400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан» 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
1917 жылғы Ақпан буржуазиялық демократиялық төңкерісінің Қазақстанға әсерінің мәнін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл обылысы Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылы Құлан агротехникалық жоғары коледжі оқытушысы Сүгірбекова Айнура Қуанышбекқызы Қазақстан тарих пәні




«Қазақстан тарихы» пәнінен «1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан» тақырыбындағы сабақтың жоспары


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Өткізу әдісі: Дәріс беру, «Бақытты сәт» ойын топпен,СТО технологиясының элементтерін қолдану,сөзжұмбақ шешу.

Мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге 1917 жылғыАқпан буржуазиялық демократиялық

төңкерісінің Қазақстанға әсерінің мәнін түсіндіру.

Дамытушылық: Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру.Ақпан көтерілісі

басшыларының өнегелі ерліктерімен таныстыра отырып алған

білімдерін кеңейту.Ізденушілік қабілетін таныту.

Тәрбиелік: Өз елінің,жерінің,Отанының тарихын құрметтейтін тұлға тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс: География, қазақ тілі, саясаттану, дүние жүзі тарих.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта.

Сабақты өткізу барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2. Сабаққа қатысуларын қадағалау.

3.Зейіндерін сабаққа аудару

4. Оқу құралдарын түгендеу.


Сабақтың эпиграфы: Тәуелсіздік ел болудың белгісі-

Ата жұртпен тең жұлдызы,тең күші.

«Тәуелсіздік» деген сөзден естілер.

Қазағымның арғысы мен бергісі.

Психологиялық жағдай жасату: «Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер»,-деген екен халқым. Сабағымыздың басында болашақ ұрпағына арналған бір батаны тыңдасақ: Айдай жарқыра,

Жұлдыздай жалтыра,

Маңдайың ашық болсын,

Дұшпаның қашық бюолсын!

Рақмет,жарайсың! Ендеше,көтеріңкі көңіл-күймен сабағымызды бастайық!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Бақытты сәт» ойыны, топпен жұмыс.

Жоспары: І. Білімгерлерді екі топқа бөлу.

ІІ. Фишкалар

ІІІ. Карточкалар

ІҮ. Ойын 5 – геймнен тұрады.

Ү. Дұрыс жауап берген білімгерлерге фишка беру.

ҮІ. Жеңген каманданы ең көп жауап берген білімгерлерді анықтау.

ҮІІ. Бағалау.


І гейм «Бой сергіту»


Әр командаға үш -үшт тен сұрақ жазылған карточка беру.


І – топтың сұрақтары

1. Қазақстандағы 1916жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі себептері

2. 1916жылғы 23 тамызда генерал-губернатор А.Куропаткиннің құпия бұйрығымен

қара жұмысқа шақырудан кімдер босатылды?

3. 1916жылғы ұлт-азаттық қозғалысы көтерілісшілерінің іс-әрекеттері қандай болды?

ІІ – топтың сұрақтары.

4. Қара жұмыстан бас тартып халықты көтеріліске шақырған ревалюцияшыл топ

өкілдері кімдер болды?

5. Қазақ қоғамында даланың бетке ұстарлары. Өздерін қандай саяси күш ретінде

көрсетті?

6. Патша өкіметі «Бөліп ал да, билей бер!» деген сенімді тактиканы қалай қолданды?


ІІ гейм. «Қоржындағы құпия»


Қоржыннан нөмірленген фишканы каманда капитандары бір -бір ден алады, мұғалім сұрағын оқиды. Каманданың дайындалуына 1 мин уақыт беріледі.

  1. 1916 жылы 11 шілдеде «Ереуілтөбедегі» көтеріліс.

  2. Жетісу көтерілісшілерінің қарулы қақтығысы.

  3. 1916 жылы қазанда патша әкімшілігі «қырғыздарды көшіру туралы » қандай шешім қабылдады.


ІІІ гейм. «Таным»


Мұғалім сұрақтарды оқиды, білімгер тез жауап беру керек.

  1. 1870 – 1919 – Орта жүздегі қыпшақ руының белгілі биі Нияздың немересі. 1916

жылы қазанда оны көтеріліс жасаған халық ақ киізге көтеріп, Торғай

қыпшақтарының ханы етіп жариялады

2. 1873 – 1919 – Кенесары Қасымовтың серігі, ХІХ ғасырдағы ұлт – азаттық

қозғалысына белсене қатысқан Иман батырдың немересі.

3. 1873 -1919 – Торғай даласында отаршылдыққа қарсы ұлт – азаттық күресті

көрнекті ұйымдастырушылардың бірі, мерген батыр.

4. 1838 -1916 – Жетісу обылысындағы Қарқара көтерісінің көрнекті

ұйымдастырушыларының бірі.

5. 1851 – 1916 – Жетісу обылысындағы Қарқара көтерілісінің көрнекті

ұйымдастырушыларының бірі. Би,болыс басқарушысы болған.

6. 1848 -1849. ІХ. 1916 – Жетісудағы 1916 жылғы көтерілістін Үшқоныр ошағының

басшысы.

7. 1883 -1916 –Жетісу обылысындағы Қарқара көтерілісін ұйымдастырушылардың

бірі, көтерілісшілердің қарулы күштеріне басшылық еткен мерген.



ІҮ. Гейм. Сен маған, мен саған.

Екі каманда бір – біріне сұрақ қояды


ІІІ.Жаңа сабақтың тақырыбын жоспарын жариялау:

1. Ақпан революциясының Қазақстанға әсері.

2. Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар.


ІV.Тірек білімді жандандыру :

1. Ұлт – азаттық қозғалыс дегеніміз не?

2. І – ші дүниежүзілік соғыс қай жылдар аралығында болды.?


V.Жаңа тақырыпқа ынталандыру:

Дүниежүзінің барлық елдерінде пісіп – жетіле бастаған революциялық дағдарыс әсіресе Ресейде шиеленісе түсті. Соғыс жалдарында елдің алдында тұрған міндеттерді патшалық монархия атқара алмады. Шаруашылқтың бүліншілікке ұшырауы, аштық, мемлекеттік істердің ақсауы – осының бәрі Ресей және Орта Азия халқтарының патшаға қарсы шығуға итермеледі.

VI. Жаңа білімді игерту:

1 – сұрақ Ақпан ревалюциясының Қазақстанға әсері: 1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық – демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды қазақстан халқы, ұлттық – демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды. Қазақтар патша билігінің құлатылуын құптап, оны өздерінің ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысында алаға тартқан мақсаттарының қанағаттандырылуы деп таныды.

1 слайд Бөкейханов суреті, Ақпан революциясы туралы суреттер

Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ә. Бөкейханов Минскіден былай деп сәлем жолдады. «Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін – басқа халықтармен туысқандық байланстарды күшейту қажет. Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену керек.Бірлік пен әділдік жолында күресіндер! ...»

2 слайд Ақпан төңкерістерінің негізгі себептері:

- Экономикалық күйзеліс.

- Майдандағы орыс әскерінің жеңілісі.

- Жұмысшы қозғалысының күшеюі.

- Ұлт аймақтардағы 1916 жылғы көтерілістер.

3 слайд 1917 жылғы Ақпандағы буржуазиялық – демократиялық төңкеріс

картасымен қалаларды көрсету.

























Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңес шаралары:

Кеңестік депутаттары үкіметі.

1917 жылғы наурыз – сәуірде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.

1917 жылғы наурыз жергілікті социал – демократтарының астыртын жұмыс істеуден ашық түрде жұмыстарын өрістеткен кезеңі.

1917 жылғы мамыр – маусым шаруалар депутаттарының Кеңестері құрылды.


Уақытша үкіметтің жүргізген шаралары:

Уакытша үкіметтің органдары 1917 жылы

наурыз – сәуір құрылды.

Ә.Бөкейханов – Торғай облысының,

М. Тынышбаев –Жетісу облысының,

М. Шоқай – Түркістанда болды.
















Қырғыз (қазақ) ұлттық комиттетері құрылған қалалары:

Орал, Верный, Ақмола, Әулиеата, семей





Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері:

  • Шаруаларға – жер,

  • Жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні.

  • Халыққа – бейбітшілік беру.



Уақытша үкіметтің жүргізген шаралары:

1917 жылы наурызда «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.

1917 жылы 18 наурызда «1916жылғы көтеріліс кезінде қазақтарға күш қаулы көрсеткен орыстарға кешірім беру туралы» қаулы.

1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстануына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы.

1917 жылы 5 мамырда «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы» қаулы.

1917 жылы 8 қыркүйекте «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн 150000 сом бөлу туралы» қаулы.































4 слайд Орталық ресейдегі сияқты, қазақстанда да қос өкімет орнады.

2.Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
4772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі