин
























I-топ. «Шаруалар»

Көтеріліс не себепті дәл осы уақытта болғаны мен қамтыған аймағы және тарихи тұлғаларды анықтайды.


Дескриптор:

-Көтеріліс қамтыған аумақты картада көрсетеді;

-Көтерілістің басталуына сылтау болған оқиға мен 2 тарихи тұлғаға сипаттама береді;

-Көтерілістің Бөкей Ордасы территориясын ғана қамтығанын 2 дәлел келтіреді


II- топ. «Старшындар

Көтерілістің алғышарттары, басталу себептері, көтерілісшілердің мақсаты мен қозғаушы күштерін анықтайды.


Дескриптор:

-Көтерілістің алғышарттарын анықтайды;

-Көтерілістің 3-4 себебін атайды;

-Көтерілістің қозғаушы күштерін анықтайды;

-Көтерілісшілердің мақсатын сипаттайды;

-Көтерілістің басталуына түрткі болған жағдайды түсіндіреді.

III- топ. «Сұлтандар»

. Көтерілістің кезеңдері, барысы, негізгі ошақтары

Дескриптор:

-Көтерілістің негізгі кезеңдерін көрсетеді;

-Шайқас болған негізгі ошақтарды анықтайды;

-Көтерілісті басуға жіберілген жазалау отрядтары туралы әнгімелейді;

-Көтерілістің үдеуі қандай өзгерістерге әкелгенін талдайды.


IV- топ. «Жазалаушылар»

. Көтерілістің нәтижесі, жеңілу себептері мен тарихи маңызы

Дескриптор:

-Көтерілістің нәтижесін анықтайды;

-Көтерілістің жеңілу себептерін атайды;

-Көтерілістің тарихи маңызын түсіндіреді;

Көтерілісшілердің түпкі мақсаты неге орындалмағанын талдайды

.



Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы» Топтар бір бірін бағалау


Интерпретация.

Мұғалім оқушылардың жаңа білімді қаншалықты игергенін және күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін анықтау үшін «Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?» деген проблемалық сұрақ қойғаны жөн. Оқушылардан толық жауап алу үшін төмендегідей тапсырма беріледі.




(Т) 2-тапсырма. «Еркін микрофон»

Әр топқа Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?» тақырыбында рольдік ойын ұйымдастыруға болады. Әрбір топтан бір оқушы мәселен,

Үлгі:

Исатай мен Махамбетті ..... біріктірді

Исатай мен Махамбеттің ортақ идеясы...

Бұл оқиға/тұлға маңызды болды, өйткені...

Бұл оқиғаның салдары...

. Тапсырма орындалып болғаннан кейін, тұлға роліне енген оқушыларға кері байланыс беріледі.

Дескрипторы:

-Қос батырды біріктірген ортақ мақсаттың кемінде 1-іне мысал беру;

-Қос батыр туралы өзіндік 1 пікір ұсыну.


Кері байланыс. Топтардың бір-бірін бағалауы.. «Екі жұлдыз бір тілек»

Топты бағалау критерийлері:

- мазмұнды ашуы;

- сөйлеу шеберлігі;

- регламент сақтауы.


Таратпа- мәтіндер

Карта

арточкалар



Қосымша-1









Қосымша-2









Қосымша-3










Қосымша-4
























4-слайд



Көмекші сөз жазылған парақша немесе слаидқа жазып қою












Ой-толғау





3 мин







1мин

Рефлексия.

«Борт»журналы

Оқушылар «Борт»журналының екінші бөлігін толтыру, мақсаты: оқушылардың болжам жауаптары арқылы, тақырыпты қаншалықты білетіндерін анықтау.

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Мен ___________ біле алдым.



_Мен___________ _жаңалықпен таныс болдым.



Үйге тапсырма : тақырып бойынша, «желдеткіш» әдісі бойынша 5 сұрақ дайындап келу .








Саралау – Оқушыларды топтарға бөлгенде әр топта қабілеті жоғары оқушылар болғанын қадағалаймын.

Академиялық дау-дамай

Борт» журналы

«Еркін микрофон»

«Социометрия»

Әдіс тәсілдері арқылы

Бағалау

«Екі жұлдыз бір тілек Топтардың бір-бірін бағалауы.

«Фишка» әдісі.(мұғалім бағалайды.)

«Жетістік баспалдағы» Топтар бір бірін бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқушылар «Борт»журналын толтыру






Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





























IV- топ. «Жазалаушылар» Көтеріліс нәтижесі.

Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші және екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп, 2000 жігіт жинап, Хиуа ханының қолдауымен патша өкіметіне және оның қолшоқпары Баймағамбет Айшуақовқа қарсы күреседі. Кіші жүз даласындағы халық қозғалысы енді орта жүзден Торғай өңіріне келген Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысымен жалғасады. Сондай-ақ, осы тұста Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісте өрши түсіп, ол Кенесарыға қосылуға бағыт алады.

Бұл уақытта жазалаушы әскер мен Баймағамбеттің жасағы Исатайларды тынымсыз іздеуде болатын. Исатайдың қайда жүргеніне қатты мазасызданған Жәңгір хан Кіші жүздің ішіне өз тыңшыларын жіберіп, бақылауды күшейтеді. Ал Орынбор губернаторы Перовский болса Кіші жүздегі көтерілістің басуға қосымша әскер жібереді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбұлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға келіп тоқтайды. Көп кешікпей екі арада шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілердің 70-80 адамы қаза табады да, амалсыздан шегінеді. Жазалаушы әскер көтерілісшілердің соңына түседі, көтерілісшілер болса шегіне отырып, біршама шайқасады. Кезекті қақтығыста Исатайдың атына оқ тиеді де, оған көмекке Махамбет пен Үбі келіп, аттарын ұсынады, бірақ батыр атқа мінбей жаяу ұрыс салады. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап тұрып атады. Оған қоса Иван Богатырев деген урядник батырдың басын қылышымен шауып түсіреді. Осылайша елі үшін еңіреген есіл ер қанышерлердің қолынан қаза табады. Басшысы өлген көтерілісшілер Ойыл өзенінің жағасындағы қалған топқа қосылады. Кіші жүзді қаптаған патшаның жазалаушы әскерлері көтерілісшілердің бірігіп ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін Исатайдың ұйымдастыруымен болған көтеріліс жеңілді

Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 ж. қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.

Сұрақтар:

1.Көтерілістің нәтижелерін анықтаңыз;

2.Көтерілістің жеңілу себептерін атаңыз;

3.Көтерілісшілердің түпкі мақсаты неге орындалмағанын түсіндіріңіз;

4.Көтеріліс барысындағы басты тұлғалардың тағдыры туралы әңгімелеңіз;

5.Көтерілістің тарихи маңызын бағалаңыз.


I-топ. «Шаруалар» көтеріліс себептері

...Қазақтарға патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты өзіндік зиянын тигізді. Оларға Орал казак-орыс әскерлері жиі-жиі шапқыншылықтар жасап отырды, біртіндеп әскери бекіністер салына бастады. 1813-1815 жылдары Плинин, Фокеев, Сламихин бекіністері салынды. Қараөзен мен Сарыөзеннің бойы шекаралық аймаққа айналды. Жайық өзенінің бойы біртіндеп Орал казак-орыс әскерлерінің меншігіне қарады. Соның салдарынан қазақтардың жайылымдық жерлері тарылып, шаруашылықтары күйзеліске ұшырады. Сонымен қатар, Орал казак-орыстары қазақтардың ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, мал-мүліктерін тонап кетіп отырды. Патша өкіметінің өкілдері мұндай озбырлықтарға қарсы шара қолданбай, жалтарып кетіп отырды.

Жер қатынасында әділетсіздіктер орын алды. Жәңгірдің ағасы Меңдігерей Бөкейханов ханның төңірегінде жүрген сұлтандар мысалы, Балқы Құдайбергенов т.б. шұрайлы жерлерді иеленді. Сонымен қатар Ішкі орданың халқы Орал казак-орыстарынан да қатты қысым көрді. Жайық өзенінің жағалауына адам жолатпады. Қазақтарға Жайықтан балық аулау түгілі су ішуге, мал суғаруға рұқсат етпей, өзенге он шақырым жақындауға тиым салынды. Ал, ол жаққа жайылып бара қалған малдарды айдап алып, иеленіп кетіп отырды.

Ішкі Орданың қазақтары 1846 жылға дейін патша үкіметінің алдында міндеткерліктер жүктеп, ешқандай салық төлемеді. Ордадағы салықтың түрлерін негізінен ханның өзі белгілеп отырды. Олардың ішінде ханның пайдасына алынатын “зекет”, “соғым” сияқты салықтар болды. 1825 ж. “зекет” салығынан 115 мың сом пайда түскен. “Соғым” салығынан жылына 6000 сом пайда тауып отырған, бұл салық кейде 800-1000 бас мал түрінде алынып тұрды. 1836 ж. Ішкі Орда халқы ханның “зекет” салығына 18000 қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе, одан басқа да салықтар жинағанын айтып Орынбор комиссиясына шағымданады.

Жәңгір хан 1833 ж. өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындайды. Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді “жалға” беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді. Одан басқа да қосымша міндеткерліктер халықты әбден күйзелтті. 1835 ж. Исатай ханға арызданбақ болғанда, сұлтан Шөке Нұралиев ханмен сөйлесемін деп Беріш руына қарасты елден 264 түйе, 127 жылқы, 19222 сом ақша жинап алып, халықтың шағымын аяқсыз қалдырады. Қ.Бабажановты тағайындау қарсаңында және одан кейін де ханға айтылған арыз-шағымдар ескерусіз қалған еді.

Мінеки, осындай жер қатынасындағы әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-1838 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады. Көтеріліс алғаш әр жерде ұйымдаспаған наразылықтар түрінде байқалса, кейіннен біріккен күшке айналып, ашық қарсылыққа ұласты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші бұқара халық болды.

Сұрақтар:

1. Көтеріліс қай жылдары болды?Көтеріліс не себепті дәл осы уақытта болды?

2. Көтеріліс қамтыған аумақты картадан көрсетіңіз.

3.Мәтіннен қандай әлеуметтік топтың мүддесін тапталғаны көрінеді?

4.Көтерілістің себептері қандай?





II- топ. «Старшындар» Көтерілістің басталуы, алғашқы кезеңі

...1835 ж. Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, орын алған әділетсіздікпен озбырлықты әшкерелеп, хан билігіне бағынбауға шақырады. Исатай мен Махамбеттің бұл әрекеттерін Қарауылқожа “елді бүлдіріп” жатыр деп Жәңгір ханға бірнеше рет хат жазады. 1836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады. Жәңгір хан енді Исатайды алдап Жасқұстағы ордасына шақырады, бірақ Исатай бұл шақырудан бас тартып, ханның шақыруын алып келген шабармандарды соққыға жығып қайтарып жібереді. 1836 ж. наурызда хан Қарауылқожаға қол жинап Исатай мен Махамбетті және оларды қолдаған көтерілісшілердің белсенді мүшелерін тұтқындауға бұйрық береді. Қарауылқожа адай, беріш, табын т.б. рулардан 522 жігіт жинап, Исатайдың ауылына аттанады. Мұны естіген Исатай 200 жігітпен Қарауылқожамен соғысуға әзірленеді. 4-сәуір күні Қарауылқожа жасағымен Исатайдың ауылының маңындағы Қиялы моласының жанына келеді де, Исатайға Сағыр Баршығаев пен Қабық молданы елшілікке жіберіп, хан мен императорға бағынуды талап етеді. Осыдан соң Исатай 200 жігітімен қолдарына ту алып, Қарауылқожаның жасағымен кездесіп, Исатай Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Қарауылқожа Исатай батырдың айбынынан сескеніп, хан бұйрығын орындаудан бас тартып, жинаған жасағын ауылдарына қайтарады. Қарауылқожаның Исатайдан соғыссыз жеңілуі ел арасына тез тарап, Исатай батырдың беделі одан әрі өсе түседі. Осы жағдайдан соң Жәңгір хан ашуланып, қайткенде Исатайдан кек қайтару жағын ойластырып, Орынбор әкімшілігіне Исатай мен Махамбет Күшік Жапаров деген адамды өлтірді деп жала жауып, сотқа шақыртады. Бірақ сотта екеуі де өздерінің кінәсіз екенін дәлелдеп шығады. Халық толқуы шекаралық комиссия мен ханды қатты алаңдатқан болатын. Исатай батыр ел ішінде беделді бір топ адаммен Қарауылқожаның үстінен ханға шағымданып, жағдайды тексеруді сұрайды. Қарауылқожа да көтерілісшілердің үстінен ханға арызданады.

1836-1837 жж. көтерілісшілер ханға өздерінің талаптарын айтып, өкілдерін жіберумен болады. Сонымен қатар Исатай ел ішіндегі түрлі мәселелерді шешіп, халық казактар мен байлардың жерлерін бөліске салып, Жайықтың арғы бетіне өтуге шақырып отырады. 1837 ж. наурызында Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа шақыртады, бірақ олар сотқа барудан бас тартады. Орынбор генерал-губернаторы Перовский жіберген атаман Покатилов бастаған Жайық казак әскерінің отряды да оларды тұтқындай алмайды. Бұл тұста көтерілісшілердің саны 3 мың адамға жеткен еді. 1837 ж. қыркүйегінде Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылы мен басқа да би-сұлтандардың ауылдарына шабуыл жасайды. Одан кейін хан ордасын шабуылдауды ойластырып, қазан айының басында ордаға 12 шақырымдай жерге келіп орналасады. Исатай хан ордасына жақындаған тұста қол астында 2000 жігіт болады. Алдымен ханға өз талаптарын айтып хат жазып, оның орындалуын күтеді. Жәңгір хан болса Исатаймен келіссөз жүргізу арқылы уақыт ұтады да, Орынбор генерал-губернаторлығына жасырын хат жазып, көмек сұрайды. Бұл жағдайды білген Исатай да Орынборға хат жолдап, жауап күтеді.

Орынбор генерал-губернаторы Перовский қазан айының 17-де подполковник Геккені Жәңгір ханға көмекке жіберіп, күшпен тәртіп орнатып, Исатай мен Махамбетті тұтқындауды тапсырады. Қазан айының 30-да Гекке хан ордасына жетеді. Оған жолда атаман Покатиловтың 400 казак отряды қосылады. Гекке хан ордасына келген соң қосымша күш жинау үшін, уақыт ұту мақсатында Исатаймен келіссөздер жүргізеді, бірақ одан нәтиже шықпайды. Бұдан кейін Гекке губернаторға хат жазып, өздерінің көтерілісшілермен соғысуға даяр еместігін және полковник Меркульевтің отрядына Теректіқұмдағы Исатайдың ауылына шабуыл жасау керектігін айтады. Қараша айының 7-де Меркульевтің отряды Исатайдың ауылына шабуыл жасап, батырдың отбасын тұтқындайды. Бұл суыт хабарды естіген Исатай дереу ауылына көмекке аттанады. 8 қарашада Исатайдың жігіттері Меркульевтің отрядын қоршап алады да ауыл адамдарын босатуды талап етеді. Меркульев соғысуға күштің тең еместігін байқап, ауыл адамдарын босатуға мәжбүр болады. Осы жағдайдан кейін Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің мәні өзгеріп, ол тек ханға қарсылық емес, енді ханға қолдау көрсеткен Орынбор әкімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды.


Сұрақтар:

1. Көтерілістің басталуына түрткі болған оқиғаны атап, сипаттаңыз;

2.Көтерілістің сипаты мен мақсатын анықтаңыз;

3. Тарихи оқиға тұсындағы тұлғаларды атаңыз, осы оқиғада ол тұлға қаншалықты маңызды екенін түсіндіріңіз;

4.Көтерілісшілер мен хан жасақтары, жазалаушылар арасындағы болған шайқасты әңгімелеңіз.





































III- топ. «Сұлтандар» Көтерілістің шешуші кезеңі

Меркульевтің отряды Геккенің отрядымен Бекетай ауылының маңында қосылып, Тастөбеге қарай бағыт алады. Тастөбеге 4 шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер тобымен кездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан құтқарып алған елді қорғау үшін жан-жақтан жігіттерін жинауға тырысады. Бірақ Гекке бастаған 2000 жазалаушы солдат көтерілісшілердің бір-біріне қосылмауына күш салады. Жазалаушы отряд саны жағынан басымдылық танытса да көтерілісшілер бірінші болып шабуыл бастайды. Алдымен мергендер тобы мылтық атады, Геккенің отряды оларды зеңбіректен атқылайды. Зеңбіректен дұрыс нәтиже болмаған соң Геккенің солдаттары шабуылға көшеді. Оларға көтерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын біршама сиретіп тастайды. Мұны байқаған Гекке көтерілісшілерге жақындап келіп зеңбіректен қайта оқ атуды бұйырады, онысы нысанаға дәл тиіп, көтерілісшілерден көп адам шығынға ұшырайды. Сол уақытта солдаттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынан жараланады да, баласы Жақия 50-60 адаммен бірге қаза табады. Тастөбе маңындағы шайқаста көтерілісшілер Геккенің отрядынан жеңіледі. Жеңілістен кейін Исатайдың жігіттері Ішкі Ордаға шағын топтармен тарай бастады. Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге әрекеттенеді. Ал бұл уақытта подполковник Геккенің басшылығында 700-дей казак-орыс әскері, 2 зеңбірек және 400 адамнан тұратын хан жасағы болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін ұстауға тырысады. Осы мақсатпен полковник Меркульев 300 казак отрядына ханның 600 жасағын қосып алып бірталай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды ұстаған адамға 500 сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды. Есаул Трафимовқа 75 казак отряды және ханның 100 жасағымен қоса Тастөбенің төңірегін аңду тапсырылады. 1837 жылы 15 қараша күні таңсәріде Тастөбенің жанында көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен шайқас болады. Бірақ та жазалаушылар көтерісшілердің көп шоғырланған тұсына зеңбіректен оқ атып, көтерісшілерді шегінуге мәжбүрлеп біршама жерге дейін қуғындайды. Бірақ даланы қанша кезсе де Исатайды ұстай алмады. Исатайдың жанында сенімді серіктері Махамбет, Тінәлі, Иса, Сарт Қабыланбай, Төлеген, Есенгелді отбасыларымен, Тәни, Үбі, Мәстек Ахметұлы деген көтерісшілер қалып, олар басшыларын барынша қорғауға тырысады. Жазалаушы отряд желтоқсан айында Исатайды Самар даласынан іздейді, ал Исатай болса Жайықтың бойында отырып, қолайлы сәтті ді.

Губернатор Перовский болса Жайықтың арғы бетіндегі кіші жүздің батыс бөлімін билеуші сұлтан Баймағамбет Айшуақовқа Исатайдың Жайықтан өтіп кетпеуін алдын-ала тапсырады. Губернатордың бұйрығымен Жайықтың бойын бақылау күшейтіледі. Баймағанбет сұлтан өз қарауындағы елдің билері мен сұлтандарына Исатай келсе тез арада ұстап беруді тапсырады. 1837 жылы 13 желтоқсан күні таңсәріде Құраң Маябасовтың бастауымен Исатайдың тобы Жайықтан жасырын өтпек болғанда, жағалауды бақылап жүрген Хорунжий Жигиннің отряды байқап қояды. Бұл кезде Исатайдың жігіттерінің көпшілігі өткелден өтіп, тек бірнеше адам бері жақта қалады да, олар Жигиннің жендеттерімен қақтығысқа түседі. Казак-орыстар Сарайшықта жасақтарымен дайын тұрған Баймағамбет, Мұхамедқали Таукинге хабар береді. Бұл жасаққа жүзбасылар Попов мен Понамаревтің жазалаушы отряд қосылады. 14 желтоқсанда жазалаушылардың қолына Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, Еділ Сартұлының балалары Ерше мен Нұрша түседі. Ал Исатай біраз сенімді жігіттерімен жазалаушыларды адастырып кетеді.

Сұрақтар: 1.Көтерілістің үдеуі қандай өзгерістерге әкелгенін анықтаңыз;

2.Көтерілісті басуға жіберілген жазалау отрядтарының басшыларын анықтаңыз;

3.Көтерілістің негізгі ошақтарын, шайқас болған жерлерді картадан көрсетіңіз;

4.Көтерілісшілер мен хан жасақтары, жазалаушылар арасындағы болған шайқасты әңгімелеңіз


















Күтілетін болжам жауаптар:

1-топ. 1-деректен қарапайым халықтың мүддесін көздеген старшындардың шағымы екенін анықтап, ешбір заңның қорғамайтынын, сұлтандар озбырлығы туралы мәлімет келтіреді

2-топ. 2-деректен автор-подполковник Геккенің айтуынша Исатайдың барымташыларының бастарының кешірген қорлықты ұмыта алмайтындығы, өз жауларынан кек алмай, тоқтай алмайтындығы туралы мәлімет береді;

3-топ. 2-деректен «Кіші ордадағы тәртіп пен тіршіліктің берекесі қашып, былыққаны соншалықты, тіпті оны көзге елестетудің өзі қиын. Оның ақыры немен бітетіні белгісіз деп» Гекке Орынбор губернаторынан көмек сұрағаннан кейін жазалаушы отряд келіп, көтерілісшілерді жазалайындығы туралы туралы мәлімет береді;

4-топ. 1-деректе «сұлтандар, билер малымызды тартып алып, дүние-мүлкімізді талауда, қарапайым халыққа менсінбей қарайды. Ұрып, соғады, тіпті жарақаттайды» деген фактіні, ал 2-деректе «Кіші ордадағы тәртіп пен тіршіліктің берекесі қашып,

былыққаны соншалықты, тіпті оны көзге елестетудің өзі қиын. Оның ақыры немен бітетіні белгісіз» деген фактіні ұсынады. Деректің тарихи маңыздылығы- көтерілістің шығу себебін анықтаудағы басты құжаттардың бірі екендігін айтады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі