400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 1 сынып "Заттың қимылын білдіретін сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірбие алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сауат ашу Мектеп: Бикен Римова атындағы мектеп-гимназиясы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалім аты-жөні: Шарипбаева Сауле Минашевна

Дені саудың – жаны сау

Күні: 11.05.18 Қатысқандар саны:

Сынып: 1 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:


Спорт – денсаулық кепілі. Заттың қимылын білдіретін сөздер.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


1.3.10.1 заттың атын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алады.

Көптеген оқушылар: : Заттың атын қимылын білдіретін сөздерге мысал келтіру

Кейбір оқушылар: Мәтін арасынан заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қою

Бағалау критерийлері





Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана біледі.

Заттың атын қимылын білдіретін сөздерге мысал келтіре алады.

Мәтін арасынан заттың қимылын білдіретін сөздерді табады, сұрақ қоя алады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика және терминалогия: Жүреді, жүгіреді, секіреді

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер: заттың қимылын білдіретін сөздер.

Құндылықтарды дарыту


Балаларды спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Пәнаралық байланыстар


Көркем еңбек,дүниетану.

АКТ қолдану дағдылары


Аудиожазба , таныстырылым.

Бастапқы білім


Денсаулық зор байлық.Бас әріппен басталып жазылатын сөздер.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы




-Сәлеметсіңдерме балалар!

- Менің атым Сауле Мінәшқызы, Сауле апай десеңдер болады.

-Артқа бұрылып қараңдаршы, қанша қонақтар келіп отыр?

-Қонақтарға күлімдеп сәлемдесіңдер.

- Енді бір-біріңе қарап, күлемдеп, сәттілік тілейік.

- Маған бұрылымыз, күлімдейміз. Осындай жақсы көңіл күймен, сабаққа белсенді қатысып, тату болып, қандай екенімізді көрсетейік. Жақсы.

-Ақырындап отырамыз.


Сабақтың ортасы



Оқушылар тақтадағы суреттердің не екенін тауып,

кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек,

не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастырады.
Ереже:
Заттың атын білдіретін сөздерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.

Осы сөздерге қимылды білдіретін сөздерді қосып. Екі сөзден құралған сөйлем құрап айтамыз.

Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сөздер қостық ?

-Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Заттың қимылын білдіретін сөздер.»

Мақсатымыз:

1. Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерді таба аламыз.

2. Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерді сөйлемде ажырата білеміз.

3. Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білеміз.

Осыған байланысты критерий құрып алайық.

Бағалау критерийлері

Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана біледі.

Заттың атын қимылын білдіретін сөздерге мысал келтіре алады.

Мәтін арасынан заттың қимылын білдіретін сөздерді табады, сұрақ қоя алады.

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

-Мәтінде не туралы айтылған?

-Соның ішінен қайсысын сендер жасайсыңдар?

Әр топқа мәтін ішінде жазылған жаттығуды орындату.

1-т: Қолды мықынға немесе иыққа қояды.

2-т: Денені екі жаққа кезек бұрады.

3-т: Оң мен солға кезек иіледі.

4-т: Қолды белге қойып, денені қозғалтады.

Бір-біріне қозғалыстарына байланысты сұрақ қою.

Өздері ереже құрастырады.

Дескриптор: - Мәтін мазмұнын талдайды.

-Мәтіндегі сөздерге сұрақ қояды.

Осы талқылау арқылы оқушылар өз қорытындыларын айтып, өз ойларын кітапта берілген ережемен салыстырады.

Ереже:

Заттың қимылын білдіретін сөздерге не істеді? қайтті? деген сұрақтар қойылады: келді, жазды, өсті.

2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу.

Балалар аулаға жиналды. Екі топқа бөлінді. Олар хоккей ойнады. Бірінші топ жеңіске жетті.

-Әр жұпқа жаттығу сөйлемдерін бөліп беру. Жұпта заттың қимылын білдіретін сөздерді дұрыс сұрақ қою арқылы табу.(астын сыз) Бір-бірінің жұмысын «Кім байқағыш?» әдісімен кері байланыс арқылы бағалайды.

Дескриптор:

-таза, қатесіз жазады

-біреуі сөйлегенде екіншісі тыңдайды.

-мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

«Кім тапқыр?» ойыны. Сөйлемді аяқтап жазады. Жұппен бір-бірінің жұмыстарын тексереді, бағалайды.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны арқылы жүретін, жүгіретін, ұшатын нәрселердің немесе жануарлардың атын сәйкестендіріп іледі.

«Ойлан, тап» әдісі. Алғашқы дыбысы кестедегі әріптерден басталатын қимылды білдіретін 2 сөзден жаз

қ

и

м

ы

л

қорқады

қозғалады

иіледі

иірді

мөңірейді

мяулайды

ызылдайды

ымдайды

лақтырады ластайды

Дескриптор: - Іс-әрекетті білдіретін сөздер құрастырады.


Сабақтың соңы



Рефлесия «Күн» сәулелері бойынша

Сары – түсіндім, сұрағым жоқ,

Жасыл – түсіндім, бірақ әліде сұрағым бар.

Қызыл- түсінбедім, ештеңе ұнамады.

Кері байланыс

№

бағалау критерийлері

« + », « - »

1

Заттың атын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алмын және орынды қолдана білемін.


2

Заттың атын қимылын білдіретін сөздерге мысал келтіре аламын.


3

Мәтін арасынан заттың қимылын білдіретін сөздерді табамын, сұрақ қоя аламын




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз ?

Денсаулық және кауіпсіздік техникасының сақталуы



Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия
















Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 мамыр
1344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі