400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ашық сабақ. 1-курс. "Сұраулы сөйлем. Наурыз мейрамы".

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас оқытушы мамандарға қажет. Сабақ барысында қолданылған әдістерді қолдануға өте пайдалы. Мұнда оқушылар тек сұраулы сөйлемді ғана меңгеріп қоймай, өздерін жан-жақты шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік алады. Қазақ тілімен қатар орыс тілінде де сөздерді меңгеру, теориялық біліммен қатар практикалық сауаттатрын одан әрі дамыту мүмкіндіктерін алады. Осыған байланысты жас мұғалім қажетті дүниелерді осы ашық сабақтан алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Инновациялық-технологиялық колледж





АШЫҚ САБАҚ



Пән оқытушысы: Сейдахметова Айман Калдыбековна

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға сұраулы сөйлем және оның жасалу жолдары мен оның интонациясы туралы лингвистикалық білім беру.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: тіліне, тарихына деген сүйіспеншілікті арттыру, салт-дәстүрге, өнерге құрмет көрсету, адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклеттер, оқулық, таратпа материалдар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география, биология, бейнелеу өнері, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

  3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

  4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Синтаксис дегеніміз не?

  2. Сөз дегеніміз не?

  3. Сөйлем дегеніміз не?

  4. Сөздердің байланысуының неше тәсілі бар?

  5. Сөздердің байланысу түрлерін атаңыз?

  6. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар?

  7. Хабарлы сөйлем туралы түсінік.

  8. Хабарлы сөйлемге мысал келтіріңіз?

  9. Сөз тіркесі нешеге бөлінеді?

  10. Есімді сөз тіркесіне мысал келтіріңіз?

  11. Етістікті сөз тіркесіне мысал келтіріңіз?

  12. Фразалық тіркеске мысал келтіріңіз?



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту.

Төменде берілген сөздердің екінші әріптерін бірімен-бірін байланыстырып жылдам оқыту арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау.

Сөздер жиынтығы

Ес, құлын, арман, қалам, су, алма, жыл, ас, көйлек, ойлан, үлкен, терек, емен. (Сұраулы сөйлем)

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді. Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.

Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?

Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.

Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша ойға байланысты туған сұрақты жетек сұрақ дейміз.

Мысалы:

  1. - Кеште кімдер өлең айтты?

  2. - Ұлдар өлең айтты.

  3. - Қыздар ше?

Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.

Екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты анықтауыш сұрақ дейміз.

Мысалы:

- Бұл кісілер  қай жердікі?

- Жетісудікі?

- Иә, Жетісудікі.

Анықтауыш сұрақ сұрау интонациясы арқылы жасалады. Сұраулы сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы онша бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен тынады.


ІV.Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс. 

1. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

2. Лексикалық тапсырмаға арналған сұрақтар.

Көктем айлары қалай аталады?
Көктемде неше ай бар?
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктемде қандай мерекелер бар?

3. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, әр сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жазыңыздар.

Наурыз – жыл басы. Наурызда күн мен түн теңеліп, күн жылынады. Табиғат қайтадан тіріледі. Қар ериді, өзен-көлдер тасиды. Бұл күнді ата- бабаларымыз жыл басы деп есептеген. Наурыз айында мал төлдейді.

Халықтың айтуы бойынша 21- наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды екен. Қыдыр адамға дәулет, бақ қондыратын ақсақал. Осы күнге адамдар үйлерін тазалап, жаңа киім дайындайды. «Наурыз» парсы тілінен енген сөз. Ол «жаңа күн» деген мағынаны береді. Ал, 22-наурыз күні адамдар бір-бірімен кездескенде, «Наурыз құтты болсын!», «Ақ мол болсын!» деп тілек айтады. Бір-біріне өкпелі болса, кешірім сұрасады. Әр үйде дастарқан жасалады. Ең басты Наурыз тағамы – Наурыз көже дайындалады. Би билейді, ұлттық ойын ойналады, ән айтылады. Наурыз мерекесі көңілді өтеді. Ақсақалдар бата береді.

4. Сөздікпен жұмыс. Дәптерге көшіріп жазыңызыдар.
Ұлыстың ұлы күні - Всенародный великий праздник
Қонақ –гость
Бата-благословение
Құрметтеу-уважать
әзірлеу, дайындау –готовить

Мына бата-тілекті оқып, есте сақтайық.

Наурыз құтты болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!

Әумин!


5. Сөздікті пайдаланып «Наурыз мейрамы» тақырыбында диалог құрыңыздар.


Шығармашылық жұмыс.

Топтық жұмыс. 3 топқа тақырыптары айтылады. А4 парағы мен 
қарындаштар беріледі. Тақырыптар бойынша өз ойларын жеткізу, тақта алдында қорғау. 
1-топқа Наурыз мерекесі 
2-топ Наурыз көже 
3-топ Ұлттық ойындар




Сергіту сәті. Наурыз мейрамынан көрініс көрсетіледі.


Өздік жұмыс. Суретті пайдаланып, сұраулы сөйлем құрастырыныз?


V. Қорытынды:

Сабақтан алған әсеріңіз қандай?

Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Сұраулы сөйлемнің тыныс белгісі қандай?

Наурыз мейрамы қалай тойланады?

 

VI. Бағалау: Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы, сұрақтарға жауап беруі, білімдері бағаланады.

«5» ____, «4» ____ , «3» ____, «2» ____


VII . Үй тапсырмасын беру.

Сұраулы сөйлем. "Мен қандай баламын?" тақырыбында сұраулы сөйлемді қатыстырып эссе жазып келу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі