400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, 1 сынып, Тақырыбы: "Мен және менің отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріме көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3. Менің отбасым және достарым

Күні:

Сынып: 1

Тоқсан: 2


Мектеп: Раздольный ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: А.Т.Канаткалиева

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Мен және менің отбасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

1.1.1.1 Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

1.1.1.3 Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Отбасы ұғымын түсіну, отбасылық мерекелерді сипаттап айту.

Көптеген оқушылар: Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым – қатынастың маңызын түсіну, мысалдар келтіру.

Кейбір оқушылар: Отбасындағы ең қызықты оқиғалар мен бөлісіп мәтін құру.

Бағалау критерийлері


  • Отбасы мүшелерінің біледі, отбасылық мерекелерді сипаттайды.

  • Олардың қарым – қатынасын сипаттайды, мысалдар келтіреді.

  • Отбасындағы қызық оқиғалармен бөлісіп, мәтін құрайды.

Тілдік мақсаттар


Отбасы – семья – family

ата- дедушка , әке – отец, қарындас- сестра, аға – брат.

Сұрақтар

- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

- Болашақта қандай әке болар едің?

- Сен өзіннің қарындасыңа ағасы ретінде қандай қамқорлық жасайсың?

- Әкеңнің әкесі кім?



Құндылықтарды дарыту


Отбасы мүшелерінің бір – біріне деген құрметі, сыйластығы, ұйымшылдығы, жаңашырлық, тапқырлыққа, адамгершілікке

Пәнаралық байланыстар


Әдебиеттік оқу



АКТ қолдану дағдылары


Оқушылар ұялы телефондағы интернетті қолдану арқылы отбасы мүшелеріне қатысты мақал – мәтел іздейді.

Бастапқы білім



Отбасы дегеніміз не?

Оқушылар әрбір адамның отбасы бар. Отбасы үлкен не кіші болады. Отбасы адам тірегі екенін біледі, және өз отбасын бейнелеп береді.




Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сабақты бастауға арналған идеялар Ширату жаттығуларының мақсаты – сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын туғызу.

Ширату жаттығуы

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.


Осындай шаңырақтың бір –бір уығын ұстап бір – біріне жақсы тілектер айтады.


Сұрақтар


- Балалар біз қандай заттың бейнесін жасадық?

- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?

- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Балалар айналамызға қарасақ көптеген үйлерді көреміз. Ол үйлер де кімдер тұрады деп ойлайсыздар?

-Дұрыс айтасыңдар.

- Иә балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір – бірімен тату – тәтті тұрады.

Бүгінгі біздің сабағымыз отбасы туралы болмақ.


Топқа бөлу «Пазл» әдісі бойынша (үш түрлі үй беріледі оқушылар соны құрастырып топқа бөлінеді)


Олай болса оқушылар сабағымызды бастамас бұрын бағалаудың белгілерімен таныстырып өтейін. « Жетістік баспалдағы» деп аталады.

Бұл белгілер әрбір тапсырмаларға қойылады. Мен әр оқушының алдына дескрипторды дәптерлерінің бұрышына жыбыстырып қоямын. Сабақ соңында өте жақсы деген жұлдызшаларды жинаған оқушыларды баспалдақтың жоғары сатысына, жақсы деген жұлдызшаны жинаған оқушыларды баспалдақтың ортанғы сатысына, ал қанағат деген жұлдызшаларды жинаған оқушыларды баспалдақтың төменгі сатысына тұратын болады.






Шаңырақ, уық







































Топқа бөлу, пазлдар, суреттер







Бағалау белгілері

Сабақтың ортасы


25 минут








































































Сергіту сәті


  1. тапсырма

Олай болса бәріміз менің қолымдағы суретке назар аударайықшы.


Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» әдісімен байланыса отырып

«Суреттер: Не болды?» әдісі бойынша

Саралаудың «Дереккөздер» тәсілін пайдаланып оқушыларға 3 топқа бірдей суреттер таратылады да, осы сурет бойынша

Оқу деңгейі төмен оқушылармен жұмыс:

С деңгейдегі оқушылар суретте кім бар екенін айтады.

Оқу деңгейі орташа оқушылармен жұмыс:

Б деңгейдегі оқушылар сөйлем құрайды. Оқу деңгейі жоғары оқушылармен жұмыс:

А деңгейдегі оқушылар суреттерге сүйеніп, өз отбасы туралы айтады.

(3 түсті стикер бойынша саралайды)

Сұрақ:

  1. Оқушылар суреттен кімдерді көріп тұрсыздар?

  2. Осы суретке қарап бір сөзбен қалай атар едіңіздер?

  3. Осы суретке қарап тату отбасы деуге болама?

Дескрипторды әрбір оқушылардың дәптерлеріне жабыстырып қоямын.Дұрыс орындаған тапсырмаларды жұлдызшамен белгілейді



Дескриптор


Б елгілер

- өте жақсы


- жақсы


- қанағат


Оқушылар суретке қарап кім екенін анықтай алады.


Оқушылар суретке қарап отырып сөйлем құрастыра біледі.


Оқушылар суреттерге қарап өз отбасы туралы айта алады.


Оқушылар бірін – бірі жұбымен өзара

« Жұлдызшалармен » бағалайды.


Бас бармағым – әкем,

Балаң үйрек – шешем,

Ортақ тірек – ағам,

Шылдыр шүмек апам,

Кішкентай бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


2 – тапсырма

Белсенді оқытудың «Сұрақ қою жəне талқылау» әдісімен байланыса отырып

Қалыптастырушы бағалаудың «Серпілген сауал» тәсілдерін пайдаланып оқушыларға қазақтың салт – дәстүрлері көрсетілген суреттер ұсынамын.


Әр отбасында өз дәстүрлері болуы тиіс. Дәстүр – ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әдет ғұрып және көзқарастар жиынтығы. Дәстүрге сонымен бірге отбасылық шежіре құру да жатады. «Шежіре – бұл бір тамырдан тарайтын ұрпақтар ағашы» , - деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» Жолдауында. Мұндайй дәстүрлерге отбасылық мерекелер де жатады. Отбасылық мерекелерді өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл етіп, қуаныш сыйлайды.

Оқу деңгейі төмен оқушылармен жұмыс: Екі суретте не көріп тұрғанын , айырмашылығын тауып жазады.

Оқу деңгейі орташа оқушылармен жұмыс: Екі суретті не байланыстып тұрғанын ажыратып, тағы қандай қазақтың салт – дәстүрлерін білетіндерін жазады .

Оқу деңгейі жоғары оқушылармен жұмыс: Суреттерге қарап қазақтың салт- дәстүрлеріне қатысты тағы не білетіндерін әңгіме құрастырып жазады.


Сұрақтар

- Бұл суреттерде не бейнеленген?

- Бұл дәстүрлердің қайсысы саған таныс?

-Өздерің таныс салт – дәстүрлердің қандай түрлерін білесіңдер?


Дескрипторды әрбір оқушылардың дәптерлеріне жабыстырып қоямын.Дұрыс орындаған тапсырмаларды жұлдызшамен белгілейді


Дескриптор


Б елгілер

- өте жақсы


- жақсы


- қанағат

Суретте бейнеленген мереке түрін анықтайды


Суретке сәйкес дәстүрді әңгімелейді


Өздеріне таныс салт – дәстүрге мәтін құрайды


Оқушылар бірін – бірі жұбымен өзара


« Жұлдызшалармен » бағалайды.

3 – тапсырма

Топтық жұмыс

«Артығын алып таста» әдісі

Артық сөзді тап. Мұнда оқушыларға сөздер беріледі. Әрбір серия 4 сөзден тұрады, оның 3 сөзі біртектес және оларға тән ортақ қасиет бойынша біріктіріледі де 1 сөзі алып тасталынады.

Сөздер сериясы

  1. Әке, ана, дәрігер, апа

  2. Оқушы, радио, парта, дәптер

  3. Нан, сүт, ірімшік, қаймақ

  4. Секунд, қол, сағат, минут

- Ал, балалар қалай ойлайсыздар осы берілген сөздердердің ішінен қайсысы біздің бүгінгі сабағымызбен байлынысты деп.

- Дұрыс айтасыңдар.

Олай болса ұялы телефондарымызды шығарып отбасыға байланысты 5 мақал – мәтел іздейік.

5 мақал – мәтел тапқан оқушыға өте жақсы

3 мақал – мәтел тапқан оқушыға жақсы

1 мақал – мәтел тапқан оқушыға қанағат деген жұлдызшалармен бағаланатын болады.


Дескрипторды әрбір оқушылардың дәптерлеріне жабыстырып қоямын.Дұрыс орындаған тапсырмаларды жұлдызшамен белгілейді


Дескриптор


Б елгілер

- өте жақсы


- жақсы


- қанағат


Оқушылар артық сөзді табады


АКТ (ұялы телефонды) пайдаланып отбасына қатысты мақал-мәтел іздеп табады


Оқушылар бірін – бірі жұбымен өзара

« Жұлдызшалармен » бағалайды.











Отбасылық сурет









































Дескриптор

























































Қазақтың салт – дәстүрлерінің суреті









































Дескриптор



























































Дескриптор




Сабақтың соңы


5 минут

« Жетістік баспалдағы»


Оқушылармен сабақ соңында жұлдазшаларымызды санап ең көп өте жақсы деген жұлдызшаларды жинаған оқушылар баспалдақтың жоғыры сатысына шығады. Жақсы деген жұлдызшалары көп оқушылар баспалдақтың ортаңғы сатысына шығады. Ал қанағат деген жұлдызшаларды жинаған оқушылар баспалдақтың соңғы сатысында тұрады. Оқушылардың орналасу ретіне қарай сабақты толық меңгере алмаған оқушылармен келесі сабағымда жетілдіретін боламын.


Кері байланыс

« Жетістік баспалдағы»




Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушыларға

1- тапсырма бойынша

белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» әдісімен байланыса отырып

«Суреттер: Не болды?» әдісі бойынша

Саралаудың «Дереккөздер» тәсілін пайдаланып оқушыларға 3түсті стикерлерді пайдаланып өз білімдерінің деңгейі бойынша берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алады.

2- тапсырма бойынша Белсенді оқытудың «Сұрақ қою жəне талқылау» әдісімен байланыса отырып

Қалыптастырушы бағалаудың «Серпілген сауал» тәсілдерін пайдаланып оқушыларға қазақтың салт – дәстүрлері көрсетілген суреттер ұсынамын. Оқушылар Суреттерге қарап қазақтың салт- дәстүрлеріне қатысты тағы не білетіндерін әңгіме құрастырып жаза алады.

3-тапсырма бойынша

ұялы телефондарын пайдалана отырып отбасыға байланысты 5 мақал – мәтел іздеп тауып жаза алады.


Бүгінгі сабақта әр тапсырма сайын оқушыларды «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалаймын.

Shape1

- өте жақсы

Shape2

- жақсы

Shape3

- қанағат

Сергіту сәті

Оқушылар сергіту сәтін барлығы бірге қайталап айтады және бір үйде нешеу екенін табады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі