Материалдар / ашық сабақ 1 сынып сауат ашу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ 1 сынып сауат ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 1 сынып мұғалімдеріне қажет. әсіресе жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
352
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

4-бөлім: Бізді қоршаған әлем

Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1.Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;

1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату

1.2.1.2 .Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану;

1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Үдыбысы мен әрпін таниды, ажырата алады

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, музыка, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , слайд, видео таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

Қайырлы таң достарым!

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбінің күні     

Сәттілікке толсын!   

Біздің алар бағамыз

Жұлдызшалар болсын!




Шаттық шебері


Сабақтың ортасы

12 минут



Балалар біз сендермен жаңа бөлім бастағанбыз. Бөліміміз «Мен және табиғат» деп аталады.

Табиғат туралы білімдерін толықтыру

Табиғат- ол  анамыз, Шырын

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауын да, Ерсұлтан

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

Табиғат-сұлу мекенім, Айзере

Өзіңді пана етемін.

Саяңда өсіп ер жетіп,

Биікке самғап жетемін

Жылдың төрт мезгіліне байланысты 4 топқа бөлу.

Топ ережесін еске түсіру

  1. Сабаққа белсенді қатысу

  2. Мұғалімді мұқият тыңдау

  3. Тапсырманы орындау

  4. Бастаған істі аяғына жеткізу

  5. Бір-бірін тыңдай білу

  6. Өз пікірін еркін айту

  7. Тазалықты сақтау

  8. Әділ бағалау

  9. Бір-біріне жәрдем көрсету

Жылдың 4 мезгіліне байланысты тапсырмалар орындату

  1. Қыс

Кіріп келді қыс айы, Еркежан

Көп күттік біз бұл айды.

Қыста жауар аппақ қар,

Ұшар шанада балалар.

Аспан аппақ жер тайғақ,

Жауар тағы қар аппақ


А) Өткенді қайталау

«Балмұздақ таяқшалары» әдісі. Ашық сұрақ

- Дыбыс деген не?

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстарды немен белгілейді?

- Дауыссыз дыбыстарды немен белгілейді?



Ә) Жұмбақ жасыру

Жауабы: Үтік, үкі, үйрек

Бүгінгі танысатынымыз «Ү дыбысы мен әрпі»

Үү дыбысының дыбысталу артикуляциясы
иегі алдыға қарай көтеріліп, аузы сүйірленіп, тіл астыңғы тіске сәл тиіп айтылады.

Дескриптор:

  1. жаңа дыбыспен танысады,

  2. сөз ішінен ү дыбысын табады,

  3. сөйлем құрайды

Оқулықпен жұмыс.Тыңдалым.

82 аудионы тыңдау

Миға шабуыл. Ашық сұрақтар


Суретпен жұмыс

Бағалау критерийлері.

  • Сурет бойынша диалог құрады

Дескриптор:

  1. Сурет бойынша сұрақ қояды.

  2. Диалогке қатысады.



Берілген сөздерді бірнеше оқушыға оқыту

Сөздік жұмысын жүргізу


  1. Көктем. Жазылым

Көктем келсе табиғат құлпырады, Інжу

Жүректерге ғажайып сыр тұнады

Гүлге толып айнала күн жарқырап

Жанарларда қуаныш нұр тұрады.


Дәптермен жұмыс

«Генетикалық әдіс» жеңілден ауырға қарай біртіндеп күрделендіріп үйрету.

Ү ү дыбысының жазылуымен таныстыру. Тақтада, ауада жазу
Ү
дыбысының бас әрпі 2 тармақтан тұрады. Бірінші тармағы ирек болып келеді.Екінші тармағы сүйір бұрыш тәріздес болып келеді. Жазу жолының үстіңгі жағынан бастап төмен түсеміз тсс. Кіші әрпі жазу жолының ішінен басталып екі тармақтан тұрады. Имек және сүйір бұрыш

Оқушылардың дұрыс жазуын қадағалау

.

слайд
































смайликтер





























Балмұздақ таяқшалары













Жұмбақтар

слайд








Таныстырылым, оқулықпен жұмыс.






Аудио.

видео















Видео

Сергіту сәті

2 минут

Ән: Тәуелсіз Қазақстаным!

Музыка, жалаушалар, слайд

Қызықты тапсырма

8 минут









14 минут


  1. Жаз

Жаз келіп жадырап, Нұртуған

Балалар ойнайды.

Далада асыр сап,

Ойынға тоймайды.

Көк шығып айнала,

Құлпырып гүлдермен,

Жер жүзі жайнайды,

Құстар кеп сайрайды.


Топтық жұмыс.

  1. Буындардан сөз құрау

  2. Берілген суреттерден ү дыбысы бар заттарды табу

  3. Адасқан әріптерден сөз құрау

  4. Ү дыбысы бар сөздерді топтастыру


Әр топ бір-бірін бағалайды

Бағалау критерийлері.

Топпен жұмыс істейді

Дескриптор:

  1. Буындардан сөз құрайды

  2. Суреттерден ү дыбысы бар сөздерді табады

  3. Әріптерден сөз құрайды

  4. Ү дыбысы бар сөздерді топтастырады



4 . Күз


Көктен көзін бір алмай, Тимур

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...


Жұптық жұмыс . Әр түрлі заттардан ү әрпін жасау

Бағалау критерийлері.

Алдындағы заттардан әріпті жасау

Дескриптор:

Заттардан әріпті жасайды



Қорытынды.

Бүгін қай әріппен таныстық?

Әр топқа бір-бір сұрақтан қойылады.

  1. Ү қандай дыбыс?

  2. Ү дыбысынан басталатын қандай сөздерді білеміз?

  3. Ү дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

  4. Ү дыбысы қалай айтылады?

  5. Ү дыбысын қандай түспен белгілейміз?


Сөздер қоржыны


Табиғат туралы видео көрсету.

Дәйек сөз. «Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ»

Табиғатты қалай қорғауымыз керек? Оқушылар жауабын тыңдау





Оқулық, дәптерлер.









Флипчарт, постер, маркер, суреттер, буындар





















Түйме, дәндер, резеңке, қарындаш

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Оқушылар «Смайликтер» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


«Смайликтер», «3 шапалақ»,

«Бағдаршам», «Отшашу», «Пікір», «Вербалды бағалау», «Бас бармақ».


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.



Рефлексия.

Өнер, дүниетану, музыка сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!