400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. 2-сынып Ағаш отырғызамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық мектептерде қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерге қажет сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы





Мұғалімнің аты-жөні

Наршикова Лобар Махмудхановна

Сынып:

2 «Ж»

Күні:


Сабақтың тақырыбы:

Ағаш отырғызамыз





Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1. күнделікті өмірде қолданылдатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну

2.1.5.1 тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну,сұрақтар қою және сипаттау

2.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: күнделікті өмірде қолданылдатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Көпшілігі: тыңдау –көру материалдағы оқиғаларды түсінеді,сұрақтар қою және сипаттайды

Кейбірі: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем құрайды.

Күтілетін нәтиже

Тапқырып көлемінде қазақша қарапайым хабарлама жасайды,сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді,сөйлем құрайды.

Жаңа сөздер:

Күрек,қазады,ұстайды.

Сабақта қолданалытын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар,суретті смайликтер,фишкалар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру,салыстыру,сұрақ-жауап,әңгімелеу,диалог, «Ыстық алақан» тренингі, «Ойлан,тап!» стратегиясы, «Әдемі аула» , «Мылқау сурет» дидактикалық ойындары, «Баспалдақ» тәсілі,сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І.Қызығушылықты ояту

«Ойлан,тап!» стартегиясы бойынша алдын-ала тірек сөздерді тақтаға жазып қоямын. Оқушылар тірек сөздермен байланысты негізгі сөзді тапқаннан кейін бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Тірек сөздерді қолдану арқылы тақырыпқа қатысты негізгі сөзді табады.

ІІ.Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс.А) Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын. Оларды оқимын,оқушыларға қайталатамын.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым.Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырамын, бірнеше рет қайталатамын.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқытамын, қайталатамын.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды,жаңа сөздерді қайталайды.

3.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1,4 -тапсырманы орындатамын.

Айтылым.Сұраққа жауап береді. «Әдемі аула» ойынының шартын орындайды.

Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатамын. Жазылым. Сөйлем құрайды.

4. Мәнерлеп оқу. «Жаттайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқимын. Оқушыларға өлеңді жаттатамын, мәнерлеп оқуға машықтандырамын.

Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.

5.Сергіту сәті. Оқушыларға сергіту жаттығуларын жасатып,тақпақты бірге қайталатып,қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалаймын.

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым,

Оңға бұрылып.

Солға бұрылып,

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық!

Сергіту жаттығуын жасайды.

ІІІ.Ойтолғаныс

«Мылқау сурет» ойынын ойнатамын. Тақырыпқа қатысты суреттер көрсетемін.

Оқушылар суретте не бейнеленгендігін айтады,сипаттайды.

Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқимын, талдатамын. Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

IV.Бағалау

Формативті бағалау. Оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзім қоямын. «Баспалдақ» тәсілі бойынша өзін бір-бірін бағалайды.

V. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 2-тапсырманы орындау, өлеңді жаттау, №2 дәптерді жазу, Күнделіктеріне жазады.

VI. Рефлексия

Күзгі дала макеті.Күн және бұлт бейнесіндегі фишкаларды оқушыларға таратып беремін.Оқушылар сабақ ұнаса,күнді жабыстырады, сабақ ұнамаса бұлтты жабыстырады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
825
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі