жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ 2-сынып Жаратылыстану "Ғаламшарлар қалай орналасқан?"
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:
А.З.Қуанғалиева
Жаратылыстану
Мұғалімнің аты-жөні: Шниязова Д.Е. |
Күні: 22.01.2019 ж.
|
|||
Сабақтың тақырыбы:
|
Ғаламшарлар қалай орналасқан? |
|||
СЫНЫП: 2 В
|
Қатысқаноқушылар саны: 25
|
Қатыспағаноқушылар саны: 0 |
||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.4.2.1 - Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау; 2.1.1.1 - қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайлардыжәнезерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау; |
|||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап,топтық, жұптық жұмыс, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Математика |
|||
Сабақтың жоспары |
||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||
Басталуы
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық: Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Күндей болып әрқашан, Күлімсіреп жүрейік! |
|
||
Алдыңғы білім
Ой қозғау |
«Жер және ғарыш», «Күн мен Жер», «Ай – Жердің табиғи серігі» тақырыптарына байланысты топтық жұмыс Топтастыру әдісі 1-топ: Күн деген не? 2-топ: Күннің пайдасы 3-топ: Күннің зияны 4-топ: Ай. - Күн, Ай – аспан денелері. - Тағы қандай аспан денелерін жәй көзбен көре аламыз?
- - Жұлдыздарды қай уақытта көре аламыз? - Жұлдыздың пішінін қалай бейнелейміз?
- Бұндай жұлдыздарды қайдан көре аламыз? - Жұлдыз – мәртебенің, құрметтің нышаны. Жұлдыздай биікте көрінудің белгісі. |
Топтастыру жұмысын орындайды
Ауада бесбұрышты жұлдызды салып көрсетеді
|
||
Топқа бөлу |
Түрлі-түсті жұлдыздарды таңдау арқылы топқа бөлу. 1-топ: сары 2-топ: көк 3-топ: жасыл 4-топ: қызыл Жұлдыз – өзінен жарық шығаратын, газдан тұратын аспан денесі.(1 оқушының таңдаған жұлдызшасында жазулы болады) |
Оқушылар төрт түсті жұлдызшаларды таңдау арқылы топқа бөлінеді. |
||
Жаңа білім
|
Ой қозғау. Топтарға тапсырма. Өрнектердің мәнін табу. 1-топ: (22+16) - 30 = 8 ҒА- 2-топ: ( 100 – 50) +30 = 80 ЛАМ- 3-топ: 200 + 600 + 8 = 808 ШАР- 4-топ:500 + 200 + 188 = 888 ЛАР ҒАЛАМШАРЛАР - Ғаламшар деген не? - Ғаламшарлар – өздігінен жарық шығара алмайтын, массасы ауыр ғарыш денесі. Оның пішіні шар тәрізді. Түсінік беру. Жер – ғаламшар. Ол Күнді айнала қозғалады. Күн жүйесі – Күнді айнала қозғалатын ғарыш денелері. Күн жүйесінің орталық жұлдызы – Күн.Күнді пішіні шеңберге жақын орбиталар бойынша, сағат тіліне қарсы бағытта сегіз ғаламшар айналып жүреді. Сонымен бірге Күн жүйесінде он мыңдаған астероидтар, метеоридтер, миллиондаған кометалар бар.Бұлардың барлығы ғарыш денелері. Күн жүйесі жайлы видеоролик тамашалау. |
Өрнектердің мәнін тауып, өсу ретімен орналасты рады. Өз ойларын ортаға салады. |
||
|
«Жедел жауап» Ғарышкерлер қалдырған тапсырма: 1. Ю.Гагарин: Ғарыш денелерін ата. 2. Т.Мусабаев: Күн қандай ғарыш денесіне жатады? 3. Т. Әубәкіров: Ғаламшар деген не? 4. А.Айымбетов: Күн жүйесінде неше ғаламшар бар екен? Әр топтан 1 оқушы ғарышкерлер туралы мәлімет айтып өтеді. Дұрыс жауап үшін қызықты мәлімет: 1930 жылы ғаламшарлар қатарына енгізілген Плутон 2006 жылы көлемінің шағындығына байланысты ғаламшарлар қатарынан шығарылған. (Плутонның суреті көрсетіледі) |
Оқушылар көрген видеороликты талдап,топта ақылдасып жауап береді |
||
|
Есте сақта! Ғаламшарлардың күннен алыстау реті бойынша атаулары: 1. Меркурий 2. Шолпан (Венера) 3. Жер 4. Марс 5. Юпитер 6. Сатурн 7. Уран 8. Нептун |
|
||
Топтық жұмыс Ой -талқы |
Зертте 1-топ: Жер Меркурийдің орнында болса не болар еді? 2-топ: Жер Нептунның орнында болса не болар еді? 3-топ: Жердің басқа ғаламшарлардан ерекшелігі. 4-топ: Жер өз осінен айналмаса не болар еді? Дұрыс жауап үшін қызықты мәлімет: Күннің жасы шамамен 5 млрд. жыл |
|
||
Сергіту сәті
|
|
видеожазба |
||
Дәптермен жұмыс |
Күн жүйесінің ғаламшарларының атауын жазу. |
|
||
Тақтамен жұмыс
|
«Қатесін тап» Ғаламшарлардың орнын дұрыстау. |
|
||
Прақтикалық жұмыс 1-топ: Жұптық жұмыс. Ғаламшарларды бояу 2-топ: Орбитасына орналастыру 3-топ: 4 кішкентай ғаламшардың моделін жасау (ермексазбен жұмыс) 4-топ: 4 алып ғаламшардың моделін жасау (ермексазбен жұмыс) |
|
|||
Қорытындылау |
Сөзжұмбақ шешу
|
|
||
Кері байланыс |
- Бүгінгі сабақ бойынша ойларын сұрау. |
Әр жұмысқа бағдаршам көздерімен кері байланыс алу. |
||
Бағалау |
С Сабақ соңында «Жер»- ді санау арқылы бағалау. Тікұшақ – 1-3 Ұшақ – 4-7 Зымыран –7-ден жоғары |
|
||
Үйге тапсырма:58-59 бет. |
||||
абақ
барысында оқушының жасаған жұмысы,
берген жауабына қарай Жер ғаламшарының
суреттерін үлестіру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген