400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні : Дүниетану Мектеп: №12

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Менің отбасым және достарым

Күні: Мұғалімнің есімі: Қордабаева Кенже

Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің отбасым

Осы сабақта негізделген оқу мақсаттары

        1. Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру.

        2. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.

Сабақ мақсаттары:




 Барлық оқушылар:

  • Өз отбасы туралы айтады.

  • Отбасы ұғымын түсінеді.

  • Отбасылық шежірені біледі.

Көптеген оқушылар:

  • Отбасындағы туыстық қарым-қатынас атауларын ажыратады.

  • Отбасылық құндылықтарды біледі.

Кейбір оқушылар:

  • Отбасындағы «шежіре» , «отбасы дәстүрі» сөзінің мағынасын айтады.

Бағалау критерийлері

  • Отбасы мүшелерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты сипаттайды.

  • Отбасылық шежірені түсінеді.

  • Дереккөздер арқылы отбасы сөзінің мағынасын айтады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Отбасы-Семья- family

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Отбасы,шежіре,отбасылық дәстүрлер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Отбасы деген не?

- Қандай туыстық атауларды білесің?

- Қамқорлық деген не?

Құныдылықтарды дарыту

Отбасы мүшелерін құрметтеуге,жауапкершілікке баулу. Өз бетімен білім алуға ұмтылысы бар жеке тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Көкем еңбек,сауат ашу.

Алдыңғы білім


Отбасы мүшелерін атай алады. Отбасы туралы түсінігі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақта жоспарланған іс - әрекеттер


Ресурстары

Басталуы





1.Ұйымдастыру кезеңі

Ширату жаттығуы: «Түймедақ» ойыны.

Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзі жазылады. Оқушылар әр күлтешесәне осы сөзге қатысты сөздерді жазып шығады. Отбасы тақырыбына байланысыт әңгіме жүргізіледі.

Кері байланыс: «Ашық микрофон»

  • Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға бола ма?

  • Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде?

Топқа бөлу

1-топ Әке

2-топ Ана

3-топ бала

слайд
















ҰЖ. Миға шабуыл: «Біздің жанұя» бейнебаяны

Бейнебаянды көру арқылы отбасы мүшелерінің орнын анықтайды.

Кері байланыс: «Ашық микрофон»

  • Отбасында кімдер болады?

  • Ең үлкені кімдер?


ТЖ. «Менің отбасым»

«Қонақжайлылық» ойыны

І-топ- «Қонақ күту дәстүрлері» (көрініс)

ІІ-топ- «Ас мәзірін құру» (ұлттық тағам түрлері)

ІІІ-топ - «Ақ тілек» (бата немесе тілек)


Кері байланыс: «Ашық микрофон»

  • Отбасы тірегі кімдеп ойласыңдар?

  • Отбасында өзің қандай рөл атқарасың?


Бағалау. «Шапалақ» әдісі

3 шапалақ- өте жақсы

2 шапалақ- жақсы

1 шапалақ орташа


ҰЖ. «Сен білесің бе?»

Дереккөздерінен мағлұмат беру.

15-мамыр- Халықаралық отбасы күні. Қазақстанда отбасы күнін қыркүйекте мерекелейді.


Кері байланыс: «Ашық микрофон»

  • Сен үшін қандай отбасылық мереке маңызды деп ойлайсың?

  • Халықаралық отбасы күні қай күні құрылған?


ӨЖ. «Отбасы ағашы»

Дәптермен жұмыс

Өздері әкелген отбасы суреттерін осы ағашқа орналастырады.


Кері байланыс:

-Отбасы мүшелерін қалай орластырдың?


Бағалау: Смайликпен бағалау.


Сергіту сәті

Бас бармағым –әкем

Балаң үйрек –шешем,

Ортақ тірек-ағам,

Шылдыр шүмек-апам,

Кішкентай бөбек-мен,

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


ЖЖ. «Шежіре»

Қима сөздерді құрастыру арқылы шежіре құрастырады.

Әке

Бала

Немере

Шөбере

Шөпшек

Немене

Туажат


Дерексөздерді пайдаланып дұрыс жауабын анықтайды.

-         «Отбасылық шежіре» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-         Әр әулеттің өз тарихы бар. Сенің әулетіңнің тарихы- ата-бабаңның өмірі. Отбасының мұндай тарихын шежіре деп атайды екен.

Оқушылардың назарын ағаштың суретіне аударыңыз. «Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын біліңіз.


Кері байланыс:

  • Шежіре деген не?

  • 7 атаңды білесің бе?

Бағалау.

Көрсетілген бағалау шкаласына қарап жұптар өзін-өзі бағалайды.

7 дұрыс болса- жұлдызша

5-6 дұрыс болса – төртбұрыш

3-4 дұрыс болса- ұшбұрыш


Қалыптастырушы бағалау

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді белгілеңіз.












Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесіз? Жұпта талқылаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін

суреттерді көрсетеді;

- қамқорлық жасау туралы ой қорытады


2- тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Кімнің, кімге және қалай көмектесіп жатқаны туралы

әңгімелеңіз.

Өз отбасыңызда бір-біріңізге қалай көмектесесіздер? Мысал келтіріңіз.


Дескриптор: Білім алушы

- сурет бойынша ой бөліседі;

- өз отбасындағы қарым-қатынас туралы мысал келтіре отырып,

әңгімелейді.







отбасы мүшелерінің суреттері








АКТ

видео








дәптер















АКТ







слайд

Сабақтың соңы

«Тату –тәтті отбасы» ойыны

Сенің анаңның анасы саған кім болады?- Нағашы әже

Менің анамның қызы,бірақ мен емес?- Әпке-сіңілі

Сенің әкеңнің әкесі? – Ата

Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады?- Көке

Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады?- Әпке


Кері байланыс

Жаңа сабақты қалай түсінгендерін сигналдық карточкалар арқылы көрсету.

Жасыл түс- мен түсіндім

Сары түс- әлі де мағлұмат керек

Қызыл түс- түсінген жоқпын












Түстер суреті

Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1. Дайын отбасы суретіндегі отбасы мшелерін анықтау


2.Менің отбасым сауалнама:

 
Менің атым --------
Менің әкемнің аты ----------
Менің анамның аты ---------
Менің әжемнің аты ---------
Менің атамның аты ----------
Менің ағамның аты ----------
Менің әпкемнің аты ---------
Менің қарындасымның аты --------
Менің інімнің аты --------------------
Біздің үйде кішкентай нәресте, бөпеміз бар оның аты ----------------



Шапалақ әдісі

Смайлик әдісі

Бағалау шкаласы

Сыныпта орынсыз қозғалыс кезінде парта ұшынан,

қаламсаптан сақтану.

АКТ –ны қолдану кезінде электр тоғынан сақтану.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі