жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 2- сынып қазақ тілі Мәтіннің құрылымдық бөліктері.
Қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақтың тақырыбы: Мен мектебім мен сыныптастарымды жақсы көремін. Мәтіннің құрылымдық бөліктері. |
Мұғалімнің аты-жөні: Тулепова Ж Күні: 12.11.18 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ №37 |
Пәні қазақ тілі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
СЫНЫП: 2«Б» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.3.1.1 – мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Мәтінге ат қояды. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Мәтінді бөліктерге бөледі. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Мәтінге байланысты сұрақтар қоя отырып, мәтіннің ретін анықтайды, сурет бойынша мазмұндайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
-Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтайды -Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, маркер, постер, түрлі-түсті қарындаштар. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу, дүниетану. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы сабақ |
-Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не? 9-ж, 74 бет. Мәтінді оқып шық. Әжейдің жауабын қайталап оқы. Осы жауапта екі нақыл сөз бар, соны тауып, көшіріп жаз.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарлан ған уақыт |
Сабақ барысы |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Басы 5 минут |
Психологиялық дайындық Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай,
Мұхтар сөйлеген дана
тілім, Балаларды сөз жазылған стикер арқылы 4 топқа бөлу. Буын, сөз, сөйлем, мәтін. Ереже сұрау. Топтарын қорғау Балаларды түсті қима қағаздармен бағалау Дескриптор
|
Топқа бөлу. Қима қағаздар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы |
Кодталған сөздерді шеш (ойын)
(5,3), (7,2), (4,4), (2,5), (5,4) (Мәтін) Жауабы арқылы мәтіннің құрылымдық бөліктері мен мәтін түрлері жайлы сұрау Мағынаны тану. Мәтін: сипаттау, әңгімелеу, пайымдау деп бөлінеді. Сипаттау мәтіні - бір затты не құбылысты сипаттап айтады. Пайымдау мәтіні - болжам жасау арқылы беріледі. Әңгімелеу мәтіні - әңгіме жүзінде орындалады. Мәтіннің бөліктері: Мәтіннің басы оқырманды оқуға дайындайды. Негізгі бөлікте автор айтқысы келген пікірін білдіреді. Мәтінді соңғы бөлік аяқтайды. Мәтіннің әрбір бөлігі азат жолдан жазылады. 10-жаттығу. «Құмырсқа мен қарақоңыз» түсініп оқу. Мәтіннің қай түріне жатады. 1-топ. Мәтінді дауыстап оқиды 2-топ. Мәтін мазмұнын айтады 3-топ. Сұрақтарға жауап береді 4-топ. Мәтіннің қай түріне жататынын анықтайды
Құмырсқа мен қарақоңыз бір сыныпта оқиды. құмырсқа күнде бестік алып, Қарақоңыз екі ала беріпті. Қарақоңыз Құмырсқадан: -Сенің жақсы оқуыңның сыры неде?- деп сұрапты. -Оның сыры- уақыт кестесінде. Қарақыңыз өзінің уақыт кестесін жасайды. Қалай жасаса да, уақытын ойыннан артылта алмапты. «Құмырсқа ойынға жетпеген уақытты сабақ дайындауға қалай жеткізіп жүр екен?» деп таңданыпты. Сұрақтарға жауап бер. 1.Мәтіндегі оқиғаға қатысушыларды ата. 2.Құмырсқаның жақсы оқуының себебі неде екен? 3.Қарақоңыз не себепті уақыт кестесін дұрыс құра алмады? 4.Өзің уақыт кестесін қалай жасар едіңдер? Дескриптор: -Мәтін түсініп оқиды. -Мәтіннің қай түріне жататынын айтады. -Сұрақтарға жауап береді. Сергіту жаттығуларын жасату.
11-жаттығу. Мәтінді оқы, жоспарға сүйеніп, оның бөліктерін анықта. 1-топ. Мәтінді дауыстап оқиды 2-топ. Мәтін мазмұнын айтады 3-топ. Сұрақтарға жауап береді 4-топ. Мәтіннің қай түріне жататынын анықтайды
Жоспар: 1.Көңілсіз суреттер. 2.Жан біткен суреттер. Меруерт табиғат көрінісін салмақшы болып, қара қарындашын алды. Салған суреттері бір түрлі көңілсіз, солғын болып шықты. Бір кезде қолына түрлі түсті қарындаштарды алды. Аспанды қара бұлт торлады. Шатыр- шұтыр сары найзағай ойнады. Аспаннан көк тамшылар төпеп берді. Жерде ақ түсті шалшық сулар пайда болды. Сұрақтар: -Мәтінде неше бөлік бар? -Олар мәтіннің қай бөліктері? -Қай бөлік берілмеген? -Мәтіннің соңғы бөлігін тауып, айтып көр. -Сурет пен мәтіннің арасында қандай байланыс бар? Дәлелде. Дескриптор: -Мәтінді түсініп оқиды. -Мәтіннің бөліктерін анықтайды. -Мәтіннің түрін анықтайды. Хат келді әдісі. Келген хаттағы мәтін бөліктерін құрастырып, дәптерге қөшіріп жазады. Дәптермен жұмыс: 12- жаттығу. Мәтіннің тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып таста, қайта мәтін құрастыр. Мәтінге ат қой. Мәтіннің соңғы бөлігін дәптеріңе көшіріп жаз. Балалардың бәрі сабақта. Ал Ермек болса ауырып, үйде қалды. Жалғыз өзі әбден зерікті. Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді. Хал-жағдайын сұрап, Ермекке әкелген суретті кітапшаларын ұсынды. Ермектің осындай достары бар. Ол достарын жақсы көреді. Дескриптор: -Мұқият, түсініп оқиды. -Мәтіннің сай келетін бөліктерін құрайды. -Мәтіннің соңғы бөлігін табады. -Дәптерге көшіріп жазады. Қосымша тапсырма Меңзердің көрсеткен жолымен, мақалдарды оқы
Көптің күші көлдей Ырыс алды- ынтымақ |
«Кодталған сөздерді шеш» ойыны, мәтіннің түрлері, мәтіннің құрылымы мен танысады. Оқулық
Хат келді әдісі
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Соңы |
Берілген 2 мәтінді түсініп оқы 1.Көшпенді қазақ тұрмысында иттің үлкен мәні бар. Ит адамның үйі мен мал-жанын қорғаған. Иттің қойшының еңбегінде атқаратын рөлі аса маңызды. Малшы қазақтардың айтуынша, олардың қасқырға қарсы үрген дыбысы жай кездері үргенінен басқаша болып келеді. Түнде бүкіл ауыл тарс ұйқыда жатқанда, иттер кірпіктерін ілместен олардың ұйқысын қорғап шығады. 2. Саматтың Мойнақ деген сүйкімді иті бар. Ол өте сақ және ақылды. Мойнақ балаларды жақсы көреді. Самат оған түрлі өнер үйретіп жүр. Мойнақ Саматтың айтқанын бұлжытпай орындайды. Самат та итіне сүт, тамақ беріп, қамқорлық жасайды.
Дескриптор - мәтіндердің тақырыбын анықтайды және салыстырады; - мәтіндердің негізгі ойын анықтайды және салыстырады; - мәтіндердің түрін анықтайды; - мәтіндерді салыстыру нәтижесін белгілеп көрсетеді.
|
Сурет |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау Кері байланыс 3 минут |
«Басбармақ» әдісі арқылы кері байланыс аламын.
|
Сабақтан алған әсерлерін «басбармақ» әдісі арқылы көрсетеді.. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма: Жаңа ақпаратты жаттау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау –
|
Бағалау – сабаққа қатысу белсенділіктеріне және дескрипторлар арқылы бағалау. |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген