400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық Сабақ 1 Желтоқсан Тұңғыш президент күні

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге , сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Президент – ел тірегі».
Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:

Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы.

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ГИМНІ
- Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін - Президент күні. Тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізде біз үш топқа бөлініп отырамыз. Балалар мына үстелдін үстінде суреттер бар.Сендер өздеріне ұнаған бір суретті алып , сол суретке сәйкес үстелге отарасыңдар.

Балалар ұнаған суретті алып үстелге жайғасады.(әр топтың басшысын таңдап алу).Жақсы қатысып отырған балаларға бір бірден смайлк беріп отырамын, сабақтын соныңда көп жинаған топ жеңіске жетеді.


Іздену ұйымдастырушы

Тосын сәт: Слайдтан ғаламшардан келген Томпақ көрінеді.
Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні.

 Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
- Балалар, бұл кім?
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?

-Біздің тұнғыш Президентіміз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Ал қазіргі елбасымыз кім?

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 

Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.

 Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.

Елбасымыз жайында Отан жайлы кім тақпақ айтып береді.
Жанерке
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

Расул
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Айым
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы.
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.

Балалар слайдтағы балалармен бірге «Сергіту сәтін» орындайды.
- Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің президенті, рәміздері жайлы барлығын біледі.
- Енді балалар, қазақтың салт - дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік, Томпаққа өз қолымызбен естелік жасап берейік.
Үш топ Эбру тәсілі арқылы тапсырмаларды орындайды.
1 - топ. «Астана»тобы.
2 - топ. «Байтерек» тобы.
3 - топ. «Пирамида» тобы.
- Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңыздар!
Балалар Томпақпен қоштасады.
Тәрбиеші:
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Рефлексті коорекциялаушы
- Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Томпақ бізге риза болды ма?
- Томпаққа сыйлыққа не беріп жібердік?
Балалар сұрақтарға жауап береді. Оқу іс – әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтайды, қорытындылайды.



Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмірімен танысады.
Игеруі: Рәміздер туралы түсініктері бар.
Білді: Эбру тәсілі арқылы жұмыс жасауды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі