400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталау" 0 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ мектепалды даярлық тобы мұғалімдеріне пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: 1-10-ға дейінгі сандарды қайталау

Сабақтың мақсаты: білімділік:10 көлемінде тура және кері санауды қайталау; ұзын,қысқа ұғымдарын еске түсіру . 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту,

Дамытушылық:салыстыру туралы яғни,ұзын,қысқа туралы білімдерін нақтылау,тереңдету,байқағыштық қасиеттерін дамыту, саусақ қимылын дамыту.

Тәрбиелік:еңбекқорлыққа,тазалыққа үйрету

Әдіс-тәсілі:ауызша жұмыс,қайталау, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: ойыншықтар,цифрлар,кеспелер,доп,суреттер

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру .1-4-2-3-7-8

-Мен оң қолымды жайып жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын.Бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық

Қуанасың сен де

Қуанамын мен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Балалардың көңілін сабаққа аудару

Бір,екі,үш,

Cыныптың іші тып-тыныш,

Сабағымызды бастаймыз.

-Бір аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның нешінші күні?

2.Мақсат қою

Бүгінгі сабағымыз 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталау.Санаймыз,сандар құрамын қайталаймыз

3.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйде сандарды қайталап сабаққа дайындалып келдік пе? Қане, кім санайды..Ауызша санау,1-ден 10-ға дейін тура санау,кері санау.

Балалар тура және кері бағытта санауға арналған тапсырмалар беріледі.

-Ал,балалар,қане, санайықшы

-1,2,3,4,5,6,7,8,,9,10

-Балалар,біз қалай санадық?

-Тура санадық

-Ал,енді кері санайық

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1

4.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі

Суретпен жұмыс :Суреттерді санайды

!Поезд құрастыру» ойыны Вагондарға сандар жазылады.

балалар қолындағы сандар арқылы орындарын табады.Соңынан «Математика» сөзі шығады.

«Кім зерек» Үйшік 8=5+3 7=5+2 6=3+3 5=2+3 4=2+2

10=5+5 9=8+1 3=2+1 2=1+1

-Мынау не?

-Таспа

-Түсі қандай?

-Қызыл

-ұзындығы қандай?

-Мынау ұзын,қысқа


3.Ойын: «Үндемес» ойыны ( карточкада өрнек көрсетеді,балалар ойша санайды. Кім бірінші болып шешсе, жүгіріп келіп, жауабын үндемей көрсетеді. Егер жауап дұрыс болса, мұғалім арқасынан қағады, ойын әрі қарай жалғасады.)

2+1 3+2 5+1 8+2 4-2 7-3 8-5

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім барлығын ,болып шықты .....

5.Оқушылар білімін бекіту

4.Әліппе-дәптермен жұмыс:№1 тапсырма. Ең ұзын таспаны,ең қысқа таспаны боя Одан да қысқа таспаның суретін сал.

2 тапсырма- Кестені толтыр 8-дің құрамын табу

-8-дің көршісін ата?

-8 дегеніміз? 1 және неше?

-8дегеніміз ? 2 және неше?

-8 дегеніміз? 3 және неше?

8дегеніміз?4 және неше?

8дегеніміз?5 және неше?

-8дегеніміз? 6және неше?

-8дегеніміз? 7 және неше?

-8дегеніміз? 8және неше?

3 тапсырма Жапсыру

-Барлығы неше жидек?

-Барлығы неше жеміс?

4.Жазу жұмысы:№4 Логикалық тапсырма

Шелектерді үлкені көк пен сарының,ал қызылы көктің жанында болатындай боя.

-Ең үлкен шелек қайсы?

-Бізге қандай қарындаш керек?

Көк,сары,қызыл

-Көк шелекті оң жаққа орналыстыруғабола ма?

-Болмайды

-Неге? Өйткені көктің қасында қызыл болуы керек

-Ендеше үлкен шелекті қызыл түске бояймыз.

Сонда үлкені –қызыл,жанындағы көк,ал қалғаны сары болады.

1-ден 10-ға дейін тура санау,кері санау. Жеке балаларға санату. 10 санының құрамын қайталау

.Сандарға байланысты санамақ біледі?

1-дегенім-бесік,шықтық содан өсіп

2-дегенім-елім, далам,тауым көлім

3 дегенім –үміт, үміт артар жігіт

4 дегенім –талап, талмайтын қанат

5 дегенім- бақыт, бағалайтын уақыт

6 дегенім –ақыл, тыңдағаның мақұл

7 дегенім- жалау, жүректегі алау

8 дегенім –сенім, сене білем өзім

9 дегенім –тоқтау,елдің жоғын жоқтау

10 дегенім -Отан , қорға соны ботам!

Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау,мадақтау.

Сабақ ұнады ма?

6 тапсырмалар беру

Ой бөлісу.

Балдай тәтті баламыз

,Ақылдымыз данамыз

Сіздерменен қоштасып,

Сау бол деп біз қаламыз




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
913
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі