жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 1 орыс сыныбы қазақ тілі
Пәні: |
Қазақ тілі |
||||
Күні: |
|
||||
Мектеп: |
Мұхаммед Хайдар Дулати |
||||
Мұғалім: |
Ахметова М.П. |
||||
Сынып: |
1 «б» |
||||
Бөлімі: |
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. |
||||
Тақырыбы: |
«Мақтақыз бен мысық» ертегісі. |
||||
Осы сабаққа арналған оқу мақсаты |
1.1.4.1.Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну. 1.2.6.1.Тыңдаған,оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін,ұнайды/ұнамайды)білдіру. 1.5.1.5.Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру. |
||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар істей алады: «Мақта қыз бен мысық»ертегіні көріп қысқа жауап бере алады. Оқушылардың көпшілігі істей алады: Талқылауға арналған сұрақтарға ауызша және жазбаша жауап бере алады. Кейбір оқушылар істей алады: Дәнді-дақылдармен қазақша атауларды сәйкестендіре алады. |
||||
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен фразалар: Мейіз,сүтін төгеді,тауып алады,шөлдеп тұрмын,дән,бас салады,жаныңның барында,табақ. |
||||
|
Сұқбатқа арналған пайдалы фразалар: Мынау кім?Неше?Қандай? |
||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар. -Қай сөздер,суреттер сендерге таныс? -Қандай кейіпкерлерге ұқсайды?Неліктен ұқсайды? -Мақта қыздың қөңіл-күйі қандай болды? -Мысықтың көңіл-күйі қандай болды? -Мақта қыз бен мысық дос бола алды ма? -Неге мысық қатықты төкті? -Мысық қатықты қайдан алды? |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың ұжымдық жұмысына қолдау жасау,өз ой-пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік беру. |
||||
Алдыңғы оқу |
Қазақтың ұлттық аспабы –домбыра. |
||||
Жоспар |
|||||
Сабақтың барысы |
|||||
Жоспарланған мерзімдер |
Жоспарланған шаралар |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
10мин
|
2мин
3мин
1мин
4мин |
Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. «Шаттық шеңбері» Оқушылар қазақтың ұлттық аспабы туралы бір –біріне айтып,білімдерін жетілдіреді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Пеш үстінде мысық отыр Екі көзін қысып отыр Тышқан етін жегісі кеп Тісі оның қышып отыр Ал балалар бұл жерде қандай кейіпкер жайлы айтылып отыр. «Мысық». Ол кейіпкер қандай ертегілерде кездеседі. «Шрек және оның достары», «Кот в сапогах», «Мақта қыз бен мысық». Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. -Ертегіні мұқият тыңдап,кейіпкерлерді атай аламыз. -Ертегі бойынша сұрақтарға жауап бере аламыз. -Ертегіні мазмұндай аламыз. «Кинометафора» әдісі арқылы «Мақта қыз бен мысық»ертегісін көру. Өзін –өзі бағалау:Шапалақ Кері байланыс:Мадақтау. |
Бейнефильм «Мақта қыз бен мысық» https://youtu.be/0zFKw85XyC4 |
||
Сабақтың ортасы
20мин |
3мин
7мин
5мин
5мин |
«Галереяны шарлау» әдісі. «Мақта қыз бен мысық»ертегісіне. Слайд 1 Өзара бағалау:Басбармақ. Кері байланыс:Смайликтер. Сергіту сәті. «Физминутка» «Жалғасын тап»әдісі оқушының логикалық ойлауы дамиды,жылдам ой түйіндейді.Жеке жұмыс. Мейіз-изюм Қатық-кефир Дән-зерно Табақ-блюдце Жұмыртқа-яйцо Жапырақ-листья Дискриптор 1.Оқушылар сурет пен сөздің орын тәртібін табады. 2.Өз бетінше жұмыс жасай алады. Өзін –өзі бағалау :«Бағдаршам» Қызыл түс-түсінбедім Сары түс-сұрағым бар Жасыл түс-түсіндім Кері байланыс:Жұлдызшалар. «Сұраққа жетіп ал» әдісі мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту. 1-тапсырма. Ертегіні тыңдайды,рөлдерге бөліп оқыту. Дискриптор 1.Дыбыстарды дұрыс,қатесіз айтып оқыту. 2.Рөлін дұрыс тауып оқу. Өзін –өзі бағалау:Түрлі түсті смайлик. Кері байланыс:Математикалық фигуралар. Сергіту сәті: «Қара жорға» биі «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы оқушылар оқылымдағы 4-тапсырмадағы сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап,дәптерлеріне көшіріп жазады. Топқа бөлу:Математикалық фигура. «Кластер» әдісі (постер)Топпен жұмыс: «Топтастыру»тұжырымды ойларын карталарға түсіріп,топтық жұмыс қорғалады. Оқушыларға екі топқа тапсырма беріледі. 1-2 топ Берілген суреттер бойынша кластер құрау,корғау /Ө/Өз бетінше жұмыс істеуге, ойларын айтылым арқылы қазақ тілінде жеткізуге дағдыландыру Өзара бағалау :Шапалақ Кері байланыс:Мадақтау. |
Слайд Infourok.ru
Сурет пен сөздер: Infourok.ru
оқу
би
кластер
|
||
Сабақтың соңы 10мин |
5мин |
«Ыстық орындық» әдісі.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. -Мысық қайда келді?(ағашқа) -Ағаш не сұрады?(жапырақ) -Жапырақ не сұрады?(су) |
|
||
Кері байланыс 3мин |
«Поезд» әдісі
|
|
|||
Бағалау 2мин. |
Өзін –өзі бағалау: «Бас бармақ»
|
|
|||
Үй жұмысы |
«Мақта қыз бен мысық»ертегісін оқып келу. |
|
|||
Қосымша ақпарат |
|||||
Саралау.Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Пәнаралық байланыс Орыс тілі,ағылшын тілімен , АКТ- мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||
Топтық жұмыс: «Шаттық шенбер»,«Кластер»,«Кинометафора». Жұптық жұмыс:«Сұраққа жетіп ал» рөлін дұрыстап бөліп оқу. Жеке жұмыс:«Галереяны шарлау», «Жалғасын тап», «Ыстық орындық»,«Бір сөйлеммен түйіндеу». Көмек қажет ететін оқушыларға тірек сөздер арқылы көмек беремін |
Жетістік критерийлері арқылы Ынталандыру бағалау Мұғалім тарапынан «Бас бармақ»арқылы бағалау,Шапалақ бағалау,Түрлі түсті смаиликпен бағалау,Бағдаршам бағалау(сабақтан тыс). Кері байланыс:Мадақтау,математикалық фигура,жұлдызшалар,смайликтер. |
Тілдік бірліктер Мейіз,сүтін төгеді,тауып алады,шөлдеп тұрмын,дән,бас салады,жаныңның барында,табақ. АКТ- ны қолдану слайд және «Мақта қыз бен мысық» бейнежазбаларды көрсету мақсатында қолданылды Құндылықтарды дарыту Оқушылардың ұжымдық жұмысына қолдау жасау,өз ой-пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік беру. Құндылықтарды бағалай білуге, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Өмірмен байланыс. Оқу орының бағалауға тәрбиелеу Пәнаралық байланыс. Орыс тілі |
|||
Рефлексия Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Мақсат шынайы,талапқа сай,оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып алынған. Бүгін оқушылар «Мақта қыз бен мысық» ертегіні көріп толық ақпарат алды.Талқылауға арналған сұрақтар. -Қай сөздер,суреттер сендерге таныс? -Қандай кейіпкерлерге ұқсайды?Неліктен ұқсайды? -Мақта қыздың қөңіл-күйі қандай болды? -Мысықтың көңіл-күйі қандай болды? -Мақта қыз бен мысық дос бола алды ма?-толық жауап берді. Бір –бірінен не салғанын сұрады,сұраққа толық жауап береді, жіктік жалғауын мұғалімнің көмегімен дұрыс қолданады. |
||||
Қорытынды бағамдау: Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.Жоспарланған стратегиялар арқылы деңгейлік сұрақтар қойылып, сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларды мадақтап,ынтымақтастық орта құрып;топтық, жұптық және жеке жұмыс жасата отырып, сабаққа деген қызығушылығын ояттым.Сабақтың нәтижесі :тындалым бойынша: «А»-4 оқушы, «В»-7оқушы, «С»-4оқушы, оқылым бойынша: «А»-4 оқушы, «В»-7оқушы, «С»-4 оқушы. жазылым бойыша:«А»-4оқушы, «В»-7 оқушы, «С»-4 оқушы 68%білімін және біліктілігін көрсете алды. 2. « Мақта қыз бен мысық» тақырыбындағы бейнежазба,слайдтар,суреттер арқылы оқушылардың тілін дамытып, екі тілде сөйледі. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту үшін жас ерекшеліктеріне сәйкес топтық , жұптық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру. 2.Диалогтік оқытуды сабақтарымда тиімді пайдалану. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Келесі сабағымда әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту үшін топтық ,жұптық жұмыстарын дұрыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерді қолданамын. Оқушылардың тілін дамыту үшін диалогтік оқытуды сабақтарымда тиімді пайдаланамын. |
|||||
«Мақта қыз бен мысық» сабақтың рефлексиялық есебі
Сыныбы: 1«б»
Бөлімі:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы:«Мақтақыз бен мысық» ертегісі.
Мақсаты:«Мақта қыз бен мысық»ертегіні көріп қысқа жауап бере алады.Талқылауға арналған сұрақтарға ауызша және жазбаша жауап бере алады.Дәнді-дақылдармен қазақша атауларды сәйкестендіре алады.
Күтілетін нәтиже:Оқушылар ертегінің мазмұнын айқындайды,ойларын түсіндіреді,топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы жауапкершілікке дағдыланады,өз бетімен білім алуға үйренеді.
Сабақ бойынша 16 оқушылар сабаққа өз ынтасымен қатысты.1 «б» сыныбына курстан алған теориялық білімімді пайдалана отырып, тәлімгермен бірлесе жоспарлап оқушыларды өзін-өзі және өзара бағалауға үйрету, бірлесе отырып шешім шығаруға, талдау, қорытынды жасауға ықпал ету мақсатымен бүгінгі сабағымды «Шаттық шенбер»,«Кинометафора», «Галереяны шарлау»,«Жалғасын тап», «Сұраққа жетіп ал», «Ыстық орындық», «Кластер әдісі»,«Бір сөйлеммен түйіндеу» сияқты әдістерді қолдануды жоспарладым. Алдымен сабақты бастамас бұрын сыныпта ықпалдастық атмосферасын құру үшін сергіту сәтін жасатудан бастап, «Шаттық шеңбер» ойының ойнаттым. Оқушылар өз ойларын бір-бірімен еркін сөйлесу, қарым-қатынас жасау арқылы білдірді.Қазақтың ұлттық аспаптары туралы бір-бірімен мағлұмат алысты. Қатысқан оқушылар саны-16
1
2
3
1-2 «Шаттық шеңбер» әдісі 3.«Кинометафора» әдісі.
«Кинометафора» әдісі арқылы оқушылар «Мақта қыз бен мысық» ертегісін көріп,тыңдалым әдісі арқылы өз ойларын толық жетілдірді.«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша айтылым әдісі арқылы оқушылар өз ойларын ашық айта алды.Әр кейіпкерді атай алды,барлығын ажырата білді. «Жалғасын тап» әдісі арқылы оқушылар ертегідегі дәнді-дақылдардың суреттегі атауларын сәйкестендірді. «Сұраққа жетіп ал» әдісі арқылы оқушылар мәтінді рет-ретімен оқыды.Жұптық жұмыс арқылы рөлдерін дұрыс тауып бөлді.«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы оқушылар оқылымдағы 4-тапсырмадағы сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап,дәптерлеріне көшіріп жазды.Оқушылар топқа математикалық фигура арқылы 2-топқа бөлінді.«Кластер» әдісі арқылы оқушылар (постер) «Топтастыру»тұжырымды ойларын карталарға түсіріп,топтық жұмыстарын қорғады.Сабақты қорытындылай келе«Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылар бір –бірлеп шығып сурет қима сұрақтарына жауап берді.Оқушылар өзін өзі және өзара бағалау жүргізді:бағдаршам,шапалақ,түрлі түсті смайлик,басбармақ. Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізілді:жұлдызшалар,мадақтау,математикалық фигура,түрлі түсті смайликтер.Оқушылар рефлекция «поезд» арқылы жасады.
4
5
6
4.«Галереяны шарлау» кезі. 5.«Жалғасын тап» кезі. 6. «Сергіту сәті»
7.
8
9
7.«Кластер» әдісі 8. «Ыстық орындық» әдісі 9. «Поезд» кері байланыс әдісі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген