жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 1 сынып Уақытты анықтау
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: математика Ортақ тақырып:«Саяхат» Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Шамалар. Уақытты бағдарлау Сынып:1 |
Мектеп: №47ЖББМ Мұғалімнің аты-жөні:Манапова Мәдина Ерденқызы Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Уақытты анықтау |
|||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
1.1.3.1 Шамаларды ажырату; уақыт, оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.2 Өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу. Сағат
|
|||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Шамаларды ажыратады. Уақытты өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдайды. Көптеген оқушылар: Сағаттың өлшем бірліктерін қолданады, шамаларды өлшейді Кейбір оқушылар: Сағаттың өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеуді зерттейді |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Шамаларды ажыратады, уақытты өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдайды. Сағаттың өлшем бірліктерін қолданады.
|
|||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар орындай алады: Уақытты сағатпен анықтайтынын біледі
Пәнге тән лексика мен терминология: Шама-нақты өлшем бірліктердің жиыны Уақыт –өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеуі
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Сағат бізге неліктен керек? 1 минутта қанша секунд бар? 1 сағатта қанша минут бар? Неліктен уақытты білу керек деп ойлайсың? 1 тәулікте неше сағат бар?
|
|||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу бөлімі бойынша әрбір оқушы санасына жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің негізі-уақытты қазірден бастап тиімді пайдалану екендігін меңгерту.
|
|||||||||||||||||
Пән аралық байланыс |
Жаратылыстану |
|||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд(сағат суреттері) Сағатқа байланысты танымдық видео
|
|||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Минунт, секунд, сағат туралы түсінігі болады
|
|||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
||||||||||||||||
Сабақтың басы
3 мин
3мин
|
Психологиялық ахуал. Интерактивті тақтадан күн мен айдың суретін көрсетіп,оқушылардың ойларын сұрау.(Оқушылардың жауаптары: Ай түнде шығады.Біз түнде ұйқтаймыз.Күндіз ойнаймыз, тамақтанамыз,сабаққа келеміз. Күндіз жарық болады.т.с.с). Оқушылардың жауаптарынан соң, мұғалімнің түйінді сөзі: -Дұрыс айтасыңдар! Біздің 1 күніміз-1 тәулік. Бір тәулікте 24 сағат бар. Тәулікті күндізгі уақыт және түнгі уақыт деп бөлеміз. Балалар, сендер сағат нешеде ұйқтайсыңдар? -Сағат түнгі 10-да. - Сағат нешеде таңғы нешеде ұйқыдан тұрасыңдар? -Таңғы 7-де -24 сағаттың 8-9 сағатында ұйқтаймыз. Ал, 15не 16 сағат ояу жүреміз. Топқа бөлу. «Уақыт көрсеткіштері» -Күндіз неге жарық болып тұрады? -Күн шуағын шашып, жарық береді. Олай болса, бәрің тақтадағы күннің сәулелерінен өздеріңе бір-бірден алып, оның ішіндегі сағаттың берілген уақытына қарай топқа бөлініп отырайық. (3 топқа 07:00, 12:00, 22:00 уақыттары жазылған сағаттар алдын-ала қойылған).
|
Интербелсенді тақта
Уақыт белгілері көрсетілген түрлі- түсті үлестірмелер
Суреттер
|
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5мин
2 мин
8 минут
3 мин
13 мин |
Тапсырма 1 «Super time» (Ө) Суреттен уақытты өлшейтін құралдарды тауып, оларды атайды.(Мысалы: сағат,қолсағат,құмсағат, секундомер) Сағат тілінің қозғалысынан шамаларды ажыратады. Сағат тілінің минуттық тілін және секундтық тілін көрсетеді.( Құмсағатта тілі мен сандары болмайтынын, тек құмның түсу жылдамдығына қарай неше минут не секунд болатынын айтады. )
Қ.Б«Уақыттың дәрежелері» ( Тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындауларына қарай қызыл, жасыл және сары түсті сағаттармен бағалаймын.) Секунд дәрежесі көрсетілген сағатты - дұрыс әрі жылдам орындаған оқушыға беремін. Себебі, секунд сағаттың жылдам қозғалатын өлшем бірлігі. Минут дәрежесі көрсетілген сағатты – аздаған қатесі болған және баяу орындаған оқушыға беремін. Сағат дәрежесі көрсетілген сағатты - қатесі көбірек оқушыларға үлестіремін.
Уақытқа байланысты танымдық видео көрсету
Тапсырма 2 «Уақытыңды тиімді пайдалан» (Ж) Сағат моделін құрастыр. Ұйқыдан тұратын уақытын, сабаққа баратын уақытын, түскі ас ішетін уақытын, ұйқтайтын уақыттарын көрсетеді.
|
|||||||||||||||||
Сабақтың соңы
3 минут |
Кері байланыс «Нысана сағат»
Сағаттағы сары түсті шеңбер «Бұл тақырып маған өте қызық болды...» Сағаттағы қызыл түсті шеңбер «Маған бәрі түсінікті...» Сағаттағы көк түсті шеңбер «Маған көмек қажет...» Оқушылар қолдарына сағат бейнеленген стикерлерді «Нысана сағатқа» жабыстырады
|
|
||||||||||||||||
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?
|
Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
|
||||||||||||||||
1-тапсырмада-жіктеу және бағалау тәсілі байқалады. Себебі, талаптары әр түрлі оқушылар берілген тапсырма бойынша жеке жұмыс жасап, уақытты өлейшейтін құралдарды табады, шамаларды ажыратады. Орындалған тапсырмаларды Қ.Б арқылы үздіксіз бағалап отырамын. 2-тапсырма бойынша қарқын және қорытынды, тәсілі көрінеді Себебі, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жұптаса жылдам жұмыс жасау арқылы күн тәртібін құрастырады Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушылар қақлез оқушылар көмегімен тапсырманы толық орындайды. 3 –тапсырма зерттеу жұмысында диалог және қолдау көрсету, қорытынды тәсілдері бар. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және жауаптар алу үшін зерттеуге қажетті ресурстар мұз, шәй, қант, стакандағы ыстық және суық суларды қояды.Барлық оқушылар зерттеу жүргізе отырып, нәтижелерінің әртүрлілігін байқайды. Өз ойларын түйіндеп топта айтады, әр топ топ арасында айтады. Соңында зерттеу нәтижесінің ұқстығы мен айырмашылығын ажыратады. |
Бағалау Қ.Б «Уақыттың дәрежелері»
Қ.Б «Көңілді сағаттар»
Қ.Б «Белсенді сағаттар» әдісімен бағалау.
«Алғыр сағаттар!» «Зерек сағаттар!»
«Білімпаз сағаттар!»
|
Зерттеу жұмыстарын жасау барысында сақталатын қауіпсіздік ережесімен таныстырамын . Сабақ барысында пайдаланылатын құралдармен жұмыс жасаудың ережелерін сақтау. |
||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген