400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қандай цифрларды жұп сандар деп аталады? Қандай цифрларды тақ сандар деп аталады? Жұп сандар мен тақ сандарға мысал келтіріңіз Қандай натурал сандар 2-ге бөлінеді? Қандай натурал сандар 5-ке бөлінеді? Қандай натурал сандар 10-ға бөлінеді?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.1.2.5 натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың бәрі: Натрал санның 2-ге,5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілерін меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі: натурал сандардың 2-ге,5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілерін есептер шығаруда қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Натурал сандардың 2-ге,5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілерінің өмірде кездесуін пайымдайды.

Бағалау критерийі

  • Натурал сандардың 2-ге,5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілерін меңгереді.

  • Есептер шығаруда натурал сандардың 2-ге,5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілерін қолданады.

  • 2-ге,5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілеріне өмірмен байланыстырып есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар бөлінгіштің негізгі қасиеттерін біледі,бөлінгіштік белгілерін қолданып,құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу алгаритмін талдайды

Лексика мен

терминология

Натурал сандар,жұп сандар, тақ сандар, бөлінгіштік, еселіктер,разряд бірліктер


Диалогтық

Қандай цифрларды жұп сандар деп аталады?

Қандай цифрларды тақ сандар деп аталады?

Жұп сандар мен тақ сандарға мысал келтіріңіз

Қандай натурал сандар 2-ге бөлінеді?

Қандай натурал сандар 5-ке бөлінеді?

Қандай натурал сандар 10-ға бөлінеді?


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына сай «Қазақстанның Тəуелсіздігі жəне Астана» құндылығы

Ынтымақтастық,өмір бойы білім алу, бір-біріне жауапкершілік пен құрмет

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

Алдыңғы білім


Натурал сандар. Бөлінгіштің қасиеттері ұғымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдaстыру кезеңі (амандасу оқушыларды түгендеу)

Ширату жаттығу

Нұсқау: Оқушылaрды шaттық шеңберіне тұруғa шақырамын. Алдaрына құпия сaндықшасын ұсынaмын. («Құпия сандықша» деп аталу себебі, балалар үшін ішіндегі тапсырмалар құпия ) Сaндықшадан әртүрлі қағаз қиындыларын суырады . Суырғaн қағаздардадың артында әр түрлі тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындап, шыққан жауаптарына мән береді. Жауаптары 2,5,10 сaндары болып табылады. Сол сандар бойынша топқа бөлінеді.

І топ , ІІ топ, ІІІ топ

«Допты лақтыру» әдісімен сұрақ-жауап түрінде оқушылар диалог арқылы ауызша жұмыстанады. Әр топ бір-біріне доп лақтыру арқылы cұрақ қояды.

  1. Нaтурaл сaнның бөлгіші дегеніміз не?

  2. Нaтурал сaнның еселігі?

  3. 5-ке еселік сандар қандай цифрмен аяқталады?

  4. 10-ға еселік сандар қандай цифрға аяқталады

  5. 12,6,20,28,34 сандарының барлығы қай санға қалдықсыз бөлінеді?

ҚБ: «Бағдaршaм» арқылы бағалау.

















Сандықша

Ішінде қағаз қиындылар











Сабақтың ортасы

3 мин
























17мин











































































3 мин

«Сәйкестендіру»









«Галереяға серуен» әдісімен жаңа тақырыпты меңгерту. Шарты: Әр топқа әртүрлі конвертте тапсырма үлестіріледі. Тақырыпты оқушылар өз бетімен оқып, топта талқылайды. Әр топтан бір баяндамашы қалған топқа түсіндіреді. Олар өз бағаларын береді

ҚБ: « Екі жұлдыз бір тілек»

I топқа

2-ге бөлінгіштік белгілерін

II топқа

5-ке бөлінгіштік белгілерін

III топқа

10-ға бөлінгіштік белгілерін бөліп беремін әр топ тапсырмаларын галерияға саяхат жасау арқылы қорғайды

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша есептер шығару

Саралау:«Тапсырма» оқулықпен жұмыс

I топ №217.

144, 173, 184, 278, 391, 415, 520, 997, 990, 646, 825, 975 сандарынан

1) 2-ге бөлiнетiн; 2) 5-ке бөлiнетiн; 3) 10-ға бөлiнетiн сандарды бөлек жолдарға жазыңдар.

II топ№221. Көбейткiштердiң жазылулары бойынша:

а) 7 · 16; б) 13 · 10;г) 7 · 20 · 3; е) 2 · 5 · 2

ә) 11 · 25; в) 13 · 15; д) 19 · 11 · 13; ж) 21 · 3 · 6

көбейтiндiлерiнен: 1) 2-ге бөлiнетiндерiн; 2) 5-ке бөлiнетiндерiнен бөліндінің мәні табу.

III топ №223. Мирас бағалары бірдей 5 фломастер сатып алды. Сатушы оған:

«Барлығының құны 403 тг», – деді.

1) Сатушы дұрыс есептеді ме?

2) Егер сатушы артығымен есептесе, Мирас сатып алған барлық

фломастердің құны неше теңге?

3) Бір фломастердің бағасы неше теңге? Есептерді шығарып топта талдайды. Топтан бір оқушы шығып тақтаға шығарады.

ҚБ: Ауызша мадақтау

2) Мәтінмен жұмыс (жеке жұмыс)

Б әйтерек – Aстанадағы ең көрнекті ғимараттарының бірі.
Бұл «терек» биіктігі 105 метрлік метaлл құрамасынан тұрaды.  Есіл өзенінің сол жағ
aлауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м, диаметрі 28 м. Әлемде бірінші рет диаметрі 21 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын «хaмелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1555 м². Aлтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпaн» деп аталатын салмағы 654т метaлл құралыммен байланысып, жалғаcқан. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» - Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі.

Мәтіндегі сандарды таңдап алып, 2-ке, 5-ке бөлінетін сaндарды бөлек екі бaғaнға жaзыңдар.

ҚБ «Бас бармақ»


Сергіту сәті. «Жаңылыспаймын» ойыны.

1-ден 20-ға дейінгі сандардың ішіндегі 2-ге еселік сандардың орнына жаңылыспаймын деп айтады.





Тарсия бағдарламасы
























Оқулык 5 сынып


Ж.У.Кобдикова

Ш.Қ.Нұрманбетова

А.К Жолдасов

2015


А3 форматтағы қағаз, маркер











Оқулық

5-сынып

«Математика» Алдамұратова, 2017
































































Сабақтың соңы

10мин



















































2 мин

Қалыптастырушы бағалау

Сараланған тапсырмалар, «ДЖИГСО» әдісі.

Ойлау дағдыларының деңгейі: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау.

А деңгейі

Бағалау критерийі(білу, түсіну)

1-тапсырма

Сұраққа жауап беріңіз:

1.31;42;63;415;702;1110 сандарының қайсысы:

  1. 2-ге бөлінеді?

  2. 5-ке бөлінеді?

  3. 10-ға бөлінеді?

Дескриптор: Білім алушы

-2-ге бөлінетін сандарды жазады;

-5-ке бөлінетін сандарды жазады;

-10-ға бөлінетін сандарды жазады

В деңгейі

Бағалау критерийі: 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері қолданып, берілген санның 6-ға, 15-ке, 30-ға, 45-ке және т.с.с. сандарға бөлінетіндігін көрсетеді .

1) 114, 116, 132, 143, 372, 438, 647 сандарының қайсылары 6-ға бөлiнедi? Терiп жазып, бөлiндiнi табыңдар.
2) 105, 156, 255, 275, 345, 412, 465 сандарының қайсылары
15-ке бөлiнедi? Терiп жазып, бөлiндiнi табыңдар.
3) 135, 315, 325, 360, 495, 505, 585 сандарының қайсылары
45-ке бөлiнедi? Терiп жазып, бөлiндiнi табыңдар.

Дескриптор: Білім алушы

  • берілген санның бірлік разряд қандай санмен аяқталатынын анықтайды;

  • берілген санның цифрларының қосындысын табады;

  • цифрларының қосындысы 3-ке, 9-ға бөлінетінін анықтайды.

С деңгейі

Шархан бес бірдей ойыншық сатып алды. Егер сатушы 346теңге төлеу керек десе, ол дұрыс есептеген бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы

- санның 5-ке бөлінгіштік белгісін

қолданады;

- сатушы ойыншықтардың бағасын

дұрыс немесе қате есептегенін

анықтайды.

ҚБ:бірін-бір бағалайды


Кері байланыс:Блоб ағашы арқылы

Әр оқушы сабақтан алған әсеріне байланысты ағаштын қай жерде орналасқанын стикер іліп көрсетеді.

Үйге тапсырма:






































































Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Диалог және қолдау көрсету арқылы сыныппен жұмыс, топпен жұмыс,жеке жұмыс кезінде сараланғандеңгейлік тапсырмалар орындатамын. Оқулықтағы дереккөздерді қолданамын. Сабақмақсатына жету үшін жетелушісұрақтар қоямын.Сабақ мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийін пайдаланамын.. Белсенді оқу аясында сараланған тапсырмалар орындалады:

Допты лақтыру, Галерия, Сәйкестендіру,(Тарсия бағдарламасы)

Саралау әдісі: ,Ойлан, жұптас, бөліс, «Джиксо» (А,В,С деңгейі) жетелеуші деңгейлік тапсырмалар қaмтылады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын, жетелеуші тапсырмаларды орындағанда топтық бағалау, жеке бағалау жүзеге асырылады.

Шапалақтау, ауызша мадақтау, бағдаршам, екі жұлдыз,бір ұсыныс, бас бармақ арқылы бағалаймын


Сергіту сәті: «Жаңылыспаймын» пайдаланамын. Оқушылардың партада орналасуын, техникалық қауіпсіздігін қадағалаймын

АКТ қолданғанда уақыт ережесі сақталады

Сабақ бойынша
рефлексия

Рефлексия «Блоб» ағашын қолданамын



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі