Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ 1 сынып "Ою"

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс мектебінде жұмыс істейтін 1 сынып мұғалімдеріне көмегі тиер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Ою: (Қазақ тілі)

Мектеп № 24

Күні:

Мұғалімнің аты: Краубаева С.К.

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Оқу бағдарламасы сәйкес оқу мақсаттары:

1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою қысқа жауап арқылы тыңдағандарын/көргендерін мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған оқыған немесе тыңдаған/тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; саитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын, бұйрық райды қолдану.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады.

Ою түралы түсінік алады, түсін, үлгі бойынша ою жасай алады.

Оқушылардың көбі: Тірек суреттер бойынша оюдың қалай жасалатынын айтып бере алады.

Кейбір оқушылар: Ою туралы қосымша ақпаратпен бөлісе алады.

Сабақ кезеңдері:

«Ой қозғау» әдісі.

Қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

Домбыра деген не?

Сабақтың басы:


Амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару. Сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы:

(Мұғалім оқушыларға күн мен айдың суреттерін көрсетеді).

Күнге қараймын,

Айға қараймын.

Саған қараймын,

Маған қарайсың...

Сәлем, сәлем, сәлем!

  • Балалар, бүгін біз сендермен салт-дәстүр туралы тақырыпты жалғастырамыз. Алдымен сабақта жақсы жұмыс жасау үшін тілдеріңді дұрыс жаттықтырып алуымыз керек.

  • Тіл ұстарту жаттығуларын тыңдап, менімен бірге қайталаңдар:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Екі қолда барлығы,

Болды менде он саусақ.

(Мұғалім оқушыларға оң және сол қолдарымен, саусақтарымен жаттығуды көрсетеді).

  • Тіл ұстарту жаттығуларында не туралы айтылды?

Қолмен не істеуге болады?


Оқушылар: Қол туралы.

Қолмен жазамыз, сызамыз, кесеміз, қиямыз, жуамыз...


Жаңа сөздермен таныстырады.

Жасаймын- делаю (сделаю)

Ою-орнамент.

(Қазақтың оюларын, өрнектерін көрсетеді)

Жаңа сөздерді мұғаліммен қайталайды.

Сөз тіркес, сөйлем құрайды.

(Әдемі ою, жаңа ою, үлкен ою, кішкентай ою және т.б.)

Электронды оқулықтағы мәтінді тыңдатады.

6-шы бөлім, 2-ші сабақ, 1-ші тапсырма)

Мұғалім үстел үстіндегі құралдарды көрсетеді.

- Мен қағазды бүктеймін.

- Мен қарындашпен ою сызамын.

- Мен қайшымен қиямын.

Мұғалім сөйлемдерді өзі мәнерлеп оқиды, қағазбен қимыл әрекеттерін көрсетеді, оқушылар тыңдайды.


Оқушылар сөйлемдерді бір бірлеп оқиды.

Мынау ою. Мен ою жасаймын. Маған қағаз, қайшы, қарындаш керек. Мен қағазды бүктеймін. Мен қарындашпен ою сызамын.

Мен қайшымен қиямын.

Оқулықты ашып, «Ою» сабағының 1-ші тапсырмасын қарайды. Оқушылар сөйлемдерді бір бірлеп оқиды.

Мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс.

Мәтін не туралы?

Қағаз қандай?

Қағазды не істейміз?.

Қарындашпен не істейміз?

Қайшымен не істейміз?

Осы әрекетті білдіретін сөздерді (етістік) атаңдар.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сендер оюды қалай жасауды есте сақтағыларың келе ме?

Бұл үшін сендерге сиқырлы сызба суреттер көмектеседі.

Осы суреттерді қараңдар.

Электронды оқулықтағы мәтінді тыңдатады.

(6-шы бөлім, 2-ші сабақ, 2-ші тапсырма)

Экранда мнемокесте шығады.

Енді әрбір суретке сәйкес келетін сөйлемдерді алып, оны бірге мәнерлеп оқимыз.

Жалғастырамыз.

Қимыл-әрекетпен қағазбен не істедік?

Қимыл-әрекетпен қарындашпен не істедік?

Қимыл-әрекетпен қайшымен не істедік?

Бір бірлеріне тапсырма теру

Оқушылар:

Оқулықтың 89 беттіндегі,

2 тапсырманы орындайды.

Сен қағазды бүкте.

Сен қарындашпен сыз.

Сен қайшымен сыз.

Сен қағазды аш.

Енді сызба суреттерге қарап, оюды өз беттеріңмен жасап беріңдер.

Естеріңде болсын, ою жасау өте қиын, қайшымен жұмыс жасайсыңдар, мұқият болыңдар, абай болыңдар.

Оқушылар мнемокесте бойынша оюды жасап көреді.


Сабақ барысында заттың белгісін білдіретін атаңдар.

Оқушылар: Қағаз, қарындаш, қайшы

Бұл сөздер не? сұрағына жауап береді.

Оқушылар: Қ

Бұл сөздердің барлығы қандай әріптен басталады?

Қ – дауыссыз дыбыс.

(Айтылуын мұғаліммен бірге хормен айтады)

Дәптерлеріңді ашыңдар.

(№2 жазу дәптері, 11 бет,

1- тапсырма)

Оқушылар: дәптердегі жазуларды жазады.

(№2 жазу дәптері, 11 бет,

2- тапсырма)

Оқушылар: дәптердегі тапсырманы орындайды.

Енді тағы да оюды жасау Ою Ою жасау үшін не керек екенін айтыңдаршы?

Оқушылар: Қағаз, қарындаш, қайшы.

Сабақтың соңы:

Сабақты қорынындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнату.

  • Ең жақсы өткен екі нәрсе?

  • Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.11.2018
654
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12