Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 1- сыныпЦ дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қажет. Әдіс алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбыс мен әрпі

Сабақтың мақсаты: ц дыбысы мен әрпін таныту және оны жазуға үйрету

Білімділігі:. ц дыбысы мен әрпі арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету

Дамытушылығы. ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, жалпы ой – өрісін , танымдық ойын қалыптастыру және дамыту

Тәрбиелігі. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі.

Сабақтың түрі. Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ жауап

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

2. Психологиялық дайындық

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар.

Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа,шаттық пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Балалар бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасаймыз. Алдарыңда үш түсті қағаз жатыр, өздерің ұнатқан түсті қағазды алыңдар. Сол бойынша топқа бөлініп отырыңдар.

Сабаққа дайынсыңдар ма? /Үш мәрте шапалақтау/

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады?

Қыста қандай ойындармен ойнайсыңдар?

«Аққала» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз.

-Қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар?

-Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, нүкте.

Осы геометриялық фигураларда тапсырмалар берілген, тапсырманы дұрыс орындасақ аққаланы құрастырамыз

1.Дыбыс дегеніміз не? /Дөңгелек/

2. Әріп дегеніміз не? /Төртбұрыш/

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді? /Үшбұрыш/

4.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? /Нүкте /

5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? / Төртбұрыш/

-2-

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Щ қандай дыбыс?

-Щ қатаң дауыссыз дыбыс


Үй тапсырмасын бекіту

І топ. Щетка өлеңін жатқа айт

ІІ топ. Буыннан сөз құра /Тұщы/

ІІ топ. Ащы сөзіне сөйлем құра


Сергіту сәті

Ағылшынша өлең айту. Балалар бойымызды жазып, бір сергіп алайық


Жаңа сабақ

Сайқымазақ доппен ойнап кіреді.

Саламатсыңдар ма балалар!

Балалар сендер мені білесіңдер ме?

Мен қайда өнер көрсетемін

Жарайсыңдар ! Сендер мені біледі екенсіңдер.


Клоун. Қай топ бүгінгі сабаққа жақсы қатысып жеңімпаз атанса, сол топқа циркке баруға билет беріледі. Мен сендерге сәттілік тілеймін!


Цирк деп айтқызу.


Ц дыбысын үш рет айтқызу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

Ц дыбысы қалай айтылып тұр?

Дауыс кедергісіне ұшырап, созылмай айтылып тұр.

Ц қатаң дауыссыз дыбыс

Ц әрпінің баспа, жазба түрімен таныстыру

Ц дыбысынан келетін сөздерді білесіңдер ме?

Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде қолданылады.



-3-


Оқулықпен жұмыс

Суретпен жұмыс


Суреттен кімдерді көріп тұрмыз?

Тағы да нелерді көріп тұрмыз?

Олар қандай өнер көрсетіп тұр?


Циркуль

Циркульді қай сабақта қолданамыз?

Математика

Циркуль сөзіне дыбыстық талдау жаса

Циркуль – 2 буын, 6 дыбыс, 6 әріп, неге 2 буын болып тұр?


Бағандағы сөздерді буындап, хормен оқыту.

Цирк цех а ви а ци я це мент о фи цер

Цех- күнделікті тұрмыста қажетті заттарды шығару орталығы.

Авиация- ауаға ұшақтарды ұшыру орталығы

Офицер - әскери адам

Цемент- құрғақ құрылыс материалы


Ц дыбысы сөздің қай буынында кездесіп тұр?

Біздің сыныпта ц дыбысынан келетін кісі аттары немесе заттар бар ма?


Цирк мәтінін оқып беру.


Сұрақ- жауап алу

Апам екеуіміз қайда бардық?

Циркте қандай хайуанаттар көп екен?

Біз олардың нелерін көрдік?

Аюлар,иттер қандай өнер көрсетті?

«Клоунның сыры» өлеңін мәнерлеп оқып,түсінік беру.(Өлеңде кім туралы айтылады?)

Авторы Қ.Мырза Әли

Оқулықтағы мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту


- 4 -

Сергіту сәті

Қанекей балалар, бойымызды жазып, бір сергіп алайық

Балалр бүгін желтоқсанның алтысы

Дәптермен жұмыс

Ц әрпінің қалай жазу керектігін көрейік. Дәптердегі жазу жолындағы штрихпен берілген ц әріпін басып жазу. Суреттегі заттардың атын тауып, қандай әріп түсіп қалғанын тауып жазу.

Суретті диктант

І топ Цирк, доп

ІІ топ Ұя, хат

ІІ топ Щетка,ою

Сабақты бекіту: Рефлексия /Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?/

Сабақты мадақтау: Балалар бүгінгі сабаққа барлығың жақсы қатыстыңдар. Соның ішінде қызыл түсті таңдаған топ циркке баруға билет алды.





















Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Дауан атындағы жалпы орта мектеп










Пәні: Әліппе

Тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі

Сыныбы: 1 «А»

Мұғалімі: Самбеталиева Жанна Қаныбекқызы









Дауан ауылы

2013 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.11.2018
377
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12