400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 2-сынып Есе арттыру есе кеміту. Бекайдарова Ш.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңартылған бағдарлама негізінде жасалған авторлық қысқа мерзімді сабақ жоспары Бастауыш сыныптың 2-сыныбына математика пәнінен өткен ашық сабақ. Бұл материалдың жас мамандарға көп көмегі тиері сөзсіз. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыратын, сыни тұрғыда ойлауға жетелейтін әртүрлі әдістер мен ойын элементтері пайдаланылған. Әсіресе «Бинго» ойыны оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қазақстан халықтарының ойындары.

Мектеп: С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 28.02.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Бекайдарова Шынар

2-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.5.1.4.Санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есептерді құрастыру жəне салыстыру.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

  • «... есе артық», «... есе кем» қатынастарының мəнін түсіне алады.

Көптеген оқушылар:

  • санды бірнеше есе арттыру/кемітуге берілген есептерді талдауды жəне шығаруды біледі.

Кейбір оқушылар:

  • санды бірнеше есе арттыру/кемітуге берілген есептерді құрастыруды жəне шығаруды біледі.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

«... есе артық», «... есе кем» ұғымдарын түсіндіруді.

Пəндік лексика жəне терминология.

Бірнеше есе арттыру, бірнеше есе кеміту.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:


  • «үш есе артық/үш есе кем» деген нені білдіретінін түсіндіре аласың ба?

  • Берілген саннан 3 есе артық санды қалай табуға болатынын түсіндіре аласың ба?

  • Есепті қалай шығаратынын түсіндіре аласың ба?

Жазу: Есептерді жазу жəне шығару.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту жəне бөлу, мазмұны бойынша бөлу, теңдей бөліктерге бөлу, бірдей

қосылғыштарды табу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар




0–3

Қызығушылықты ояту

Балалар, бүгін қыстың соңғы айының соңғы күні. Яғни ертең көктемнің алғашқы күні. Көктемде бала біткен далаға шығып әртүрлі ойындар ойнайды. Сондай ойындардың бірі – жасырынбақ ойыны екен. Жасырынбақ ойыны ұтқырлықты, тапқырлықты, жылдамдықты және байқампаздықты талап етеді.

Бүгінгі сабақта біз ізденіс үстінде боламыз қойылған сұрақтарға жауап іздеу, ұтқырлық пен тапқырлық , жылдамдық пен төзімділік танытамыз.
«Жасырынбақ» ойыны.
Қаншалықты байқампаз, тапқыр екенімізді байқау үшін қане перденің артында неше бала жасырынып тұрғанын тауып көрейік.


4-6

Өзектендіру. Оқулықтағы 1-тапсырма.

Дескриптор:
Есептегі ұлдар мен қыздардың санын салыстыра алады. Қайсысы артық, қаншаға артық екенін анықтай алады. Сызба бойынша есеп құрастырады.






«Қанша артық …» сұрағымен есеп құрастырады. «… жасырынбақ ойнады» деген сөздермен бастайды. Сызбалар бойынша кері есептер құрастырады.

Біреуі берілгеннен қанша артық немесе кем екенін қалай білуге болады? (Көптен азды азайту керек.)

Оқулық,

Құрастырмалы жинақ Үлестірмелі материал


7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Дескриптор:
Есе артық, есе кем қатынастарының нені білдіретінін білу үшін ізденеді.
Ой қозғау.

Біреуі берілгеннен қанша артық немесе кем екенін қалай білуге болады?
(Мұғалім оқушылармен бірге мақсат қояды: «...есе артық»,

«... есе кем» қатынастары нені білдіретінін білу үшін тапсырмалар орындайды)
Ой қорыту.

Есе арттыру болса біз қандай амал орындайды екенбіз?
Есе кеміту болса ше? (Балалар өздері ой қорытып айтады)

Сергіту сәті.

Астананың 20 жылдығына орай Астана қаласына саяхат жасап,

ән тыңдайды.

12-29

Жаңаны ашу

2- тапсырма.
Дескриптор:
Өз тәжірибелеріне сүйене отырып, тұжырымдама жасайды;
Есе арттыру үшін көбейту керектігін, ал есе кеміту үшін бөлу керектігін түсінеді.
Үлестірмелі материалдарды қолдануға жəне практикалық жұмыс орындауға болады.

  • Қанша дөңгелек бар? (2)

  • Шаршылар қалай орналасқан ( 2-ден).
    2-ден қанша рет? (2-ден үш рет).

Мұндай жағдайларда шаршылар 3 есе артық деп айтады. Ал шеңберлер 3 есе кем. Шаршылар қанша екенін қалай білеміз? Шеңберлер қанша?


Ары қарай оқушылар ереже шығарады (тұжырымдайды) жəне оны оқулықтағы тұжырымдамамен салыстырады.
Санды 2 (3, 4 …) есе арттыру үшін, оны 2-ге (3, 4 ...) көбейту керек, ал 2 (3, 4 …) есе кеміту үшін, 2-ге (3, 4 …) бөлу керек.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Дəптердегі 2-тапсырманы түсініктеме бере отырып шығару. Оқушылар дəптерде сызбаны толтырады.

Топтық жұмыс. «Кім жылдам?» ойыны





30-40

Оқулықтағы 3-тапсырма жəне дəптердегі 4-тапсырма əртүрлі күрделілік деңгейінде орындалады. Тапсырма бойынша оқушылар карточкаларды біріктіреді

Оқулық дəптер

41-45

«Бинго» ойыны
«Бинго» ойыны арқылы алған білімдерін пысықтайды.

Рефлексия.
«Жетістік баспалдағы»


Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болды. Маған сендердің сабаққа қызығушылықтарың, алғырлықтарың ұнады. Бүгінгі сабақтың қызықты, сәтті өтуіне үлкен үлес қостыңдар. Сондықтан сендерге алғыс кәмпиттерін ұсынамын. Себебі, ертең алғыс айту күні. Әрдайым бір-бірімізге айтар алғысымыз көп болсын. Сау болыңдар.









Жетістіктер жолағы





Тексерілді: Оқу ісі
жөніндегі орынбасары: 28 .02.2018 ж



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
1451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі