жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 1 сынып Өсімдіктер
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып:1 |
Мектеп: Жолдыбай Нұрлыбаев атындағы № 49 жом кмм. |
||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Райхан Молдабаева. |
||||||
Сабақтың тақырыбы: 2.1. Өсімдіктер.
|
Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны: |
|
|||||
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
1.2.1.1. Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау. |
||||||
Сабақ мақсаттары СМАРТ
|
Барлық оқушылар орындайды: Өсімдіктердің өмірлік формаларын( ағаш,бұта,шөп) анықтайды. Көпшілігі орындай алады: Ағаш,бұта және шөптердің негізгі белгілерін сипаттайды. Кейбірі орындай алады:. Өсімдіктердің ортақ атауын жазады. |
||||||
Бағалау критерилері |
Білім алушы:
|
||||||
Тілдік мақсат
|
Тақырып бойынша терминдер: ағаш,бұта,шөптекті өсімдіктер. Тақырып бойынша лексика: дің,тамыр,бұтақ,жапырақтың түсуі. Диалог: Білім алушылардың талқылауға арналған пікірталастары:Өсімдіктер қандай негізгі формаларға бөлінеді? Өсімдіктерді неге тірі ағзаға жатқызады?
|
||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Мемлекеттің индустриялық және иновациялық күш- қуатын дамытып,табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап,қоғамда білім мен ғалымдық мәдениетін зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін тұлғаны дамыту. |
||||||
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы |
Сабақ барысында өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережесін сақтауға баулу. Ресурстарды дұрыс пайдалану. |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Сауат ашу,бейнелеу,дене шынықтыру. |
||||||
АКТқолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) |
Дереккөздер,проектор. |
||||||
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Өсімдіктердің тіршілігіне не қажеттілігін біледі.Оларды күту және өсіру бойынша негізгі білімі болуы керек. |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы
. |
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Қолдарымызды жоғары көтеріп,алақанымызды ашып,өсімдікке ұқсап тұрамыз.Қандай өсімдікке ұқсағың келеді? Гүл,ағаш,бұта суреттері арқылы бірлескен оқу ортасын құрдым. «Гүлдер» тобы. «Ағаштар» тобы. «Бұталар»тобы. |
Гүлдер,ағаштар және бұталардың қиылған суреттері.
|
|||||
Сабақ ортасы
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну қолдану
Саралау,зерттеу зерделеу және дәлелдеу.
Саралау,зерттеу, талдау,жинақтау.
Сергіту сәті. |
«Белсенді оқу» және «Зерттеу» әдістері бойынша бірлескен оқу ортасын ұйымдастырып тапсырма бердім. «Айырмашылығын тап» ойыны. Суреттерге 1-тапсырма мұқият қараңыз. Ағаштарды жасыл, бұталарды қызыл, шөптекті өсімдіктерді көк түсті қарындашпен қоршап сызыңыз.
. Дескриптор: Білім алушы - өсімдіктердің түрлерін таниды; - өсімдіктердің түрлерін сәйкес түспен белгілейді. Диалог пікірталас білім алушылар арасында. Суреттен қандай өсімдіктерді көріп тұрсыңдар? Бұл өсімдіктердің қандай айырмашылықтары бар? Суреттегі өсімдіктерге қарап қандай ұқсастықтарын байқадыңдар? Мұндай өсімдік түрлерін қандай жерлерден кездестірдіңдер?Олардың қандай пайдасы бар?
Барлық оқушылар: Зерделеу және саралау арқылы салыстыра отырып өсімдіктердің түрлерін атайды. Оқушылардың көпшілігі:Сын тұрғысынан ойлау,зерттеу арқылы өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.Бейнелік таңба арқылы ажыратады. Кейбірі: Еркін,саналы түрде сын тұрғысынан ойлана отырып,өсімдіктердің мекен ету ортасын және пайдасын дәлелдейді. «Саралау» және «Зерттеу» әдісі бойынша «Артығын тап» ойыны арқылы сараланған тапсырмалар беремін. 2-тапсырма Суреттерге мұқият қараңыз. Әр қатардағы артық өсімдікті анықтап, белгілеңіз. Басқаларының ортақ атауын жазыңыз
Бұлар - _____________________
Дескриптор: Білім алушы - қатардағы артық өсімдікті анықтайды; - өсімдіктердің ортақ атауын жазады. Бірінші қатарда қандай өсімдіктер бейнеленген? Олардың бір- бірінен айырмашылықтары бар ма? Қандай айырмашылықтары бар? Олай болса,бірінші қатардағы өсімдіктерді қалай атаймыз? Қайсы өсімдік ағаштар тобына жатпайды?Неліктен?
Барлық оқушы :Қатардағы өсімдіктерді салыстыра отырып, артық өсімдікті анықтап,(v)белгісімен белгілейді,саралайды. Көпшілігі:Сыни тұрғыдан ойлана отырып,өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп,өмірмен байланыстыра отырып ағаш, бұта және шөптердің негізгі белгілерін сипаттайды. Кейбірі:Алған білімін талдап,саралау барысында жинақтап ойлау қабілеті арқылы өсімдіктердің ортақ атауын тауып жазады. Сергіту жаттығуын қимылмен орындау. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп- кішкентай ағаштар, Үп- үлкен боп өседі. |
Суреттер
АКТ
|
|||||
Сабақтың Соңы
|
«Еркін микрофон» әдісі Сабақ соңында білім алушылар күтілетін нәтижеге рефлексия жүргізеді. Сабақтың өң бойында нені үйрендім? Нені түсінбедім? Орындаған тапсырмаларына баға береді.
|
Микрофон |
|||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
Белсенді оқытуда оқушылармен бірлескен оқу әрекетін және оқушылардың қабілеттеріне сәйкес тапсырмалар таңдап алдым.Тапсырмаларды саралай отырып,оқушылардың қабілетіне қарай орындаттым. Барлық оқушылар:Қатардағы артық өсімдікті анықтап,(v)белгісімен белгіледі. Көпшілігі:Ағаш,бұта және шөптердің негізгі белгілерін сипаттады. Кейбірі:Өсімдіктердің ортақ атауын жазды. |
Дескриптор:
- Өсімдіктердің түрлерін таниды. -Өсімдіктердің түрлерін сәйкес түспен белгілейді.
Дескриптор:
- Қатардағы артық өсімдікті анықтайды. - Өсімдіктердің ортақ атауын жазады.
|
Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. Оқу құралдарын ұқыпты пайдалану. |
|||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен ? Сабақтың диференцациясы дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды?неліктен?
|
Бүгінгі сабақ мақсаты мен оқу мақсаты дұрыс қойылған. Білім алушы 90% оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалана алдым. Ауытқылар болған жоқ
|
||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Белсенді оқу әрекетінде суреттер бойынша берілген тапсырмалар оқушылардың шығармашылықпен ойлауына,зерттеуіне көмектесті. 2: Сұрақ қою арқылы ой өрісі кеңейіп,сыни тұрғыдан дамиды.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Кері байланыс және бағалау арқылы оқушылардың материалды меңгеру дағдысын қалыптастыруым. 2: Бірлескен оқу ортасын құру арқылы ойларын тұжырымдауы әсерлі өтеді.
|
|||||||
Түркістан облысы. Мақтаарал ауданы.
А.Қалыбеков а/о. Абат е/м.
Ж.Нұрлыбаев атындағы №49 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі: Молдабаева Райхан Пердеқұлқызы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген