400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ 1 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Менің үйім Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кішіпейілділік, мейірімділік, жақсылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ОІМ Достаева Ж.Г

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектебі: «Дөң орта мектебі» КММ

Мерзімі: 14-15. 11.2017

Мұғалім: Митонова Гульден Анарбековна

Сыныбы: 1 «а», «ә»

Сабақ № 10

Оқушы саны: 24

Тақырыбы: Менің үйім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кішіпейілділік, мейірімділік, жақсылық


Мақсаты: Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға кішіпейілділіктің қарым қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

  • Оқушыларды мейірімділік іскерліктерін дамыту;

  • Оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу

Ресурстар:

Интербелсенді таспа, буклет, дәптер, ереже жазылған плакат, баяу әуен, презентация, караоке

Сабақ барысы. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 5Т

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!


Үй тапсырмасын тексеру:

Дәптерде 3 тапсырманы аяқтау


Дәйексөз:

«Татулық табылмас бақыт» (нақыл сөз)

  • Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет қайталайды


Әңгімелесу. «Мұғалімнің сыйы» Шебердің өсиеті


Шебер қарындашты қорапқа салмас бұрын оны жанына қойып: - Сені әлемге аттандырмай тұрып, сен білуге тиіс бес қағида бар, - дейді.

Әрқашан есіңде ұста және ұмытпа, сен сонда ең жақсы қарындаш атанасың.

Біріншіден: сен өзіңді біреудің қолында ұстауға рұқсат етсең ғана көптеген істер жасай аласың.

Екіншіден: сен уақыт өткен сайын ұштаған кезде жаның ауырып, қиналасың, бірақ бұл жақсы қарындаш болуың үшін қажет.

Үшіншіден: өзің жіберген қателеріңді түзеп отыруға қабілеттісің.

Төртіншіден: сенің ең маңызды бөлігің сенің ішіңде орналасады.

Бесіншіден: кез – келген тегіс жерде өз ізіңді қалдыруға тиіссің.

Қандай жағдайда болғаныңа қарамастан сен жазуыңды жалғастыруың керек. Ең бастысы, барлығын махаббатпен қабылдап, қайтаруың керек.

Қарындаш бәрін түсініп, есте сақтауға уәде берді және қорапқа жүрек қалауымен орналастырылды.


1. Шебер қарындашқа қандай ақыл айтты?

2. Осы бес қағиданы адамға арнауға бола ма? Әрқайсысының мәнін түсіндіріңіз

3. Сіз соңғы рет қашан жақсы ізгі іс жасадыңыз?.


Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

«Біздің үй» мультфильмін көріп отырып, Асхатқа ұсыныс айту...


Топпен ән айту

Ақ мамам

автор: Фариза Оңғарсынова

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін


Қ-сы: Ақ мамам, ақ мамам

Құлыншағым күнім дейтін - 2 рет


Сабақтың қорытынды минуты.

Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан алған жақсы ойларыңызды жүрегімізге сақтайық. Рахмет! Сау болыңыздар!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі