Білім
беру саласы:Таным
Іс-әрекеті
түрі: Қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы:
Балалардың 1 цифры туралы білімін бекіту.
Тез-баяу.
Үшбұрыш
(өзге фигуралардың арасынан табу)
Мақсаты:
1 цифры туралы өткенді пысықтау, цифрды
заттың санымен салыстыруға үйрету,
жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде
шешуге үйрету, «тез», «баяу» түсініктері
туралы білімдерін пысықтау,таныс
заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші,
кішкентай)салыстыру және оларды сол
белгілеріне қарай біріктіру,
Үшбұрыштың
көлемі жағынан әртүрлі болатыны туралы
түсінік қалыптастыру.
Көрнекі
құралдар: Ойынға арналған суреттер,
заттық суреттер, баяу, жылдам жүретін
аңдар суреті.
Билингвальды
компонент: бір-один,шеңбер круг,
үшбұрыш-треугольник,
шаршы-квадрат,ботақан-верблеженок,
доп-мяч.
Шаттық
шеңбері: Мейірімді жүрекпен,
Ақ
пейілді тілекпен,
Амандасып
алайық,
Келіп
қалған қонақтарға,
Иіліп,
сәлем берейік.
Ойын:Допты
қағып алу»
-Бағдаршамның
неше көзі бар?
-Қыс
мезгілінде неше ай болады?
-Адамда
неше көз бар?
-Аспанда
неше күн бар?
-Қолғапта
неше саусақ бар?
-Үшбұрышта
неше бұрыш бар?
-Адамда
қанша саусақ бар?
-Қоянның
неше құлағы бар?
-Кемпірқосақта
неше түс болады?
-Бір
жылда неше жыл мезгілі бар?
-Дөңгелекте
бұрыш болама?
-Аспанда
неше ай болады?
Жақсы
балалар, ойынға жақсы қатыстыңдар.
Балалар
топқа бөлініп, орнымызға отырайық.
Балалар,мен
сендерге жұмбақ жасырамын.
Біздің
үйде бір тауық,
Бір
жұмыртқажүр тауып.
Бір
сиыр бар қорада,
Бәтіш
апам жүр сауып.(1 саны)
Міне,
балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
1цифры,үшбұрыш,тез-баяу.
Балалар
тақтаға назар аударайықшы.Қандай
суреттер көріп тұрсыздар?
-Сандар,
шар, бақа, машина, саңырауқұлақ,пішіндер.
-1цифрын
заттардың санымен салыстырайық.
-Машина
нешеу?(біреу)
-Шар
нешеу?(біреу)
-Саңырауқұлақше?(біреу)
-Бақаше?(біреу)
-Балалар,
тақтада аю мен кірпі бар. Олар себеттеріне
гүл мен саңырауқұлақ жинаған. Аю неше
гүл жинаған? (үшеу)
Кірпі
неше саңырауқұлақ жинаған?( бесеу)
Қайсысы көп жинаған?
Кірпі
көп жинаған.Балалар кімдер сандар туралы
тақпақ біледі?
-Балалар,
барлығымыз сандарды санайықшы.
-0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
-Кері
санайық.
-10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0.
-Балалар,ауада
қолымызбен 1 цифрын салып көрейікші.
-Өте
керемет. Енді алдарымыздағы қағаздан
1цифрын салайық.
-1-топ
Сандарды қазақша санау
-2-топСандарды
орыс тілінде санау
-3-топСандарды
ағылшынша санау.
Сергіту
сәті:
Енді
дәптерімізді ашайық.
Жұмбақ
жасыру. Таңғажайып кірпішті
Бір-біріне
қаладым.
Ұнамаса
құлатып,
Қайта-қайта
қаладым.(Текшелер)
Доп-домалақ
іші қуыс пәле,
Қайта-қайта
семіруде, әне.(Доп)
Кезікті
кербез сұлу,
Бір
жануар.
Үстінде
Екі
тауы бар(Түйе)
Балалар
жұмбақты шешті. Суретте ,неше текше,
неше түйе, неше доп бар?
Бір
түйе, бір текше, бір доп бар. Балаларға
1деген цифрдың бір затты білдіретінін
түсіндіру.
1-топ.
Балаларға 1цифрына сәйкес заттарды
боятқызу.
2-топ.Пальмаға
кім бірінші жетеді? (Арыстанды боятқызу)
3-топ.Пішіндердің
арасынан үшбұрыштарды тауып,өлшемдерін
айтқызу. Үлкен үшбұрышты қызыл түспен,
одан кішілеуін көк түспен, ең кішкентайын
жасыл түспен боятқызу.
Бүгінгі
сабағымызды « Сұрақтары бар қорап»әдісімен
аяқтағалы отырмын.
Бүгін
біздер қандай санды салып үйрендік?
Аспанда
неше күн бар?
1санының
көршісін ата.
1
затты білдіретін санды ата.
Неге
арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?
Үшбұрышта
неше бұрыш бар?
Адамда
неше мұрын бар?
Дөңгелекте
бұрыш болама?
Қанша
жыл мезгілі бар?
Сандарды
кері сана.
Піл
үлкен бе, әлде тышқан үлкен бе?
Жақсы
,балалар, бүгінгі сабағымызға жақсы
қатыстыңыздар.
Сау
болыңыздар.
-