400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "1 санымен амалдар орындау" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып ұстаздарына арналған қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні : Математика

Мұғалім: Тұрағұлова Ж.Е

Күні:21. 02. 2019 жыл

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы :


1 санымен амалдар орындау

Мақал – халық даналығы

Бөлім:

2.2. Алгебра элементтері

Бөлімшесі:

2.1. Cандық және әріптік өрнектер

Ортақ тақырып:

Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

2.2.1.4. Cанды 1-ге кобейту және болу жагдайларын әріптік теңдік түрінде : а х 1 = a; a : 1= a көрсету.

Сабақ мақсаты:

Санды 1-ге көбейту мен бөлу жағдайларын әріптік теңдік түрінде көрсету және салт- дәстүр және ауыз әдебиетінің бір түрі мақалдың мағынасын ашу.


Бағалау критерийлері:

Барлық оқушылар :

  • әріптік теңдік түрінде а х 1 = a; a : 1= a көрсетеді;

  • амалдардың орындалу рентін айтады;

  • көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыра алады;

Көптеген оқушылар:

  • есептерге сызба таңдап оларды екі амалмен шығатындай етіп толықтырады және шығарады;

  • алдында өтілген көбейту кестелерін және олардың заңдылықтарын біледі.

  • Kөбейтуді бөлумен тексереді.

Кейбір оқушылар:

  • баған түрінде есептеп, тексереді;

  • өрнек құрастырып, мәнін табады;


Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер : жүйек, есе кем, кем, есе артық, ересек.

«Ағаш тамырымен, адам досымен мықты» мақалының мазмұнын ашу

Ортақ тақырыпты ашу сұрақтары :

  • Санды 1-ге кобейту және бөлу жағдайларын түсіндір

  • Салт- дәстүр дегеніміз не?

  • Ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

  • Мақалдың мазмұнын қалай түсінесіңдер?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстыр?

  • Кез келген санды 1-ге және 1-ді кез келген санға көбейткенде қандай сан шығады?

  • Бұлар неше амалмен шығарылатын есептер?

Ишара: «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Талпын», «Дайындал» т. б.

Құндылықтарды дарыту


Мақалдың мағынасын түсіну арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықты сіңіру. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының екінші құндылығы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып ұрпақтан ұрпаққа берілетінін ұғындыру. (Бұл идея сабақтың өн бойында іске асады)


Пәнаралық байланыстар


Ұлттық дүниетаным, дүниетану, әдебиеттік оқу, дене шынықтыру,музыка.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,парақшалар, кестелер, дискі,сурет, бағалау мен сергіту түрлері, смайликтер, т.б.

Бастапқы білім


Теңдік пен теңсіздік, санды және әріпті өрнектер



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут




Ширату жаттығулары

  1. Психологиялық  ауалСәлеметсіңдер ме балалар!Здравствуйте дети!Good afternun children!Қанеки барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Оқушылар тұрып, бір-біріне қарап сәттілік тілейді.

-Кел, жаныма тұр, сыныптас,

Алақаныңды маған аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос!

Оқушылар қарсы тұрып, бас бармақтан бастап кезек-кезек саусақтарының ұштарын бір-біріне тигізеді.

1- барлық

2- істе

3-саған

4-сәттілік

5-тілеймін

6-алақандарын қосады -РАХМЕТ!

Енді мына тақтадағы көбелектердің бірін алыңдар, артында жазылған сөзге байланысты , топқа барып жайғасыңдар. Топтар құрылды.

1-топ - «Бірлік»

2-топ – «Достық»

3-топ – «Ынтымақ»

4-топ – «Бақыт»

5- топ – «Білім»

Топ ережесін еске түсірейік.

Үй тапсырмасын тексеру: (55 бет.3)


Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

35 минут


«Біліміңді сына» ДиалогОсы сұрақтар арқылы оқушылардың білімін тексеру.

-Теңдік дегеніміз не?32 + 37 = 69; 46 – 30 = 16

-Теңсіздік дегеніміз не?100 > 90; 60 < 70

-Санды өрнек дегеніміз не? 900 + (700 – 600)

-Әріпті өрнек дегеніміз не? b + (12 + 40)

-Санды1-ге, 1-ді санға көбейткенде қандай сан шығады?

Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс

«Орындап көр» әдісі. Жұппен жұмыс(Оқулық, 56-б)

Өрнектердің мәнін өсу ретіне қарай орналастырып мақалды құрастырады.

27: 3 = 9ағаш3 х 9 = 27адам

6 х 3 = 18тамырымен 5 х 8 = 40досымен

9 х 5 = 45 мықты

«Ағаш тамырымен, адам досымен мықты» мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дескриптор:

- өрнектің мәнін өсу ретімен орналастырады;

- сурет кімдер туралы екенін айтады;

- мақалдың мағынасын түсіндіреді.

ҚБ.«Қол шапалақтау»

Топпен зерттеу жұмысы «Проблемалық жағдаят»

( әр топ өз ішінде зерттеп талқылайды)

Достарыңмен бірге зертте. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастырып есепте. Екінші көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстыр. Қандай қорытынды жасауға болады?

1. Мысалдар:

6 х 3 = 6 + 6 + 6 = 18 3 х 9 = 9 + 9 + 9 = 27

2.Жаңаны ашу, түсіндіру.

1 х 2 = 2 1 х 6 = 6

1 х 3 = 3 1 х 7 = 7

1 х 4 = 4 1 х 8 = 8

1 х 5 = 5 1 х 9 = 9

Топ басшысы ережені бүкіл сыныпқа түсіндіреді.

3. Ереже:

Кез келген санды 1- ге және 1-ді кез-келген санға көбейткенде сол санның өзі шығады

а х 1 = а

а:1 = а

Дескриптор:

-көбейтуді қосылғыштардың қосындысымен алмастырады;

-көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстырады, қорытынды жасайды.

ҚБ. «Бас бармақ»


Дәптермен жұмыс (Тақтамен жұмыс)

Бүгінгі күнді және сынып жұмысын жазыңдар.

Жаңаны ашу;

1-1=0 0+3=3

1*1=1 1*0=0

2*1=2 0*1=0



Топтық жұмыс Постер қорғау

Оқулық, 2-тапсырма, 57- бет

Есептерге сызба таңда. Оларды екі амалмен шығатындай сұрақтармен толықтыр және шығар.

Ітоп.

а)Сырым 8 жүйек, ал Санжар одан 2 есе кем жүйек суғарды.

. . . неше жүйек суғарды?

Ш: 8 : 2 + 8 = 12

Ж екеуі 12 жүйек суғарды.

ІІ топ.

ә) Мақсат 12 кг алма, ал Әнуар одан 4 кг кем алма жинады.

. . . неше кг алма жинады?

Ш: (12 – 4) + 12 = 20

Ж: екеуі 20 кг алма жинады.

ІІІ топ.

б) Серуенге 5 ересек адам, ал олардан 3 есе артық балалар шықты. Неше . . . серуенге шықты?

Ш: 5 х 3 + 5 = 20

Ж: 20 адам серуенге шықты.

Дескриптор:

  • екі амалмен шығатындай сұрақтармен толықтырады;

  • есептің шешуі мен жауабын табады;

  • есептерге тиісті сызбаны дұрыс таңдайды.

  • Түсінгендерін дәлелдеу барысында постер қорғайды.

ҚБ. «Қол шапалақтау» әдісі


Сергіту сәті. 3 тілде


Тақтамен жұмыс «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

(Оқулық, 57- бет, 3-тапсырма)

Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексер.

І топ ІІ топ ІІІ топ

100 – 24=76 19 + 6 = 25 50 + 17 = 67

61 – 49 = 12 60 – 13 = 47 57 + 13 = 70

29 + 21= 50 55 + 35= 90 70 – 14 = 56

17 + 53 = 70 61 + 19 = 80 40 – 18 = 22

Топ басшысы тексереді.Топтан үш оқушы шығып үш бағанды тақтада орындайды.

Дескриптор:

- баған түрінде есептейді;

- дұрыстығын тексереді.

Қ.Б. «Басбармақ стратегиясы »

Жұппен жұмыс

5 – тапсырма

а)Өрнек құрастырып, оның мәнін тап.

ең үлкен екі таңбалы сан мен 77-нің айырмасына ең кіші екі таңбалы санды қос.

(99 – 77) + 10 = 32

ә) Өрнектердің мәнін тап.

15 + а – 13а = 5; a = 10; a = 30

15 + 5 – 13 = 7

15 + 10 – 13 = 12


b – 2 + 18b = 32; b = 43; b = 52

32 – 2 + 18 = 12

43 – 2 + 18 = 59

52 – 2 + 18 = 68

Дескриптор :

- өрнек құрастырады ;

- өрнектердің мәнін табады.

Қ.Б.«Смайликтер» арқылы бағалау


Ойын.«Математикалық балық аулау»

Ойынның барысын мұғалім түсіндіреді.Әр топтан оқушылар шығып, балық артындағы тапсырмаға жауап береді.

1-топ.

а) Арқан тартудан жарысқа қатысқан балалар 4 командаға бөлінді. Әр командада 6 баладан болды.Жарысқа барлығы неше бала қатысты?

Ш: 4 х 6 = 24

Ж: жарысқа 24 бала қатысты.

2- топ.

ә) Арқан тартудан жарысқа 24 бала қатысты. Олардан әр командада балалардың саны бірдей болатындай 4 команда құрды.Әр командада неше бала бар?

Ш: 24 : 4 = 6

Ж: әр командада 6 бала бар.

3- топ.

б)24 бала 6 баладан бөлінді. Жарысқа неше команда қатысты?

Ш: 24 : 6 = 4

Ж: жарысқа 4 команда қатысты.

4- топ.

Арқан тарту ойынына барлығы 6 бала қатысты, ал бәйгеге одан 2 есе артық бала қатысты. Байгеге неше бала қатысты?

Ш: 6х2=12

Ж: бәйгеге 12 оқушы қатысты

5- топ:

Жарысқа барлығы 18 бала қатысты. 12 бала бәйге ойынына, қалғаны арқан тарту ойынына қатысты? Арқан тарту ойынына неше бала қатысты ?

Ш: 18-12=6

Ж: Арқан тарту ойынына 6 бала қатысты.

Дескриптор:

  • кері есеп екенін түсінеді;

- есептің шартын жазады;

- шешуі мен жауабын табады.

ҚБ. «Қол шапалақтау әдісі»


Кубик







Интербелсенді тақта









Ауладағы достар









«Қол шапалақтау»



Мысалдар жазылған

(көбейту)

парақшалары беріледі






Интербелсенді тақтамен түсіндіреді


«Бас бармақ»




Интербелсенді тақта

(Білім ленд)





Сызба парақшалары таратылады

(әр топқа)


Оқулықтағы сызба

Постер








Интербелсенді тақтада бағанмен жазылып тұрады


Топта, тақтада орындайды


«Қол шапалақтау»





Парақшалар таратылады

























«Смайликтер»

Picture 4







«Арқан тартыс»

Ойыны

















Сабақтың соңы

2минут



Кері байланыс. «Сендвич » стратегияясы

  • Мен бүгін не үйрендім ?

  • Маған не ұнады ?

  • Қай жерін түсінбедім ?

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» топтар бір-бірін бағалайды.

  • Екі ұнаған нәрсе

  • Жақсатту қажет


«Сендвич»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз ?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз ?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға тапсырмалар беремін, тапсырмаларды орындау барысында білімдерін дамытамын.Дарынды оқушылар топтағы деңгейі төмен оқушыларға көмектесіп, түсіндіруін қадағалаймын.Ұжыммен, топпен, жұппен жұмыс істеуге көп көңіл бөлемін.


Әр тапсырмадан кейін топты бағалап (ҚБ) отырамын. Тапсырманың соңында бағалаудың мына түрлерін қолданамын:

«Шапалақтау», «Бас бармақ», «Бағдаршам», «Смайликтер», «Жапондық бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жетістіктер жолағы».

Сергіту сәтін жасаған кезде , бір-біріне кедергі жасамауын, бидің барысында қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін ескертемін .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
2796
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі