400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2-4 сынып аралығындағы пән бойынша ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бізді қоршаған әлем

Күні: 26.01.2021 ж

Сынып: 1А

Мектеп: Қ.Мүсірепов

Мұғалімнің аты-жөні: Н.Рашева

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 1

Сабақ тақырыбы

Апта күндері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.2 сағаттың циферблаты бойынша уақытты анықтау/ уақыттың өлшем бірліктерін ажырату: минут, сағат, күн, апта, ай


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: апта күндерін және ретін ажырата алады.

Көптеген оқушылар: уақыттың өлшем бірліктерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: уақыттың өлшем бірліктері арасындағы қатынасты анықтайды, дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

Апта күндерін және ретін ажырата алады.

Уақыттың өлшем бірліктерін ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: циферблат бойынша сағатта көрсетілген уақытты анықтай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: апта, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Аптада неше күн бар?

-Аптаның қай күндерінде дене шынықтыру сабағы болады?

-Жұманың алдында аптаның қай күні келеді?

-Сәрсенбіден сәрсенбіге дейін неше күн өтеді?

-Сейсенбіден неше күн өткенде сенбі болады?

Құндылықтарды дарыту

Сын тұрғысынан ойлауын, өз пікірін дәлелдей алу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Слайд

Бастапқы білім

Оқушылардың уақыт, сағат, апта туралы түсінігі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Өткен сабақты пысықтау


5 мин

Рисунок 1 Рисунок 2 Рисунок 3


Сабақтың ортасы







8 мин


















2 мин


7 мин














5 мин

(Ұ) 1- тапсырма «Ретін тап» әдісі арқылы жүреді.

Оқулықтың 22-бетіндегі тапсырмамен жұмыс.



Тапсырма: Апта күндерін ретімен қайталап айтыңдар. Сұраққа жауап беріңдер.

Отбасылық демалыс.

Әкесі, анасы және балалары 2 апта теңіз шипажайында болды. Отбасы неше күн демалды?



Дескриптор:

- Апта күндерін ретімен қайталап айтып жаттайды. Сергіту сәті : Бақа. Би арқылы жасалады.


(Т) 2- тапсырма «Бәйге» ойыны арқылы жүреді.

Оқулықтың 23-бетіндегі тапсырмамен жұмыс.

Тапсырма: Апта күндері туралы сұраққа жауап беріңдер.
-Аптада неше күн бар?

-Аптаның қай күндерінде дене шынықтыру сабағы болады?

-Жұманың алдында аптаның қай күні келеді?

-Сәрсенбіден сәрсенбіге дейін неше күн өтеді?

-Сейсенбіден кейін неше күн өткенде сенбі болады?


Дескриптор:

- Апта күндері туралы сұраққа жауап береді.

Саралау тәсілі «Тапсырма» арқылы іске асады.

-Нұргүл дүйсенбі күні вокал үйірмесіне барды. 2 күннен кейін домбыра үйірмесіне барады. Домбыра үйірмесі аптаның қай күнінде болады?


Дескриптор: тапсырмаларды орындайды.

Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға:

-Сәрсенбіден бері үш күн өтті. Аптаның қай күні болды?

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсетіледі.



Суреттер










оқулық























оқулық

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс алынады.

-Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

-Сабақтың қай тұсы қызықты болды?

Үй тапсырмасы: 23-беттегі «Ертегілер оқу» тапсырмасы.

- Не үйрендік?

- Не білдік?











Оқу ісінің меңгерушісі.

Тексерілді: З.Пернешова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17.05.2024
277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі