Материалдар / Ашық сабақ 1 Қыркүйек Білім күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 1 Қыркүйек Білім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға білім алу керек екенін қысқаша түсінік беру Қазақстан Республикасының рәміздер туралы түсінік қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2021
741
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: 1 - қыркүйек – білім күні
Сабақтың мақсаты: Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құрай білуге үйрету.
Билингвалды компанет –білім-знание-

Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).

Тәрбиеші:Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше күн, алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы білім күні құтты болсын!

Тәрбиеші:Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1-қыркүйек. Бұл ата-аналар үшін де,балалар үшін де,тәрбиеші үшін өте қуанышты күндердің бірі.Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа лайықты білім алып, тәрбие алып жүрсіңдер.Білімге талпынған балапандар қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты болсын!

Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен оқу іс-әрекетімізді жалғастырайық.

Али:
Кел балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенін алдынан
Іздемей –ақ табылар.

Айару:
Қыркүйектің бірінде

Кеудем толы дірілге

Құлақ түйем

Бақша деген бір үнге

Сұлта
Қиындықтан өтуге,
Армандарға жетуге,
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге.



Омар:

Ойын маған ұнайды

Көп ойнауға болмайды

Күні бойы доп кусаң

Ақыл білім қонбайды

Тәрбиеші :

Ұстаздар – ұлттың тірегі,
Ұстаздар – білім жүрегі,
Ұрпаққа жеттер ұстазбен,
Халықтың  ұлы тілегі.

Еламан

Балабақша есігін
Үшке
тола ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіруде бақшамыз.  

 Руслан

Кел балалар оқылық

Ықыласпен тоқылық

Ғылым білім шыңында

Биіктерге жетейік

Амира

Білім алған өзіңмен
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт, мұғалім.

Амельия

Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз. 

Жанибек

Апай біздің анамыз

Айтқан тілді аламыз

Ықыласпен тыңдаймыз

Апайды біз сыйлаймыз


Ғажайып сәт:

2. Жүргізуші: Жалқаубек келеді! Жалқаубектің музыкасы

ЖАЛҚАУБЕК: Ой, балалар, мында не болып жатыр? Кеттік, балалар, ойнауға, менімен ойнағыларың келіп тұр-ау деймін.

ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек мұның не? Мерекелік киіміңді киіп келмейсін бе?!

Бүгін бізде мереке,1-Қыркүйек - білім күні, барлық мектептерде, балабақшаларда осы мерекені тойлап жатыр.

ЖАЛҚАУБЕК: Әй балалар мектеп дей ме? Мектепте біздің апаларымыз, ағаларымыз окиды. Біз басымызды ауыртып қайтеміз, оданда жүріңдер ойнайық.

ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек сіз бізбен бірге болып, бүгінгі мерекені тамашаланыз. Біздің балалар өнерлі, алғыр. Ал сіздің қандай өнеріңіз бар?

ЖАЛҚАУБЕК: Мен жалқау болсамда өнерлімін! Мен ән саламын.

ТӘРБИЕШІ: Біздің өнерлі  балаларымыз сізбен бірге ән салғысы келеді екен. Қәнекей Жалқаубекпен балаларымыздың өнерін тамашалайық!

Әліппе әні шырқалады

Рахат

Біз әдепті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Үлкендерге жол беріп

Айтқан тілді аламыз

Али
Кел-кел досым бақшаға
Естимісің үнімді
Сауат ашып тіл дамытып
Үйренейік білімді.

Есжан

Балабақша үйіміз

Сені жақсы көреміз

Үлкен болып өскенде

Сені еске алып жүреміз

ТӘРБИЕШІ:Ал,балалар Жалқаубекті шығарып салайық.

Қорытынды бөлім.
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандары үшін көп рахмет. Бүгінгі 1 - ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.

ТӘРБИЕШІ:

Сауболыңыздар.












Бекітемін:

«Happy Babby» балабақша

меңгерушісі : ____ Ш.Ш.Сугирбаева

« ___ » « ___ »2021\2022жыл



«Тәрбие сағатты»

Тақырыбы: 1-Қыркүйек – білім күні


«Ботақан» ортаңғы тобы,















Тәрбиеші; Червалиева.С.К








2021-2022 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!