400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ "1930 Қоғамдық саяси өмір"

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныптарға арналған.Сабақта жаңартылған білім мазмұнын оқушыларға түсіндіру үшін топтық жұмыстар арқылы түрлі-әдіс тәсілдер қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: §11.1930 жылдардағы қоғамдық -саяси өмір


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1930 жылдары кеңестік қоғамда орнаған саяси режім кезінде мемлекеттің адамды билеуінің орын алғанын ,барлық елдердегі сияқты Қазақстанда мемлекеттік партияның қолында болғанын ашып көрсету.


Дамытушылық: 1930 жылдары Қазақстанның қоғамдық құрлымында тоталитарлық тәртіпті бекіту әдісі ,бүкіл елдегі сияқты халыққа қарсы қуғын-сүргін жүргізу тәсілі болғанын назар аудару.


Тәрбиелік: Қазақ халқының басына түскен нәубет жайлы, қосымша әдебиеттерді, тарихи құжаттарды пайдалану арқылы, сол кездегі тоталитарлық жүйенің мәнін аша отырып, халқым деген ерлердің ісіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап.


Көрнекілігі: Қазақстан картасы. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш қайраткерлерінің суреттері, тірек сызба, таблица,

О.Сүлейменов «Аз и Я» кітабы.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі

І. Үй тапсырмасын сұрау.


  • 1925-1933жж. Өлкелік партия комитетінің 1-ші хатшысы кім?

  • 2. Ф.И.Голощекиннің Қазақстанға жасаған зиянкестігі?

  • 3. Геноцид деген не?

  • 4. Ф.И.Голощекиннің ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеялары қалай жүзеге асырылды?

  • “Ауылды кеңестендіру “ саясатына қарсы шыққан топ және қандай айып тағылды?

  • 5. Асыра сілтеушілік зардаптары?

  • 6.Ұжымдастыру қарсаңында мал басы саны көрсеткіштері

  • 7. 1931-1933жж.Республикада адам саны көрсеткіштері

  • 8.Күштеп ұжымдастыруға қарсы қанша көтерлістер болды?

  • 9.“Бесеудің хатын” кімдер жазды?

  • 10.Сталинге кім хат жазды?

  • 11.1932ж.қыркүйекте қандай заң қабылдады?






Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

Толықтыру тесті:


  • 1. 1928жылы 27 тамыз

  • «Байлардың шаруашылығын тәркілеу» туралы декретке қол қойылды.

  • 2. 1928 жылы 13 қыркүйек

  • «Тәркілеуге қарсылық көрсеткен і үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылый ірі феодалдарды көшіру туралы » туралы қаулы

  • 3.1929-1931жж.

  • Өлкеде көтерлістер болып өтті

  • 4. 1930-1933жж.

  • Аштық тарихқа « ұлы жұт » ретінде енді

  • 5.1933жылы жазылған хат

  • Сталинге Т.Рысқұлов

  • 6.1932жылы

  • Голощекинге “Бесеудің хаты”

Жаңа сабақ:


Сабақтың жоспары:


1.Сталиндік казармалық социализм.

2.Зиялы қауымды жаппай қудалау

3.Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялы лагерьлер


Қолданылатын термин сөздер:

Концентрация - шоғырлану, топтастыру.

Репрессия - мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары.

ГУЛАГ- лагерлерь Бас басқармасы

КарЛАГ- Қарағанды қаласындағы лагерь

/Қарағанды еңбекпен түзеу лагері/

Степлаг- далалық аймақтағы лагерь

АЛЖИР- Ақмола қаласындағы әйелдерге арналған лагерь / Отанына опасыздық жасаған отбасылардың мүшелеріне арналған лагерь/. Бұл жерде 22 мыңдай тұтқын әйелдер азап шеккен.

Акмолинский лагерь жен изменников Родины


1930 жылдардағы қоғамдық- саяси өмірдегі сталинизмнің орнығуы


Қоғамның тоталитарлық казармалық сипаты.

  • Бюрократиялық Орталық нығайып,Республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады.

  • Республикалардың Заң шығару бастамасы болмады ,өйткені одақтық халық комиссариататтарының өктемдігі зор болды.

  • Мемлекттік меншік нығайып ,өндіріс құрал –жабдықтарына қоғамдық меншік орнап шаруалар жерден шектетілді.

  • «Социализм жолымен ілгеріленген сайын тап күресі шиеленісе түседі»- деген Сталиндік теория үстемдік етті.

  • Нәтижесінде :

  • - Жазалау органдарының қызметі күшейтілді.

  • - Мемлекеттік өкмет органы ,Кеңестер қызметі күшейтілді:

  • - Одақтық ішкі істер халық комиссарияаты құрамында ерекше кеңес құрылып ,жазалау шаралары іс жүзінде асырылды.

Жазалау шаралары:

-Ату жазасы;

-Жер аудару;

-Еңбекпен түзеу лагерлеріне қамау;

-КСРО-дан тыс жерлерге қуып жіберу;

-Жеке адам құқығы аяққа басылып ,Балама пікір айтқан адам «Халық жауы» атанды.

Қоғамдағы оң өзгерістер

  • Саяси салада:таптық, ұлттық езгі жойылды.

  • Экономикалық салада: жұмыссыздық жойылды.

  • Әлеуметтік салада : жалпыға бірдей тегін білім алуға , денсаулық сақтауға .әлеуметтік қамсыздандыруға қол жеткізді.

  • Рухани салада: дүние жүзілік мәдениет биіктеріне қол жеткізсе.

  • Ұлттық салада : отарлауға дейінгі жерлер біріктіріліп ,олардың мемлекеттілігі қалпына келтірілді.


Лагерьлер жүйесі және зардаптары

Қазақстан лагеьрлер өлкесіне айналды.

Олардың саны 200-ден астам болды.101 мың Қазақстандықтар

ГУЛАГ азабынан өтіп ,27 мыңы атылды.

Концентрация - шоғырлану, топтастыру.

Репрессия - мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары.

ГУЛАГ- лагерлерь Бас басқармасы

КарЛАГ- Қарағанды қаласындағы лагерь

/Қарағанды еңбекпен түзеу лагері/

Степлаг- далалық аймақтағы лагерь

АЛЖИР- Ақмола қаласындағы әйелдерге арналған лагерь / Отанына опасыздық жасаған отбасылардың мүшелеріне арналған лагерь/. Бұл жерде 22 мыңдай тұтқын әйелдер азап шеккен.

Акмолинский лагерь жен изменников Родины


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «1928-1938жж. ұжымдастыру кезінде елімізге не болғанын бүкіл халқымыз біле білмейді, қазақ халқының 49%-ы аштан қырылса, ал 15 млн.адам шекарадан өтіп, шетелдерге көшіп ауып кетті» ,-деді.

1997 ж.саяси саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31 мамыр - «қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып белгіленген.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев мамырдың 31 күні Астанадан 40 шақырым жерде саяси қуғын – сүргін және тоталитаризм тарихы мұражай кешенін ашты.3 гектарға жуық жерде мұражай , ескерткіш және саяси репрессия құрбандарының тізімі жазылған тас бар.

Сабақты бекіту :

Хронологиялық кесте

Мазмұны

Жылдар

1935ж.

5

қазан

1993ж.

1997ж.

31 мамыр

1997ж. 31 мамыр

1999ж. 14 сәуір

Астанада саяси қуғын –сүргін және тоталитаризм тарихы кешені мұражайы ашылды






М.Дулатов сүйегі туған жеріне әкеліп арулап қойылды






Соловки тұтқындар лагерьінде

қайтыс болған кім?






“Жаппай саяси қуғын –сүргін құрбандарын ақтау туралы” қаулы






Саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу жылы және күні







Тәуелсіздік шежіресі

Мазмұны

Жылдар

1991ж.

21 жел-

тоқсан

1991ж.

1992ж.

мау-сым

1995ж.

30 тамыз

1993ж

15 қараша

2008ж.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылданған жылы







Ядролық полигонның жабылған жылы







Ұлттық валюта тенгенің енгізілуі







Астананың 10 жылдық мерей тойы







Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы,Ән ұраны,Туы қабылданған жыл





























Қортынды:

Бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған зиялы қауымды туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Алаш азаматтары халқымен қайта табысты.

Мұндай сұрапыл қазақ халқының 1/3 қыруға әкеліп соққан, жаны мен тәнін, рухы мен мүддесін азапқа салған қайғылы оқиғаны өткен күндер елесіне қалдырып , ендігі тәуелсіз мемлекетіміздің тарих беттерінен қаралы қағазды парақтамайық, тек қарыштаған Қазақстанның болашағы жарқын болып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай , « біз XXI ғасыр Қазақстан үшін « алтын ғасыр » болатынына сенейік.

Тәуелсіздігіміздің – 20 жылдық мерей - тойы құтты болсын!

Ата-бабам аңсаған,

Күрес салып шаршаған.

Тәуелсіздік таңы атты,

Бақыттымын мен содан.





  • Үйге тапсырма:

  • 1.§ 11 оқу.

  • 2.Венн диаграммасын толтыру:

  • Тоталитарлық жүйедегі Қазақстан Тәуелсіз Қазақстан







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі