жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі"
1-сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2 В Отарлау және ұлт-азаттық күрес |
Мектеп: БИЛ
|
||||
Сағат саны: 1 сағат |
Күні: 11.12.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Карашинова А.С. |
|||
Сынып: 7 «В»
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақ тақырыбы |
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі. |
||||
Зерттеу сұрағы |
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді? |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты |
7.3.1.5 – қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру. |
||||
Тарихи концепт |
Себеп және салдар |
||||
Сабақтың мақсаты
|
Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдау. Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға беру. |
||||
Бағалау критерийлері |
Сыни ойлау мен талдау – 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебін, сипатын, мақсатын, барысын, нәтижесі мен тарихи маңызын талдайды. Бағалау - Исатай мен Махамбеттің ұлт-азаттық күрестегі рөліне баға береді. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс туралы зерттеулерді талдайды (оқылым, айтылым, жазылым дағдылары). Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері: Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебі... Көтерілістің мақсаты... Көтеріліс барысындағы басты оқиға... Көтерілістің нәтижесі... Көтерілістің жеңілу себебі..... Исатай мен Махамбет көтерілісінің ерекшелігі... |
||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» идеясы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы бағытталған ұлттың азаттығы үшін болған көтерілістер тарихын талдау барысында жүзеге асады. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және оқылым, айтылым, жазылым барысында қолданылады. Қазақ әдебиеті пәні бойынша М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасының «Әке үкімі» тарауынан үзінді тыңдалым барысында қолданылады. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс. |
||||
Бастапқы білім |
ХVІІІ ғасырдың басындағы Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршыл саясаты туралы біледі. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 10 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа дайындығын бақылау, назарларын сабаққа аудару). Сыныпты топқа бөлу: Көтеріліске қатысты «Тастөбе», «Ақбұлақ», «Толыбай», «Жайық» атаулары жазылған стикерлер бойынша оқушылар 4 топқа бөлінеді.
Оқушылар топ басшыларын, уақыт есептеушіні, хатшыны тағайындайды. Бағалау парақтары әр топқа ұсынылады, мұғалім топ ережесін еске түсіреді. Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасының «Әке үкімі» тарауынан үзінді интербелсенді тақтадан тыңдалады. Ой шақыру: Тақырыпқа шығу үшін мұғалім төмендегі сұрақтарды қояды: -Оқушылар, өлең жолдарынан не түсіндіңіздер? - Бүгіні сабағымыз қандай тақырыпта болуы мүмкін? Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады. Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі». Зерттеу сұрағы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді? Мақсаты: халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру.
|
Топтар атауы жазылған стикерлер
https://www.youtube.com/watch?v=9FzPEPm3AGM
|
|||
Сабақтың ортасы
|
Мұғалім: - «Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған өзгеше ақын болған емес»,- деп М.Әуезов баға берген. Ал, Фариза Оңғарсынова: Махамбет! Махамбет! Білмеймін, жел ме, сел ме, Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме? Әділетсіз дүниенің қабырғасын, Махамбетше сөгер жан кездесер ме…- деп толғанады. Иә, он алты жасында Беріш руының жезтаңдай ақыны атанған Махамбетті бүгінгі ұрпақ кім деп таниды? -Оқушылар, назарларыңызды көтеріліс тақырыбындағы видеотүсіндіруге аударыңыздар. Мұғалім: - Оқушылар, видеотүсіндіруден не түсіндіңіздер? Оқушылар пікірі тыңдалады.
|
|
|||
|
Зерттеу мен талдау 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс Әр топ өз тақырыптарына қатысты оқулықтан мазмұнын оқып, зерттейді. Төрт топтың жұмысы бағаланады, олардың жасаған тұжырымдарына комментарий беріледі. Оқушылар оқып отырып, берілген ресурстарды постерге ретімен қояды және қорғайды.
I топ. Көтеріліс не себепті дәл осы уақытта болғанын түсіндіріп, қамтыған аймағын картадан көрсетеді, тарихи тұлғаларды анықтайды. II топ. Көтерілістің алғышарттарын, басталу себептерін түсіндіріп, көтерілісшілердің мақсаты мен қозғаушы күштерін анықтайды. III топ. Көтерілістің кезеңдеріне, барысына, негізгі ошақтарына тоқталады. IV топ. Көтерілістің нәтижесін, жеңілу себептерін және тарихи маңызын айтып, көтеріліске баға береді.
Кері байланыс. Топтар бір-бірін бағалайды. Мұғалімнің бағалауы. |
https://www.twirpx.com/file/2841913/
8 (7)-сынып. Қазақстан тарихы. ХрестоматияАтамұра, 2018
|
|||
Сабақтың соңы 7 минут
|
1-топ: Кестеге көтерілістің 2 жағымды жəне 3 жағымсыз жақтарын тізіп жазыңыздар. 2-топ: Махамбеттің өлеңін оқып шығып, көтеріліс батырларының рөліне баға беріңіздер. 3-топ: Бөкей хандығында қалыптасқан күрделі жағдайдың салдары қандай болуы мүмкін екендігіне өз пікірлеріңізді айтыңыздар. 4-топ: Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін орындап, шығу тарихымен таныстырыңыздар.
Кері байланыс. Топтар бір-бірін бағалайды. Мұғалімнің бағалауы. |
https://bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_13603/7.pdf?v1569477962147
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%80_%D2%9B%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%88
|
|||
Рефлексия 3 минут |
«Ашық микрофон» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлері туралы оқушылар ой бөліседі. |
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген