400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 1-сынып Дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Дүниетану

Мектеп: Краснознаменное орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Алибекова Г.Т.

Сынып: 1 «А» сынып

Қатысқандар:5

Қатыспағандар:-

Тақырыбы: Қазақстан рәміздері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.3.5.1. Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы айтады, рәміздерді көрсетеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қазақстан Республикасының рәміздерінің маңыздылығын түсінеді, рәміздерде бейнеленген белгілерді сипаттай алады, ҚР –ның рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажыратады,

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өз сыныбының туын құрастырады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

ҚР рәміздеріне қатысты мәліметтерді біледі,сұрақтарға жауап айтады, БББ әдісі бойынша кесте толтырады, жұмбақтарды шеше алады, рәміздерді сипаттайды, еліміздің елтаңбасы мен туын ажыратады, дәптерге қажетті сөздерді қойып көшіріп жазады, бейнебаян арқылы оқушылар өз ойларын жинақтайды,

Түйінді сөздер мен сөз тіркестер: ту – флаг – flag, елтаңба – герб – coat of arms, әнұран – гимн –anthem, мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.


Сыныптағы диолог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: әдеби

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Тудың түсі қандай?

2.Дүйсенбі сайын біз не айтамыз?

3.Туды, елтаңбаны қай жерден көруге болады?

4. Әнұран қай кезде, қай жерде айтылады?

Не себепті .... деп ойлайсыз?

Қазақстан туы биікке көтерілгенде қандай ән орындалады және оны орындау кезінде қандай талаптар қойылған?

-Неге жүрекке қойып айту керек?

Ишара: басынан сипау, күлімсіреу, сөзбен мадақтау





Алдыңғы оқу:

«Ширинг» әдісімен өткен сабақтағы тақырыпты еске түсіру (допты оқушыға лақтырып, допты алған оқушы сұраққа жауап береді)

ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы:

2 мин.









5 мин

Психологиялық ахуал:

Домалап өрге тасы қазағымның (дөңгеленіп тұрады, жүреді)

Думанмен дүрілдесін аспан асты (қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды )

Биіктеп Бәйтеректей зәулімденіп (қолдарын жоғары оңға, солға тербеледі)

Асқақтай бер, елімнің Астанасы. (әркім қолдарын төмен түсіреді, алақандарын алға көтереді)

(Сауат ашу пәнімен байланыс)

  1. «Сиқырлы сұрақтар сырын білгің келе ме?» ойын

Ойынның шарты сұраққа толық жауап беру

  • Тудың түсі қандай?

  • Туды қай жерде көрдің?

  • Елтаңбаны көрдің бе?

  • Қайда көрдің?

  • Дүйсенбі сайын біз не айтамыз?

  • Осының барлығын не деп айтамыз?

Ендеше балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз рәміздерге байланысты. (Мұғалім фишкалармен бағалап отырады)

-Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қандай рәміздерді білесіңдер?

БББ әдісімен не білетінін тексеру.


Білемін

Білдім

Білгім келеді






(Оқушылармен диалогтік қарым-қатынаста болу үшін, сөздік қорларындамыту үшін сұраққа жауап алдым.

Оқушылардың рәміздер жайлы ойын анықтау үшін БББ әдісін пайдаландым, айтылым дағдысы қолданылды )


Ортасы:

2 мин



























5 мин




2 мин


























5 мин
















Қосымша ақпарат


3 мин














Сергіту сәті:

3мин






7 мин

























2 мин




Аяқталуы:

5мин





3– тапсырма:

Жұмбақтар шешу, жауабының суреттерін тақтаға іліп, ол суреттер қай рәмізге жататынын тауып, сипаттау.

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,

Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады. (Күн)

Үйде отырады, жатпайды,

Көзін терімен қаптайды.

Жазда бекер тұрса да,

Бергенді қыста ақтайды. (Бүркiт)

Бір ағашта қырық бұтақ,
Қырық бұтақта қырық ұя,
Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық жұмыртқада қырық балапан. /
Бидайдың масағы/.

(Жұмбақтарды шешу,жауабының суреттерін тақтаға іліп, қай рәмізге жататынын анықтап, сипаттау.Бұл тапсырманы оқушыларды ынталандыру үшін, ішкі уәждерін ояту үшін пайдаландым.) (Фишкамен бағалау)

4-тапсырма. Ойын «Кім тапқыр?»

Бірнеше елдердің туы мен елтаңбасын іліп, соның ішінен өз елінің рәміздерін табу. (Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, уәждерін арттырады.)



5- тапсырма: Оқулықпен жұмыс

(Мәтінді бір сөйлемнен оқушыларға оқытамын. Үндемей отырған оқушыны сабаққа тарту үшін)

Ту ертеде әскери ерлікті білдірген. Туға ерекше құрмет көрсетілген. Қазіргі уақытта ол еліміздің тәуелсіздігін бейнелейді. Қазақстанның туы көгілдір түсті. Көгілдір түс – еліміздегі бейбітшіліктің белгісі.

(Оқушыларға мадақтау сөз айту, басынан сипау.)


(Мұғалімнің сөзі)

Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ту ортасындағы шұғылалы күн халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс – ерліктің белгісі.

Рәміздердің авторлары туралы мәліметтер. (мұғалім мәлімет береді)

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уалиханов.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

2. «Сен білесің бе?» айдарынан мағлұмат беру.

(Абылайханның туы ақ түсті.) (Балаға оқыту мағынасын ашып бере аласың ба?)

(Оқылым дағдысын қалыптастыру,қосымша ақпарат беру, тарихпен байланыс, ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді.)


Сергіту сәті

Аспан тұрса күлімдеп,(бір-біріне қарап күлімдейді)

Айын биік орнатып (Аяқтың ұшына тұрады)

Ақса бұлақ гүрілдеп (қолдарын алдына ұстап алып судың ағысын көрсетеді)

Балаларға сол бақыт.(қолдарын шапалақтайды)

(тақырыппен байланысты)


6-тапсырма:

«Кел, анықтайық!» Жұптық жұмыс:

Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк Тудың желбірегені» әнін тыңдау. Бейнебаяннан әнді тыңдап болғаннан кейін:

-Мемлекеттік ту қай жағдайларда биікке көтеріледі?

Тапсырмасы:

-Тудың биікке көтерілуіне өз үлесін қосқандар кімдер?

-Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса алар едің?

-Қазақстан туы биікке көтерілгенде қандай ән орындалады және оны орындау кезінде қандай талаптар қойылған?

-Неге жүрекке қойып айту керек?

-Жүректі тыңдау, жүрекке бағыну деген мағынаны білдіреді.  

Мемлекеттік Гимн– еліміздің музыкалық  эмблемасы.

(Білімдерін фишкамен бағалау)


(АКТ- ны қолдандым,белсенді оқу,уәжді арттырады,ынтымақтастықты орнатады,өз бетімен білім алуға мүмкіндік береді)


-Осы сөздерді үш тілде айтқызу:

ту – флаг – flag, елтаңба – герб – coat of arms, әнұран – гимн – anthem, мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.

Дәптермен жұмыс

Қажетті сөздерді қойып оқы.Көшіріп жаз.

( оқушыларды мадақтау)

4-тапсырма:

-Өз тобыңның туын жаса. (3 топ)

(әр топтың суреттерін салыстырып, ең жақсысын таңдап алып, іліп қою)

Ту, елтаңба, әнұран, АКТ, басқа елдердің тулары,












АКТ, тудың суреттері

























Елтаңба және оған байланысты шартты белгілер















Түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, маркерлер
















АКТ

























Дәптер



























Үш тілдік

Рефлексия:

1мин


Саралау

-Сіз қандай қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

-Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылықтарын арттыратын деңгейлік тапсырмалар беру арқылы.


Бағалау

-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Оқушыларға қызықты, тартымды болу үшін фишкалармен, сөзбен мадақтау және «Бас бармақ» бағалау тәсілін қолдандым.


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс, интербелсенді тақта, тарихпен байланыс, видео.


№

Дескрипторлар

Балдар

Түсіну

Өз елінің туын таниды,басқа елдерінің туларынан өз елінің туын айыра алады.


Қолдану

Сұрақтар арқылы рәміздердің маңыздылығын түсінеді.


Салыстыру

Басқа елдердің туларымен салыстырып, айырмашылығын көреді, айтады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі