жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 1 сынып математика Габдрахова Жансулу Арыстановна
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: Математика Сынып: 1-сынып Күні: Бөлім: Натурал сандар Бөлімше: Сандар мен цифрлар
|
Мектеп: Казталов ауданы Г. Бегалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры |
Мұғалімнің аты-жөні : Габдрахова Жансулу Арыстановна |
|||||
|
|
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|
||||
|
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
1.1.1.2 Бір таңбалы сандарды оқу жазу және салыстыру 1.1.1.3 Бір таңбалы сандардың құрамын анықтау. |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: 8 санын оқиды,жазады,құрамын анықтайды. Көптеген оқушылар: 8 санын пайдалану арқылы өрнектер құрастырады,сандық сәуле арқылы артық,кем,тең таңбасын қояды. Кейбір оқушылар: Суреттерге сүйене отырып 8 санымен байланысты есептер құрастырады. |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
8 санының құрамын анықтай алады. Өрнек құрастырады. Теңдік,теңсіздіктерді жаза алады. Есептер шығара алады. |
|||||
|
Сөздік қор
|
Пәнге тән лексика мен терминология:. Сан, цифр, санның құрамы,бір таңбалы сандар Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет (топтық, жұптық жұмыс) Еңбек пен шығармашылық |
|||||
|
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы |
Сергіту сәті «Көңілді қимылдар» Ермексазбен жұмыс кезінде ауызға салуға болмайды, кескішті мұқият қолдану |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дене шынықтыру (спорттық заттардың допты қорытынды бөлімде қолданылды) |
|||||
|
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) |
Сабақ АКТ дағдысы дамытуға ықпал етеді |
|||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
1-7 санын оқи алады,салыстыра алады. Теңдік теңсіздікті біледі. |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы 3 минут |
.Ұйымдастыру бөлімі ІІ.Ширату Қане біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық. 2. Сабақтың мақсатымен таныстыру. 8 санын оқумен, жазумен және салыстырумен танысамыз, 8 санның құрамын анықтаймыз, өрнектер құрастырамыз. |
|
||||
|
Сабақ ортасы 7 минут 5 минут 7 минут 3 минут 2 минут 4 минут
|
Жаңа сабақ «Сандар сыры» бейнеролик көрсету бойынша бір таңбалы сандарды тура және кері санау,сандардың құрамын анықтау арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Жұптық жұмыс. «Көршіңмен бөліс» әдісі Сегіз санын құрамын анықта. Әр жұп берілген ресурстарды пайдалана отырып, сандық құрамын құрастырады, анықтайды. (балмұздақ таяқшаларына:1, 3, 5;қыстырғышта: 2,8,4 ; доптарда: 3, 5, 2 сандары жазылып беріледі). Дескриптор: Сандық құрамды анықтай алады. ҚБ: «Смайлик » әдісі арқылы өзара бағалайды. Шаттық көңіл күйдегі смайлик - тапсырманы толық орындағаны үшін Күлімдеген смайлик -тапсырманы жақсы орындағаны үшін Көңілсіз смайлик -тапсырманы орташа орындағаны үшін З- тапсырма «Ойлан тап !» Барлығы: Сиқырлы қорапшадан түрлі заттарды алу арқылы сандарды «артық», «кем», «тең» салыстыр. Көпшілігі:Қорапшадағы заттар арқылы есеп құрастыр. Кейбірі: Қорапшадағы заттар арқылы есеп құрастырып,шартын, сұрағын жаз және шешуін тап. ҚБ: «Басбармақ»
Дескриптор:1. Заттарды салыстырады. 2. Есеп құрастырады 3. Есепті шығарады 4-тапсырма Барлығы: 8 санын ермексаздан мүсінде немесе жіпті пайдаланып бейнеле .
К Кейбірі:8 санын өмірмен байланыстыр ҚБ: «Фигуралар» . Жасыл жұлдыз- тапсырманы толық орындаса Шаршы- екі тапсырманы орындаса Үшбұрыш- бір тапсырманы орындаса Дескриптор: 1.Суретін салады,мүсіндейді,жіппен бейнелейді. 2.Өрнек құрастырады. 3. Өмірмен байланыстырады.
Жеке жұмыс. «Кім
зерек» әдісі бойынша берілген суреттерге есептер
құрастыр ҚБ: Мұғалімнің бағалауы «Тамаша» Сергіту сәті. (Оқушылар қимылмен көрсетеді) Аяқпенен топ-топ, Ал қолменен доп-доп. Бір солға, бір оңға Айналайық кел мұнда. Қолымызды бір сілтеп, Басымызды шайқайық Бір оңға, бір солға, Ойнайықшы кел мұнда Секірейік кел мұнда.
Дәптермен жұмыс 1 -тапсырма: Суреттерді сана,толықтырып сал. ҚБ:Тамаша Дескриптор: 1.Суреттерді санайды. 2. Суретті толықтырып салады. 2-тапсырма: Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Көркем жазу» әдісі дәптермен жұмыс орындалады. -Енді 8 санын жазуды үйренеміз. Алдымен жазуын көрсету, содан кейін 8 санын ауада қолдың ұшымен жазады. ҚБ: «Жасыл қалам» |
Бейнеролик
Сергіту сәті жинағынан 28-бет
|
||||
|
Сабақтың соңы 2 минут 2 минут
|
Қорытынды. «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» әдісі. (Қандай санмен таныстық?»- деп бір балаға допты лақтырылады. Допты қағып алған бала 8 санымен деп, допты мұғалімге қайтарады. Ойын осылай қайталанады. Рефлексия: «Жұлдыздар сөйлейді». «Алтын жұлдыз»: Мен сабақты өте жақсы түсіндім. «Күміс жұлдыз»: Мен сабақты жақсы түсіндім. «Қызыл жұлдыз»: Мен сабақты орташа түсіндім |
Доп |
||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Көпшілігі:Қорапшадағы заттар арқылы есеп құрастыр. Кейбірі: Қорапшадағы заттар арқылы есеп құрастырып,шартын, сұрағын жаз және шешуін тап. Көпшілігі: Мәні 8 санына тең болатын өрнектер құрастыр Кейбірі:8 санын өмірмен байланыстыр |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? ҚБ: «Смайлик » Дескриптор: 1.Суреттерді санайды. 2. Суретті толықтырып салады ҚБ: «Басбармақ» Дескриптор:1. Заттарды салыстырады. 2. Есеп құрастырады 3. Есепті шығарады ҚБ: «Фигуралар» . ҚБ: Мұғалімнің бағалауы «Тамаша» ҚБ: «Жасыл қалам» |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы Ермексазбен жұмыс |
||||
өпшілігі:


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген