жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: 1 желтоқсан-Президент күні
Алматы қаласы №183 бала бақшасы
«Ботақан» тобының тәрбиешісі:Биболат Салтанат
Тақырыбы: Біздің Тұңғыш Президент кім?
Мақсаты : Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президент екені туралы әңгімелеу, түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті, ту, елтаңба
Билингвальды компонент: Отан-родина, елбасы - президент, ту-флаг,елтаңба- герб
Әдіс – тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Тәрбиеші:
Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз
Тәрбиеші:
-
Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып гимінді тыңдаймыз.
Тәрбиеші:
-
Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?
Балалар:
-
Тұңғыш президент күні
-
Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
Балалар:
-
Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші:
-
Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар:
Ол біздің елбасымыз!
-
Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болған елбасымыз.
Тәрбиеші:
1991 жылы 1-желтоқсанда халық өз таңдауымен Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады.
Н.Ә.Назарбаев
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы
Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.
Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды
армандады.
Ол ата-анасын қатты құрметтеген. Міне әкесі Әбіш және анасы Әлжан
-
Ал мына суретте онын жұбайы, жары Сара Алпысқызы
Балалар, сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар:
Нұрсұлтанда!
Тәрбиеші:
-
Дұрыс! Нұрсұлтанда Ақордада. Балалар
-
Нұрсұлтанда тағы да не бар?
Балалар:
Нұрсұлтанда Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздіңелдің символы.
Балалар елбасы деген сөзді үш тілде айтайықшы: елбасы - президент – President
-
Балалар Елбасымыз жайлы тақпақпақтарымызды айтайқшы
Нұржігіт:
Мақсатына жету үшін алдағы,
Әубастан-ақ, дұрыс жолды таңдады.
Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе,
Орындаған бабалардың арманын.
Аружан:
Күн өткен сайын құлпырып,
Жайнадың гүлдей Астана,
Елорда – менің Астанам,
Елорда-менің бас қалам.
Анель:
Ер болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұсұлтанның атымен басталады.
Көркемай:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Аружан
Ер болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады
Айерке
Отан деген - Атамекен
Отан деген - туған жер
Отан- ана, Отан -пана
Қазақстан – туған ел!
Тәрбиеші:
-
Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар:
-
Иә, білеміз. Олар: ту, гимн және елтаңба.
Тәрбиеші:
-
Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?
Балалар:
Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар:
Көк!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін
қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 дібілдіреді, ал сәулелері отыз екен.
Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген.
-
Ал, туымыздың жанында не бар екен?
-
Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
-
Енді балалар Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар:
-
Шаңырақ!
-
Тәрбиеші:
-
Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
-
Отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар:
-
Ат бар!
Тәрбиеші:
-
Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.
-
- Енді Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы
Біздің ұлтымыз қалай аталады? - ұлтымыз қазақ.
Ана тіліміз қай тіл? қазақтілі. -
Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг - flag
Елтаңба – герб - emblem
-
Балалар бізді бүгін мерекемізбен құттықтау үшін мектепалды даярлық тобының қыздары келіпті. Қазақ халқымыздың ұлттық биі «Асатаяқ» биін тамашалаңыздар!
-
Ал енді балалар туған жеріміз жайлы, отанымыз жайлы мақал – мәтел айтайықшы?
Бектөре:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Аспанға іліп қояды
Ақбаян:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат,әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Айсана
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
Рефлексивті түзетушілік:
Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші:
Ол кім?
Балалар:
Ол біздің елдің тұңғыш президентіміз.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
-
Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.
-
Жарайсыңдар, балалар!
(Елбасы, ту, елтаңба сөздерін үш тілде айтқызу)
Осымен сабағымызды «Көгершін» тобы балаларының орындауында хор «Отан» әнімен аяқтайық.
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық
Хор: « Тәуелсіздік ұраным » .
Күтілетін нәтиже
Біледі: Тұңғыш президент мерекесінің
басқа мерекелерден айырмашылығын.
Игереді: Рәміздерді естерінде сақтап,
патриоттық өлеңдерді жаттап олардың мағынасын түсіне
білуді.
Меңгереді: Елтаңбада, туда бейнеленген
суреттердің қандай мағына білдіретінің
меңгереді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген