Материалдар / Ашық сабақ 2- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 2- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 2- сыныптың математика пәніне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
521
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісінің меңгерушісі:.......................................................


Тақырыбы: Менің сыныптас достарым

Күні: 06.09.2018

Сынып: 2 Б

Оқу мақсаттары

2.5.2.1.Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

100-ге дейінгі сандар, толық ондықтар, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу.

Бірқатар оқушылар үшін:

100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар тізбегінде санның орнын анықтау.

Кейбір оқушылар үшін:

100-ге дейінгі сандардың түрлі моделін ұсыну, модельдің көмегімен сандарды салыстыра алу.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология:100-ге дейінгі сандардың аталуы, толық ондықтар, бірліктер, артық, кем, ерте, кеш, алдыңғы, артқы, аралықтағы сандар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Санды жазу үшін қандай цифрлар керек?

Көршілес сандарды атай аласың ба?

Санда неше ондық, бірлік бар? Оны қалай анықтайды?

4)Егер цифрлардың орнын алмастырса, онда екі таңбалы сан бола ма?

Қандай сан шығады? Ол екі санды салыстырыңдар.

Жазу: 0-100 аралығындағы сандарды жазу, санның «көршілес» сандарын жазу.

Тірек білімдер, білік, дағдылар

0-ден 100-ге дейінгі сандар, толық ондықтар, салыстыру, сандарды оқу жəне жазу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры



0–3 минут

Ынталандыру.

Мұғалім оқушылармен жылдам жəне дұрыс санаудың маңыздылығы туралы əңгіме жүргізеді. Əрбір адамға санаудың қажет болатын жағдайларын атауды ұсынады.




4–6


Белсендіру.

Сабақта сыныптағы үстелдер мен орындықтар санын санаймыз. "Санды тап" ойыны ойналады. Алдын ала 50-ден 70-ке дейінгі сандардың қиықшалары дайындалады. Əрбір команда 70-ке дейінгі сандарды тауып, дұрыс айта білулері керек. Аз уақытта көп сан тапқан, барлық мүшелері бірдей жақсы жұмыс жасаған команда жеңіске жетеді.

50–70 сандары, толық ондықтар




7–11

Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар). Мұғалім оқушыларға екі таңбалы сан жазылған карточкадан алып жəне төменде ұсынылған жоспар бойынша оған сипаттама беруді сұрайды.

Санды ата.

Сандағы бірліктер мен ондықтардың санын ата.

Сандағы жалпы бірліктер санын ата.

Санды ондықтар мен бірліктердің қосындысымен алмастыр.

Берілген санның алдында жəне осы саннан кейін тұратын сандарды ата.

Берілген санды жазу үшін барлығы неше цифр қажет болды жəне олардың арасында əртүрлі цифрлар нешеу екендігін көрсет.

Оқушылар №4 жаттығу нені білдіретінін білмейтіндіктен, оларда қиындық туындайды.

- Ондықтар мен бірліктердің қосындысы нені білдіреді? Оқушылар бұны сабақта білуді мақсат етіп қояды.

Санау таяқшалары










12–29


Жаңаны ашу.

1 тапсырманы практикалық жұмыс түрінде жүргізуге болады. Оқушылар жұптасып қолдарында бар материалдардан (санау таяқшалары, геометриялық фигуралар, қақпақтар, дəндер жəне т.б.) сандардың моделдерін тұрғызады. Оқушылар бірліктерді ондықтарға біріктіреді, ондықтармен санайды, екі таңбалы сандарды құрайды, олардың құрамын атайды.

1, 2-тапсырмаларды дəптерге орында.

Сандарды жазады. Оның ішінде бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды іріктеп алады.

Мұғалім оқушылардан 100-ге дейінгі сандардың тізбегін құрастыруды сұрайды. Берілген сандардың орнын тізбекте анықтауды оқушылар орындайды.

Дайын 100-ге дейінгі сандар кестесін беруге болады. Топпен жұмыс ретінде кез келген əрбір ондықтағы түрлі сандардың орнын анықтау ұсынылады.

Түсіндіру арқылы алғаш бекіту.

3тапсырма жұппен түсіндіріле ауызша айтып отыру арқылы орындалады.

Топта №4 тапсырма ойын түрінде жүргізіледі.

Өздік жұмыс.

Тапсырманы дəптерге орындау ұсынылады. Тапсырманы орындау екі таңбалы сандардыңнөмірленуін түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Үлгі бойынша өзіндік

Оқулық, 100 дейінгі сандар кестесі, дəптер


тексеруді орындауды жəне оқушылардың жіберген қателерін анықтауды ұсынады.





30–40


Жаңаны қолдану.

3 тапсырма дəптерге орындауды ұсынады.Тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларды критерийімен таныстырады. Олардың əрқайсысының алдына белгі қоюды сұрайды.

Бағалау критерийі: екі таңбалы санның моделін дұрыс көрсете аламын; ондықтар мен бірліктердің қосындысына дұрыс жіктей аламын.

Өткен материалмен жұмыс.

Өздік жұмыс.

Оқулықтан №5 тапсырманы орындауды ұсынады.

Дəптерге №4 тапсырманы орындауды ұсынады.

Оқулық, дəптер

41–45


Рефлексия.

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:

100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсінеді; 100-ге дейінгі сандарды ретімен жəне кері ретпен санайды;

натурал сандар тізбегінде санның орнын анықтайды.

Жетістіктер жолағы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!