400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарыш туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы



Picture 1




Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Аманкулова Баян Оралбаевна

1 сынып №37 жалпы орта білім беретін мектеп, бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы:




Пәні:

«Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттары»


Жаратылыстану

1 сынып

Мектеп: №37ЖОББМ

Күні :


Мұғалімнің есімі: Аманкулова Баян Оралбаевна

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 24


Қатыспағандар саны:

Оқумақсаты:

Барлық оқушылар:кейбір ғарыш денелерін сипаттау;


Оқушылардың басым бөлігі:ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау;

Кейбір оқушылар:қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ресурстар:

ұшу аппараттарының әртүрлі суреттері;

телескоптардың суреттері.

Ғарышкерлер суреттері.


Күтілетін нәтижелер:

  1. Олар құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді;

  2. - расытханалардың қалай жұмыс істейтінін,

  3. - қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айырмашылығын түсінеді.

Сабақтың мақсаттары:

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

Пәнаралық байланыс


Көркем еңбек, сауат ашу, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар:

Ғарышкер неге скафандр киеді? бейнефильм

Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы, http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/.

Сабақ түрі, әдіс-тәсілдер


Сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау, деңгейлік сұрақтар, зерттеушілік тапсырмалар, ресурс парақтарымен жұмыстану

Сабақ барысы


Сабақтың басы

Амандасу. Сыныптың дайындығын қадағалау.

Сабақтың мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру.

Психологиялық дайындық

Оқушыларды топтарға бөлу.

Тақиям толған сөк,

Ерте тұрсам жоқ. (Жұлдыз)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Біреудің бір ұлы бар және қызы,

Біледі ол екеуін дүние жүзі.

Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз,

Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен ай)

Пішінін өзгертіп отыратын жер серігі - Ай

Топтық ережені еске салу.

1 топ: «Күн» 2 топ: «Ай» 3 топ: «Жұлдыз»

Кіріспе тапсырма


«Құпия сөздер»

Тақтаға бір оқушы шығады. Оның басына тәж кигізіледі. Тәжде бір сөз жасырынады. Тәжді киіп тұрған оқушы ол сөзді көрмейді. Отырған оқушылар сөзге анықтама береді. Сөз туралы анықтаманы, түсінікті тыңдай отырып, тәж киген бала сөзді табу керек.

Жасырынатын сөздер: Ғарыш, шоқжұлдыз, күнтізбе, Тоқтар Әубәкіров


Сабақтың ортасы

Ғарышты зерттеу не үшін керек болды?

Ғарышқа жету үшін не керек? Зымыран

-Ендеше ғарышты зерттеу құралдары және ұшу аппараттары туралы бүгінгі сабағымызда кеңінен танысатын боламыз.

Таныстырылым №1 «Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттары»

Мұғалім түсіндірмесі:

Адамдар телескоптың көмегімен ғарышты бақылайды. Қазіргі телескоптар заттарды нақты, айқын етіп көрсетеді. Алыста орналасқан заттарды жақындатып, анағұрлым ұлғайтып көрсете алады. Расытханалар арнайы ғимараттарда орналасады. Онда үлкен телескоптар, дыбыстар мен көріністерді жазып алатын құралдар қойылады. Олар қалалардан алыс жерлерде, биік тауларда орналасады. Қазіргі кезде ғарышты зерттеуші ғалымдар ғаламшарлар мен жұлдыздар туралы ақпаратты Жер серіктерінің көмегімен алады. Ғарыш стансаларында түрлі тәжірибелер жүргізіледі. Байқоңыр ғарыш айлағы – әлемдегі алғашқы және ең үлкен айлақ. Ол Қазақстан аумағында, Қызылорда облысында орналасқан.

Ғарышты арнайы құралдар мен ұшатын аппараттардың көмегімен бақылайды.

Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы, http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/.

Оқулықпен жұмыс

«Миға шабуыл»

- Ғарыш дегеніміз не?

Суреттегі телескоптарды салыстыр.

1-топқа сұрақ

  • Алғашқы телескоптардың қандай кемшіліктері болды?

2- топқа сұрақ

- Қазіргілерден айырмашылығы қандай?

3-топқа сұрақ

Телескопты қай жерге орналастырған дұрыс? Неге?

Бейнефильм: «Ғарышкер неге скафандр киеді?»

Зерттеу жасау

1-топ: «Суретшілер» Зымыранның суретін салады. Тоқтар Әубәкіровтың суретін салу.

2-топ: «Мүсіншілер» Зымыран және ғарышкерді ермексаздан жасайды.

3-топ: «Оригами» Зымыранның үлгісін қағаздан жасайды.

Дәптермен жұмыс

Зерттеу кезінде алынған зымыранның аппликациясын жасайды.

Сергіту сәті:

«Атомдар мен молекулалар» «Күн мен түн»

Суретшінің қателігін табу. Жеке жұмыс

Жауабы: Расытханалардың айналасында көпқабатты ғимараттар болмауы керек, расытханалардағы телескоптар заманға сай болуы керек.

Суретті бояп шығады.

Ғарышты зертте:

3-топқа кеспе әріптер беріледі. Сол әріптерден РАСЫТХАНА, АСТРОНОМИЯ, БАЙҚОҢЫР сөздерін құрауы тиіс. Қысқаша түсінік береді.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

1-тапсырма: Ғарышты зерттеуге арналған құралды анықтаңыз және сипаттап айтыңыз.

2-тапсырма: Жердің жасанды серіктерін сипаттап айту.




Сабақ соңы


Қорытынды

Кері байланыс. «Жұлдыздар жарқырайды»

Тақтаға түнгі аспан әлемінің суреті ілінеді. Оқушыларға үлкен, орташа және кішкентай көлемдегі жұлдыздар таратылады. Сабақта алған білімі мен белсенділігін еске түсіріп, жұлдыздың бірін таңдап аспан әлеміне жапсырады.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Қай топ белсенділік танытты?

Оқушыларды бағалау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
613
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі